«Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық негіздері және экономика» мамандықтары студенттерінің көшпелі сабағы

«Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық негіздері және экономика» мамандықтары студенттерінің көшпелі сабағыКөпсалалы медициналық орталық «Гиппократ» ЖШС базасындағы «LIFE IN» оңалту-санаторий орталығында «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының меңгерушісі Абдакимова М.К., аға оқытушы Алпысбаев М.Б. «Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық негіздері және экономика» мамандықтары студенттерімен көшпелі сабақ жүргізді. Орталықтың әлеуметтік, медициналық қызметкерлері студенттерді осы мекеменің оңалту бағдарламаларымен таныстырды. Ұжымның қолдауымен студенттермен психологиялық тренинг өткізілді. «LIFE IN» оңалту орталығы әртүрлі санаттағы ем қабылдаушылар үшін сауықтыру бағдарламасы бойынша әртүлі жастағы адамдармен оңалту жұмыстарын жүргізеді (оның ішінде ДЦП-мен ауыратындар бар).

ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ "БИЗНЕС ЖӘНЕ КӨЛІК" КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

ЖЕЗҚАЗҒАН ҚАЛАСЫНДАҒЫ "БИЗНЕС ЖӘНЕ КӨЛІК" КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ«Жалпықұқықтық және арнайы пәндер» кафедрасының доценті, з.ғ.к., Байкенжина Күлбағила Алиакпаровна мен Ю-22к тобының студені Қалиева Ақерке Жезқазған қаласындағы «Бизнес және көлік» колледжінің жоғарғы курс студенттері мен ата-аналарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында, ЖОО түсу шарттары мен ережелері кең ауқымда талқыланып, Қарағанды Экономикалық Университетінің бейнежазбасы көрсетілді. Сұрақ- жауап негізінде, бүгінгі жас ұрпақты дамытудың келесідей басымдықтары: Заманауи Қазақстанның даму жолындағы жастардың білім алуы мен еңбекке орыналасуы жайлы сұрақтар қарастырылды. Ал студенттің тарапынан, университет қабырғасында білім ала отырып, оның берер мүмкіндіктері бойынша мәліметтер айтылып өтті. Колледждің жас түлектері университет бойынша, ауқымды мәлімет алу үшін Университеттке келуге ұсыныс білдірді.
Кездесу аяқталған соң, «Құқықтану» мамандығы бойынша білім алып жатқан 2-3 курс студенттерінің арасында, «Тіл дағдыры-ел тағдыры» тақырыбында зияткерлік сайыс өткізілді

«Университеттегі білім беру менеджменті 4.0» кәсіби біліктілігін арттыруға арналған бағдарлама

«Университеттегі білім беру менеджменті 4.0» кәсіби біліктілігін арттыруға арналған бағдарлама2018 жылғы 20 қарашадан бастап 28 қарашаға дейін Қарағанды экономикалық университеті (Қазақстан) мен “Экономика жоғары мектебі” Ұлттық ғылыми университеті (Ресей) арасындағы Ынтымақтастық туралы Келісім аясында Қарағанды экономикалық университетінің 17 қызметкері «Университеттегі білім беру менеджменті 4.0» қосымша кәсіби біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша 72 академиялық сағат құрайтын дәріс тыңдады. Дәрісті сәтті аяқтағаннан кейін қатысушыларға белгіленген үлгідегі сертификаттар берілді.

Жеміс лимонатын дайындауға арналған мастер-класс.

Жеміс лимонатын дайындауға арналған мастер-класс.«Мейрамхана және қонақ үй бизнесі» мамандығының 1 курс студенттерін бейімдеу үшін жеміс лимонадтарын дайындау бойынша мастер-класс өткізілді.
РД-23с тобының студенті Мозговой Александр сабақтан бос уақытында «Villa Borgeze» мейрамханасында бармен болып жұмыс істейді. Кураторы Алексеенко Т.Н. болып табылатын РД-12, РД-15с топтарының студенттеріне Александр табиғи жеміс лимонадтарын дайындау бойынша лимонадты дайындау және қызмет көрсету туралы айтып мастер-класс өткізді. Бірінші курс студенттері тәлімгердің басшылығымен өздерінің дағдыларын нығайтты.

Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы тарихымызды танудың жаңа келбеті

Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы тарихымызды танудың жаңа келбеті«Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының оқытушылары мен «Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық негіздері және экономика» мамандығы студенттері Ұлт көшбасшысы Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласын талқылады.
Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспетті болып отыр. Мақалада ол еліміздің рухани дамуы үшін бүгінгі күнгі ғылыми, тарихи және моральдық қажеттіліктерді көрсетіп берді.
Мақаланы талқылау барысында қатысушылар Елбасы ұсынған Қазақстан халқының мәдени мұрасын насихаттау мен тарихты зерттеу бойынша алты жаңа жобаны жүзеге асыру әлемдік өркениеттің дамуындағы мәдениеттің, өнердің және ғылымның ілгерлеуіне қосқан қайталанбас үлесі екенін баса атап өтті.

"Коммуникативтік мәдениет: жұмыс беруші - түлек" атты тренинг-семинар»

"Коммуникативтік мәдениет: жұмыс беруші - түлек" атты тренинг-семинар»"Экология және бағалау" кафедрасы студенттерге арналған "Коммуникативтік мәдениет: жұмыс беруші – түлек"атты тренинг - семинар өткізді. Тренинг-семинарға Қарағанды облысының Экология және табиғи ресурстар департаментінің бас мамандары Н. Сәдібек және А. Жамшыбай шақырылды. Кездесу студенттерге үлкен қызығушылық тудырып, болашақ мамандығына, алған білімдерін қолдану саласына, жұмысқа орналасу және мансапты құру мүмкіндіктеріне қатысты көптеген қызықты сұрақтарға жауап берді. Қонақтар біздің түлектерімізге қызығушылық танытып, оларды болашақта жұмысқа орналастыру арқылы тәжірибеден өту үшін өз кәсіпорындарына шақырды.

"БАҒАЛАУ КӨШБАСШЫСЫ - 2018"

"БАҒАЛАУ КӨШБАСШЫСЫ - 2018"

"Экология және бағалау" кафедрасы Қарағанды қаласының жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында "Бағалау көшбасшысы - 2018" атты зияткерлік ойынын өткізді.
Ойынды қазылар алқасы бағалады: Жүсіп Айнұр Өмірзаққызы - "BWCOMPANY" ЖШС бағалау компаниясының бас директоры (Астана қ.), Галинский Иван Анатольевич -"Эксперт" ҚӨО ЖШС бас маманы, Сихимбаев Мұратбай Рыздықбайұлы - э.ғ.д., профессор.
Зияткерлік ойын 4 кезеңнен тұрды:
I тур "ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ". Әр команда өзін слайд түрінде таныстырды. Олар өз командасы мен "Бағалау"мамандығының өзектілігі туралы әңгімеледі.
II тур " НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?". Командалар болашақ мамандыққа қатысты сұрақтарға жауап берді.
III тур "КАПИТАНДАР САЙЫСЫ". Команда капитандары "Бағалау" мамандығы бойынша сайысқа түсті.
IV тур "КРОССВОРД". Ойынның ең қызықты бөлігі 20 сұрақтан тұрады, негізінен "Бағалау" мамандығы бойынша.
Ойын қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді::
1 орын – Қарағанды экономикалық университеті;
2 орын –Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті;
3 орын –ҚЭУ экономика, бизнес және құқық колледжі.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!

Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінен шақырылған э.ғ.д., профессор С. Гришкинаның қонақ дәріс

Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Қаржы университетінен шақырылған э.ғ.д., профессор С. Гришкинаның қонақ дәріс2018 жылдың 26 қарашасы мен 21 желтоқсан аралығында Ресей Федерациясының Үкіметі жанындағы Қаржы университеті профессоры, экономика ғылымдарының докторы Гришкина Светлана Николаевна Қарағанды экономикалық университетінде «Бизнестің ашықтығындағы қаржылық және қаржылық емес есептілік» тақырыбында дәріс оқиды.

Интеллектуалды студенттік конкурс «Әлеуметтік жұмыс – адамгершілік бастауы»

Интеллектуалды студенттік конкурс «Әлеуметтік жұмыс – адамгершілік бастауы»«Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасы «Әлеуметтік «жұмыс» және «Құқық негіздері және экономика» мамандықтары студенттері арасында «Әлеуметтік жұмыс – адамгершілік бастауы» интеллектуалды студенттік конкурсын өткізді. Конкурс Әлеуметтік қызметкерлер күніне арналды.
Интеллектуалды конкурс төрт кезеңнен тұрды. Онда студенттердің кәсіби деңгейін көтеру, олардың бастамашылық пен жаңашылдық шығармашылықтарын дамыту қамтылды.
Жеңімпаздар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен және «Үздік креативті шешім», «Үздік қабырға газет», «Үздік бейнеролик» номинациялар бойынша мадақталды.

«НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС ОЙЫНЫ

«НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» ОҚУШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ПӘНАРАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫС ОЙЫНЫ27.11.2018 жылы ЭҚҚР кафедрасының оқытушылары Амантай А., Есенов Д., Хауия С. ұйымдастыруымен кәсіби бағдар жұмысын жүзеге асыру мақсатында Қарағанды қаласының №65 және №102 жалпы орта мектеп оқушыларының арасында «Алғырлар» және «Алты жұлдыз» топтарының қатысуымен «НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» пәнаралық интеллектуалдық сайыс ойынын өткізді.
Ойын 3 турдан тұрды. Сұрақтар биология, география, қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы пәндерінен және логикалық сауалдар болды. Оқушылар арасындағы сайыс тартысты, әрі қызықты өтті. Ойын соңында сайыс қорытындысы бойынша №65 мектеп «Алғырлар» тобы 1-орын, № 102 мектеп «Алты жұлдыз» тобы 2-орынға ие болды. Топтар арнайы диплом және сыйлықпен марапатталды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!«Жайна» хореографиялық ансамблі 2018 ж. 19-21 қарашада Санкт- Петербург қаласында(Ресей Федерациясы) «Таланттар салюті» жобасының шеңберінде өткізілген « Шығармашылық жаңалықтар» Балалар және жасөспірімдер шығармашылығының XXXV халықаралық фестиваль-конкурсына қатысып, ГРАН-ПРИ жүлдегері болды, сонымен бірге ең үздік костюм үшін бірінші дәрежелі лауреат дипломымен марапатталды.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL