«ҚЭУ-дегі Ашық есік күні»
2019 жылдың 23 ақпанында бизнес және құқық факультеті «Ашық есік күнін» өткізді. Бұл шараға Қарағанды қаласы мектептері мен колледждерінен, сонымен қатар Көкпекті орта мектебінен 120 оқушы қатысты.
Болашақ мамандықтары мен ЖОО-дарын таңдау алдында тұрған түлектер оқу аудиторияларын, кітапхана мен факультеттің арнайы жабдықталған кабинеттерін үлкен қызығушылықпен қарап шықты. Кафедра меңгерушілері мен оқытушылары оқу бағдарламалары жайында ақпарат бере отырып, білім беруде қолданылатын жаңашыл құрылғыларды көрсетті.
Волонтерлер – бизнес және құқық факультеті студенттері, ҚЭУ-дегі қызықты студенттік өмірлері жайында мектеп түлектерімен бөлісе отырып, түрлі конкурстар дайындады, би жарыстарын ұйымдастырды, мектеп оқушылары мен колледж студенттері белсене қатысты.
«Ашық есік күні» аяқталды, алдымызда – біздің болашақ студенттермен жаңа кездесулер күтіп тұр!
https://yadi.sk/d/U3-Grg9DHsZAuw