Қаржы, логистика және сандық технологиялар факультеті
Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультеті
Бизнес, құқық және технология факультетінің
Халықаралық бағдарламалар және жобалар және академиялық мобилділік орталығы
Хабарландырулар
01 Қырқ 2024; 12:00AM «Достык» Коворкинг орталығы» оқиғалар күнтізбесі |
30 Қар 2024; 08:00AM - Международная научно-практическая онлайн-конференция «Психология, педагогика социальная работа: теория и практика взаимодействия» |
Университетке қабылданатын талапкерлер білім берудің алдындағы деңгейінің бағдарламасын ойдағыдай меңгерген болуы тиіс. Әлеуетті студенттерді іріктеу кезінде қабылдау комиссиясы студенттің алдындағы оқуының нәтижелерін және академиялық жазбаларды, кәсіби тәжірибені, университет ұсынатын, білім беруге қатынасы бойынша міндеттемені және кемелдікті қарайды.
Талапкерлер жоғары білім беру бағдарламалары бойынша орта мектеп аттестатына немесе олар өтінім берген бағдарламалар типіне қатысты кәсіби және техникалық білім туралы дипломға, сондай-ақ Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) немесе талапкерлердің кешенді тестілеуін (ТКТ) белгіленген шекті деңгейден төмен емес балмен тапсырғаны туралы сертификатқа ие болуы тиіс. Талапкерлерге қысқа мерзімді курстарға арнайы даярлық немесе білімнің қажеті жоқ.
Талапкерлер кәсіби оқыту бағдарламалары бойынша келесідей материалдарды тапсыруы тиіс:
Университетке оқуға түсу үдерісі Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіне қабылдау ережелерімен реттемеленеді және сіз онымен (ссылка) сілтеме бойынша таныса аласыз.
Оның қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып талапкердің жұмыстылығының оңтайлы түрін кәсіби өзін-өзі анықтауы мен таңдауына жәрдемдесу шеңберлерінде, ЖОО кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізеді.
Университеттің білім беру бағдарламалары: (ссылка) сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясат негізінде, ҚЭУ миссиясы мен дамытудың стратегиясына сәйкес жүзеге асырылады.
Білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мамандықтар мен пәндердің оқу-әдістемелік кешендері негізінде жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламалары бүкіл мамандықтар бойынша модульдік қағидатқа негізделген және:
Оқитындардың бүкіл санаттары үшін білім беру бағдарламаларының мазмұны қашықтықтан оқыту технологияларын пайдалана отырып кредиттік технологиялар бойынша студентке – оқытуға, интербелсенді әдістерге және біліктілік (құзыреттілік) тәсілдемелерді жүзеге асыруға бағдарланған. Оқыту нәтижелері кредиттермен және құзыреттермен (біліктіліктермен) өзара үйлестірілген, ECTS және ұлттық, еуропалық біліктілік шеңберлерін ескере отырып, Дублин дескрипторларына негізделеді.
Университеттің іске асырылатын білім беру бағдарламаларының құрылымымен: (ссылка) сайтынан неғұрлым толығырақ танысуға болады.
Университет өзінің білім беру бағдарламаларын Модульдік білім беру бағдарламаларын қалыптастыру туралы Ережеге сәйкес дамытады.
Студент білім беру бағдарламаларын жүзеге асырудың негізгі қатысушысы болып саналады, сондықтан оқу үдерісінің сапасын қамтамасыз ету кезінде бірінші кезекте оның мүдделері ескеріледі. Сонымен қатар, студент оқыту нәтижелері үшін жауапкершілікті өзіне алады. Студентке жеке оқыту траекториясын қалыптастыру құқығы беріледі. Университет, қолайлы академиялық орта мен студенттерді қолдау қызметін қалыптастыру арқылы, студенттерді сезіне отырып оқуға және белсенді қатысуға ынталандыру және уәждеу мақсаттарында, студентке-дәлденген оқыту мен сабақ беруді қамтамасыз етеді. Студенттер: ар-намыс кодексін сақтауға міндетті. Университет оқытушылары сондай-ақ: оқытушылардың қызметтік әдеп Кодексін сақтайды.
Академиялық комитеттер, ұсыныс негізінде, университет ректоры бұйрықпен бекітетін, академиялық ортаның әртүрлі өкілдерінен тұрады. Комитеттер білім беру бағдарламаларын қалыптастыру мен олардың сапасын қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді қарайды. Академиялық комитеттердің қызметі ҚҚЭУ-дің академиялық комитеттері туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
Жоғары білім бағдарламалары бойынша оқитын студенттер, сабақтар басталғанға дейін бірнеше күндер бұрын, қатаң белгіленген уақытта пәндерге тіркелуден өтуі тиіс. Қабылданған студенттерге оқу үдерісінің басталу уақыты туралы ертерек хабарландырылады. Егер оған студенттердің аса аз саны тіркелсе немесе өзге алдын ала болжап білуге болмайтын мән-жағдайлармен байланысты, университет кез келген курсқа жазылуды шектеуге және курсты ауыстыруға құқы бар.
Пәндерге тіркеу тәртібі мен жеке білім беру траекторияларын қалыптастыру үдерісі пәндерге тіркеу Ережелерімен реттемеленеді.
Университеттегі оқыту мен бағалау академиялық адалдыққа негізделеді. Университет академиялық адалдық қағидаттарын сақтамағаны үшін оқитындарды оқудан шығаруға дейін және оқытушыларды жұмыстан шығаруға дейін бара отырып, академиялық адал еместікпен күресу саясатын жүргізеді.
Студенттердің білімін бақылау мен бағалау кешені ағымдағы, шептік, қорытынды бақылау өткізу және қорытынды мемлекеттік аттестаттауды болжайды.
Бақылаулардың барлық формалары бойынша бағалау әрбір пән бойынша білімді бағалаудың көпбалдық әріп жүйесінің шкаласымен пайыздық мазмұнда қойылады. А-дан А-ға дейін, В-дан В+-ке дейін, D-дан С+-ке дейін ауытқу амплитудасында бағаны таңдау, білім мен біліктіліктің студенттердің білімін бақылауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Әдістемелік нұсқаулықта анықталған өлшемдерге сәйкестік дәрежесімен анықталады.
Әріптік жүйе бойынша бағалау | Балдардың цифрлық эквиваленті | Пайыздық мазмұны | Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау |
---|---|---|---|
A | 4,0 | 95-100 | Өте жақсы |
A- | 3,67 | 90-94 | |
B+ | 3,33 | 85-89 | Жақсы |
B | 3,0 | 80-84 | |
B- | 2,67 | 75-79 | |
C+ | 2,33 | 70-74 | Қанағаттандырарлық |
C | 2,0 | 65-69 | |
C- | 1,67 | 60-64 | |
D+ | 1,33 | 55-59 | |
D | 1,0 | 50-54 | |
F | 0 | 0-49 | Қанағаттандырарлықсыз |
Бүкіл студенттердің академиялық үлгерімі мұқият бақыланады. Қысқы және жазғы емтихан сессияларының нәтижелері бойынша үлгерген студенттер келесі курсқа көшіріледі. Оған белгіленген GPA мөлшерін алған және академиялық берешегі жоқ студенттер жатады. Әрбір студент университеттің білім порталында, деканатта, офис-тіркегіш стендінде өзінің үлгерімімен таныса алады.
Академиялық берешегі бар немесе көшіру балын ала алмаған студенттер үшін жазғы ақылы семестр ұйымдастырылады. Жазғы семестрдегі оқыту тәртіптері «Жазғы семестрде оқу үдерісін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулықпен» реттемеленеді.
Академиялық ортаның бүкіл субъектілері академиялық ұтқырлыққа қатысу құқын иеленеді. Жеке академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету мен жүзеге асырудың мақсаттары, міндеттері мен жалпы ережелері Болон декларациясының жалпы қағидаттарына сәйкес келеді. Оқитындар мен қызметкерлердің академиялық ұтқырлығы ҚҚЭУ-дің академиялық ұтқырлығы туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады. Академиялық ұтқырлық нәтижелері бойынша, ECTS кредиттеріне қайта сынақ тапсыру туралы Ережеге сәйкес, студенттердің, өз университетінің шегінде игерген ECTS кредиттеріне қайта сынақ тапсыруға құқы бар.
Экстерном оқытуға сирек жағдайларды қоспағанда рұқсат етілмейді және бұл үшін Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің жазбаша рұқсаты қажет.
Студент өзінің оқуын жалғастырғысы келген жағдайда өзінің тілегі бойынша, медициналық көрсетулер бойынша немесе басқа ЖОО-ға ауысуымен байланысты оқудан шығуға құқы бар.
Университеттен жақсы беделмен кеткісі келетін студенттер өзінің кетуіне дейін деканатқа оқудан шығуға өтініш беруі тиіс. Бір академиялық кезеңді аяқтағаннан кейін студенттің меңгерген пәндері туралы академиялық анықтама алуға құқы бар. Егер бір семестр аяқталмаса, студентке ешқандай құжат берілмейді.
Студенттер қатарына қалпына келтіру үшін, сабақ басталғанға дейін 2 аптадан кешіктірмей тиісті өтінішпен деканатқа жүгіну қажет. Оқуын қалпына келтіру мәселелері неғұрлым егжей-тегжейлі Білім беру ұйымдарының типтері бойынша оқитындарды ауыстыру және оқуларын қалпына келтіру Ережелерімен (ссылка) реттемеленеді.
Егер студент жазғы семестрге қалдырылса, оның ата-аналары бұл туралы хабардар болуы тиіс.
Университеттегі оқу сабақтары академиялық күнтізбе мен сабақ кестесіне сәйкес, басым түрде бескүндік оқу аптасында жүргізіледі. Сабақ 9.00-де басталады. Бір сабақ 50 минутке созылады. Үзіліс 10 минут, 3 пардан кейін үлкен үзіліс – 20 минут. Интенсивті күн тәртібі тиімді оқытуды дамытуға және мінез-құлық стилі мен ойлаудың табиғи реттемелік үлгісіне оң ықпал етеді және кәсіби өмірдегі үлкен артықшылық болып пайдаланылады.
Әрбір студенттің академиялық тәлімгері, студенттің академиялық және жеке өмірінде көмек көрсете алатын эдвайзері бар. Эдвайзер (Advisor) – тиісті мамандықтар бойынша оқитындардың академиялық тәлімгері функцияларын орындайтын, оқыту траекторияларын (жеке оқу жоспарын қалыптастыруда) және оқу кезеңінде білім беру бағдарламаларын меңгеруге жәрдемдесетін оқытушы. Эдвайзердің жұмыс тәртібі эдвайзер туралы Ережемен реттемеленеді. Куратор академиялық топтар үшін тағайындалады, оқудан тыс қызметті ұйымдастырады және студенттермен тәрбие жұмысын жүргізеді.
Кәсібилік және тұлғалық құзыреттерді дамыту, университеттің білім беру бағдарламаларына тіркелген студенттердің бірінші кезектегі міндеттері болып саналады. Сондықтан студенттердің күн тәртібіне, олардың білімділігін көтеруіне және дамуына оң ықпал ететін, аудиториялық сабақтар мен өздігінен атқаратын жұмыстар кіреді. Студенттер мен оқытушылар әлеуметтік және мәдени оқиғаларды, конференцияларды, ғылыми-зерттеу жобаларын ұйымдастырады.
Оқу ақысын төлеу банкте немесе университет бухгалтериясында жүргізіледі.
Күндізгі оқу түріне түсетіндер құжаттарды тапсыру кезінде жылдық соманың 50%-ын төлейді, қалған соманы оқу жылының 01 қаңтарына дейін салады. Кешкі, сыртқы оқу түріне түсетіндер құжаттарды тапсыру кезінде жылдық соманы 100% төлейді. Кешкі, сырттай оқу түрінде оқитындар, екінші курстан бастап, оқу ақысын 01 қазанға дейін 100% мөлшерде жүргізеді.
Айрықша жағдайларда, төлеу тәртібімен байланысты, жеке жеңілдіктер көзделуі мүмкін.
Ректор гранты студенттерді әлеуметтік қолдау шараларының бірі болып саналады. Университетте оқитын студенттер шарт негізінде күндізгі оқу түрі бойынша университеттің қаржылық қолдауына (ректор грантына) үміткер бола алады. Үміткерлер санаттары, өтініштерді қарау тәртібі студенттерді қаржылық қолдау туралы ережемен реттемеленеді.
Студент оқуды аяқтау үшін арнайы құрылған комиссиямен университетте өткізілетін, қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өтуі қажет. Білім беру бағдарламасында көзделген теориялық және практикалық оқытуды толық аяқтаған және тиісті GPA балын алған студенттер қорытынды аттестаттауға жіберіледі. Қорытынды аттестаттау өткізу формасы мамандық бойынша кешенді емтихан (тест, ауызша, жазбаша немесе құрамдастырылған) тапсыруды және оқуды бітіру біліктілік (дипломдық) жұмысын (жобаны) қорғауды болжайды.
Ағымдағы оқу жылы қорытынды мемлекеттік аттестаттау бойынша қанағаттанарлықсыз бағаны қайта тапсыруға рұқсат етілмейді. Бүкіл мамандықтар үшін қорытынды аттестаттау тәртіптері реттемеленеді.
Университет түлектердің жұмысқа орналасуына жәрдемдеседі. Университет кәсіби даярлық бағдарламаларын аяқтаған түлектерді бөлу мен олардың жұмысқа орналасуына мониторинг жүргізеді. Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен оқыған түлектер жұмысқа міндетті бөлініс алады. Қалған түлектер жұмысқа еркін бөлініс алады. Бұл бағытта университеттің стратегиялық даму Департаментінің еңбекке орналастыру жөніндегі менеджері консультациялық қызметтер көрсетеді.
Байланыстар