Хабарландыру
Ғылыми зерттеулерді және мониторингті дамыту орталығы 7М06102 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша магистратура бағдарламасына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің бос білім беру грантын тағайындауға конкурс жариялайды, ЖОО-ға түсу жылы 2025, оқу тілі – орыс тілінде.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бос білім беру грантына түсуге үміткер магистранттар Орталыққа 2025 жылдың 22 шілдесіне дейін келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
1) конкурсқа қатысуға өтінім (2025 жылдың 18 шілдесіне дейін);
2) жеке куәліктің көшірмесі,
3) транскрипт,
4) куратордың ұсыныс хаты,
5) орталық директорының ұсыныс хаты.
Ғылыми зерттеулер мен мониторингті дамыту орталығы.





