Медициналық орталықтар

Медициналық пунктінің негізгі міндеттері мен функциялары:
- студенттерге, профессор-оқытушы құрамына, қызметкерлерге алғашқы медициналық көмек көрсету;
- студенттердің уақытша еңбекке жарамсыздығының тұрақты сараптамасын өткізеді, денсаулығының жағдайы туралы анықтама беріп, сабақтардан босатуын ұйымдастырады;
- учаскелік дәрігердің жолдамасы бойынша аурудың қайталауына қарсы емді қамтамасыз етіп, физио ем-шаралар мен егулерді жүзеге асырады;
- ЖИТС, нашақорлық, жыныстық қатынастан жұғатын соз аурулар бойынша дәрістерді оқу арқылы (жетекші мамандар мен СӨС қызметкерлерін шақырып), санитарлық-ағарту жұмыстарды жүргізу, әр тақырыптарға санбюллетеньдерді шығару;
- студенттердің және ПОҚ флюорографиялық тексеруін қамтамасыз ету.

Терапевт-дәрігер қызметінің негізгі бағыттары
- студенттерге, оқытушыларға және қызметкерлерге дер кезінде сапалы медициналық көмек көрсету бойынша медпункті ұжымының жұмысын ұйымдастырады;
- студенттердің уақытша еңбекке жарамсыздығының сараптамасын жүргізіп, денсаулығының жағдайы туралы анықтама беріп, оқу жылының аяғына дейін сабақтардан босатады;
- университеттің студенттері мен қызметкерлерінің 100% флюорографиялық тексеруін қамтамасыз етеді (өкпе туберкулезін айқындап табу бойынша);
- учаскелік дәрігердің белгілеуі бойынша аурудың қайталауына қарсы ем жасап, физиотерапевтикалық ем-шараларды жүзеге асырады, белгіленген диагноз бойынша ем таңдап, ем-шаралар әдістемесін жазып, ауруға физио ем-шаралардың емдеу тетігін түсіндіріп, қауіпсіздік техникасымен таныстырады.

Медпунктінің медбикесі қызметінің негізгі бағыттары
- инфекциялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді (санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы режимінің ережелерін сақтап, медициналық белгіленуі бар бұйымдарды дұрыс сақтап, залалсыздандырады).
- ауруларды күту барысында медбикелік үдерістің барлық кезеңдерін жүзеге асырады (аурудың хал-жағдайының алғашқы бағалауы, алынған деректерге талдау беру, күтімді жоспарлау).
- дәрігер белгілеген сақтық және ем-диагностикалық ем-шараларды дер кезінде және сапалы орындайды.
- қатты ауырып қалған жағдайларда, сәтсіз оқиға және апат болған жағдайда дәрігер келгенше шұғыл жәрдем көрсетіп, дәрігерді шақырады немесе ауруды жақын орналасқан емханаға жеткізеді.
- талып қалуға қарсы (анафилактикалық талып қалу жағдайында) тіршілік көрсеткіштері бойынша (дәрігердің ауруға дер кезінде келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда) осындай жағдай барысында белгіленген әрекеттер тәртібіне сәйкес ем жасайды.
- дәрілердің дұрыс сақтауын, есебін және есептеп шығаруын, аурулардың дәрілерді қабылдау ережелерін сақтауын қамтамасыз етеді.
- бекітілген медициналық есепке алу – есеп беру құжаттамаларын жүргізеді;
- денсаулықты нығайту, аурулардың алдын алу, саламатты өмір салтын ұстану бойынша санитарлық – ағарту жұмыс жүргізеді.

 

Медициналық орталықтар

Медициналық орталықтар

Медициналық орталықтар

Медициналық орталықтар

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL