Хабарландыру
Бизнес, құқық және технология факультеті жоғары білімнің B076 «Стандарттау, сертификаттау және метрология» білім беру бағдарламалары тобы бойынша ҚР Ғылым, жоғары білім және инновациялар министрлігінің (ҒЖБМ) бос білім беру грантын тағайындауға арналған байқау жариялайды.
Оқуға түскен жыл: 2023
Оқыту тілі: қазақ, орыс
ҚР ҒЖБМ бос білім беру грантына үміткер студенттер 2025 жылғы 25 шілдеге дейін деканатқа келесі құжаттарды тапсыруы қажет:
- Байқауға қатысуға өтініш (2025 жылғы 25 шілдеге дейін)
- Жеке куәліктің көшірмесі
- Академиялық анықтама (транскрипт)
- Топ кураторынан мінездеме
- Деканның ұсыным хаты
Құжаттар бизнес, құқық және технология факультетінің деканатына тапсырылады.
Бизнес, құқық және технология факультетінің деканаты





