Университет заманауи экотехнологияларды талқылады

Университет заманауи экотехнологияларды талқыладыОқу орнының қабырғасында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің 60 жылдығы аясында және Erasmus+ Jean Monnet №101127488 «Тұрақты дамудың заманауи экотехнологиялары: Еуропалық Одақ пен Қазақстан тәжірибесі» халықаралық жобасын іске асыру шеңберінде «Экотехнологиялық трансформация: ақылды қалалардан өнеркәсіптік декарбонизацияға дейін ЕО мен ҚР тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты қалалық инфрақұрылым мен өнеркәсіптік жүйелерді трансформациялаудың инновациялық тәсілдерін талқылау, Еуропалық Одақ пен Қазақстанның үздік тәжірибелерін саралау, «ақылды» технологияларды енгізу арқылы өңір экономикасындағы көміртегі жүктемесін төмендету жолдарын айқындау болды.

Дөңгелек үстел барысында экотехнологиялық трансформация, Smart City (ақылды қала) тұжырымдамасы, энергоменеджмент, көміртекті реттеу, парниктік газдар шығарындыларын мониторингтеу, төмен көміртекті даму стратегиялары, сондай-ақ өнеркәсіп саласын декарбонизациялау тетіктері кеңінен талқыланды.

 

Университет заманауи экотехнологияларды талқылады Университет заманауи экотехнологияларды талқылады Университет заманауи экотехнологияларды талқылады

 

 Іс-шараға қатысушылар:

  • Ланьшина Татьяна Agora Energiewende компаниясының энергожүйелерді трансформациялау тобының жоба жетекшісі (ЕО);
  • Ермолёнок Дана Германия халықаралық ынтымақтастық қоғамының (GIZ) аға кеңесшісі, Қарағанды;
  • Степанова Мария, э.ғ.к. NEAH (New Energy Advancement Hub) энергоменеджмент бағдарламаларының жетекшісі, Алматы;
  • Побиянская Галина «EcoProf KZ» ЖШС көміртек газдарын валидациялау және верификациялау жөніндегі сарапшысы;
  • Игнатович Ирина ЭкоМузейдің ақпараттық және білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі;
  • Трушина Людмила Қарағанды облысы Экология департаментінің бас маманы;
  • Казитов Сейфул-Малик – «ҚазЭкоЗаң» ЖШС директоры;
  • Маслова Ольга – «EcoProf KZ» ЖШС қоғаммен байланыс менеджері;
  • Буркеева Светлана – Қарағанды қ., Жас натуралистер станциясының Директоры;
  • Бокаев Алан — Астана халықаралық қаржы орталығының (AIFC) көміртек платформасының маманы;
  • Байкенова Гульжан Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің «Экология және бағалау» кафедрасының меңгерушісі.

Талқылау барысында энергетикалық жүйелердің икемділігі, ғимараттар секторының декарбонизациядағы рөлі, көміртекті капитал, шығарындылар саудасы платформалары, экотехнологияларды енгізудің мүмкіндіктері мен тәуекелдері, сондай-ақ Қазақстан жағдайына бейімделген тиімді шешімдер қарастырылды.

Студенттер іс-шараға белсенді қатысып, спикерлерге өзекті әрі мазмұнды сұрақтар қойып, кәсіби пікірталасқа араласты. Бұл кездесудің жастардың экологиялық санасын арттырып, болашақ маман ретінде қалыптасуына үлкен серпін бергені ерекше атап өтілді.

Табиғатқа жауапкершілікпен қарау тұрақты дамудың және жасыл болашақтың негізі!

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL