Біздің студент – Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері

Біздің студент – Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері

2026 жылғы 21 ақпанда университетіміздің «Сот және құқық қорғау қызметі» білім беру бағдарламасының СПД 22-2 тобының студенті Ерлан Ундасинов киокушинкай каратэ бойынша Қазақстан Республикасы чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, жоғары бәсекелестік жағдайында университет намысын лайықты қорғап, құрметті 2-орынды иеленді.
Бұған дейін облыс чемпионатында спортшы сенімді түрде 1-орын алып, жоғары дайындық деңгейін, шеберлігі мен мақсаткерлігін көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша ол дипломмен, кубокпен және медальмен марапатталды.
Жоғары нәтижелер студенттің жүйелі еңбегі, тәртіптілігі мен табандылығының заңды жемісі болды. Көрсеткен нәтижелері бойынша Ерлан қайтадан Қазақстан Республикасы құрамасының қатарына енгізілді.
Спортшының келесі маңызды кезеңі – Индонезияда өтетін Азия чемпионатына қатысу. Бұл – студент үшін де, университет үшін де маңызды жетістік.
Университет Ерлан Ундасиновты жоғары спорттық жетістіктерімен құттықтайды және оның табыстарын мақтан тұтады! Студентті жаңа жеңістерге жетелеуде қолдау көрсетіп жүрген жаттықтырушыларға, тәлімгерлерге және барлық жанашырларға шынайы алғысымызды білдіреміз.

 Біздің студент – Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL