• Blog news

Қарағанды экономикалық университет студенттерінің Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетіндегі ғылыми тағылымдамасы

Қарағанды экономикалық университет студенттерінің Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетіндегі ғылыми тағылымдамасы 2015 жылдың 2 наурызы мен 11 наурызы аралығында 6М030100 «Құқықтану» және 6М030400 «Кеден ісі» мамандықтарының 2 курс студенттері Санкт-Петербург мемлекеттік экономикалық университетінде (Ресей Федерациясы) «Кеден Одағы елдеріндегі нормативтік және құқықтық реттеу жүйесі» атты тақырыбы бойынша ғылыми тағылымдамадан өтті.
Тағылымдама барысында заң ғылымдары бойынша университеттің жетекші лекторларының дәрістер топтамасы тыңдалды: э.ғ.д., профессор Малевич Ю.В., з.ғ.д., профессор Бернацкий Г.Г., з.ғ.д., профессор Новиков А.Б., з.ғ.д., доцент Иванюженко А.Б., з.ғ.к., доцент Мосин Е.Ф. және басқалар. Ғылыми тағылымдамада қарастырылған басты сұрақтар Кеден Одағының қызмет ету мәселелері, Ресей мен Қазақстанның халықаралық-құқықтық қарым-қатынастары, ЕврАзЭО елдеріндегі қылмыстық сот ісін жүргізудің өзекті мәселелері, парақорлықпен қылмыстық және құқықтық күресу әдістері, ЕврАзЭО елдерінің кәсіпкерлік туралы заңнамасының даму мәселелері, т.б. секілді тақырыптар талқыланды. Тағылымдаманың тәжірибелік құрылымы МАПП «Светогорск» шекара бойындағы кедендік күзет орны мен «Морской фасад» өткізу орны негізінде ұйымдастырылды.
Күннің екінші жартысы университет кітапханасында магистранттармен ғылыми зерттеулерді жүргізу мен Санкт-Петербург қаласының көрікті жерлерімен танысуға арналды.

Ерлан Кокеев барлық әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады

 Ерлан Кокеев барлық әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады6 наурызда танымал Қазақстан әншісі, композитор және продюсер Ерлан Кокеев ҚЭУ-де өлең айтып, барлық әйелдерді Халықаралық әйелдер күнімен – көктем, маббат және мейірімділік мерейтойымен құттықтады!

BasePage

 

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» «Мемлекеттік тіліміз – Мәңгілік Елімізбен бірге...»

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» «Мемлекеттік тіліміз – Мәңгілік Елімізбен бірге...» 2015 жылдың 27 ақпанында Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасы қалалық мектеп оқушылары арасында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылдың 11 қарашасындағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауына арналған «Мемлекеттік тіліміз – Мәңгілік Елімізбен бірге...» атты дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты Елбасының халыққа жолдаған «Нұрлы жол» Жолдауындағы басты мәселелерге тоқтала отырып, оқушыларды патриоттыққа баулу, ел тарихын білуге, елімізді өркендету үшін білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел пікірталасына Қарағанды қаласының №66 ЖББОМ, №77 ЖББМБК және №92-гимназиясының 11 сынып оқушылары қатысты.

Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасы

Норвегиялық асхана мастер класы

Норвегиялық асхана мастер класыҚарағанды облысы Кәсіпкерлер Палатасының бағдарламасына сәйкес дуальды білім беру шеңберінде Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Экономика, бизнес және құқық Колледжі студенттеріне арналған колледж оқытушыларымен Норвегия асханасының тағамдарын дайындау бойынша мастер класы өткізілді. Бұл іс-шараға Норвегия Елшілігінің бас аспазшысы Тамара Ермолина қатысты.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL