• Blog news

«XXI ғасыр түлегі: кілтті құзыреттері мен еңбектің жаңа нарығы» ЖОҒАРЫ БІЛІМ КӨШБАСШЫЛАРЫНЫҢ IV ЕУРАЗИЯЛЫҚ ФОРУМЫ

2015 жылдың 10 маусымы мен 12 маусымы арасында Астанада Назарбев Университетінде «XXI ғасыр түлегі: кілтті құзыреттері мен еңбектің жаңа нарығы» жоғары білім көшбасшыларының IV Еуразиялық Форумы өтті. Форум сессияларының негізгі тақырыптары: «Жаһандық дағдылар», «Еңбекпен қамту: экономика диверсификациясы жағдайындағы түлектердің дербес ұмтылымдары мен машықтары», «Университет, жұмыс беруші және қоғам: ортақ табыс мақсатындағы әріптестік», «Техникалық дағдылар: оқу арқылы ма, әлде тәжірибе арқылы ма?», «Бейімделу кезеңдері: мектеп, жоо, кәсіпорын». Форумға ҚР Білім және ғылым министрі Саринжипов А., ҚР ЖОО Ассоциациясы президенті Р.Алшанов, жоғары білім саласындағы халықаралық сарапшы Джамиль Салми (Марокко), Кембридж университетінің білім факультеті деканы Джеф Хевард, Назарбаев Университеті президенті Шигео Катсу және басқалар қатысты. Форум спикерлерінің сөздері жастардың еңбекпен қамтылу тұжырымдамасын талқылауға арналды. Форум қатысушыларының ойлары бойынша болашақта қажет етілетін дағдыларды алу өткенгіге қарағанда өзгешеленеді. Университет түсінігі дүниежүзіндегі ұқсас ойланатын мекемелердің үзіліссіз өзгеретін желісіне сәйкес келетіндей қайта құрылуы қажет. Форум жұмысына бірінші проректор – оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор э.ғ.к., профессор Бугубаева Р.О., стратегиялық даму департаментінің директоры п.ғ.д., профессор Муликова С.А. қатысты.

Қазақстанда «Ұлттық біліктілік шеңбері: құрылым әдіснамасынан қолдану дағдысына дейін» атты республикалық семинары өткізілді

Қазақстанда «Ұлттық біліктілік шеңбері: құрылым әдіснамасынан қолдану дағдысына дейін» атты республикалық семинары өткізілді2015 жылдың 8-9 маусымы аралығында Астана қ. ҚР Білім және ғылым министрлігі Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті негізінде Эрасмус+ Ұлттық бағдарламасы Кеңсесімен біргелесіп Қазақстанда «Ұлттық біліктілік шеңбері: құрылым әдіснамасынан қолдану дағдысына дейін» атты республикалық семинарын өткізді. Берілген іс-шара аясында Қазақстанда жоғары білім беруді реформалау жөніндегі Ұлттық сарапшылар командасы мүшелерімен мастер-класстар өткізілді, сонымен қатар Қазақстан жооларында аяқталған және әлі де жұмыс істеп жатқан Темпус жобалары нәтижелерінің қойылымы көрсетілді.
Біздің университет көрмеге Темпустың 2 жобасын қойды: CANQA «Сапа мен аккредиттеуді қамтамасыз ету жөніндегі Орталық-Азиялық желісі» және PERSEUS «Зерттеу-Ғылым-Өнеркәсіп қағидаты бойынша қоғамға пайдалы университеттерді құру».

«Шексіз білім алудың» жаңа мүмкіндіктері

«Шексіз білім алудың» жаңа мүмкіндіктері«Шексіз білім алу» Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің IX білім аптасының толық мәжілісінде ШЫҰ Университетінің болашақ оқу жылына жаңа жұмыс ережелері анықталды.
Күн барысында желілік Университет қызметімен біріктірілген бес елдің делегаттары, Қазақстанды қоса, ынтымақтастық ұйымы топтарының жұмысын талдап, дұрыс және бұрыс жақтарын анықтап, бар мәселелердің шешімдерін іздеді.
ШЫҰУ даму үдерісін бағалай отырып, ШЫҰ Университеті ректорлар Кеңесінің төрағасы, Ресей халықтар достастығы университеті ректоры Филиппов Владимир ұйым жұмысының басты көрінісі болып және оны біргелесіп қана жақсарта алатын білім сапасы екеніне айырықша көңіл аударды.

ҚСС кафедрасы меңгерушісі, э.ғ.д., профессор Сембеков А.К. «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасына берген сұхбаты

2015 жылдың 5 маусымында ҚСС кафедрасы меңгерушісі, э.ғ.д., профессор Сембеков А.К. «Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының журналисті Тойжігітов Алиге Ұлт жоспары «100 нақты қадам» тақырыбына сұхбат берді.

19 мамыр күні Сембеков А.К. 2015 жылдың 19-21 мамырында Исламдық қаржылық қазметтер кеңесінің (IFSB) XII саммитіне қатысты

19 мамыр күні «Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасы меңгерушісі, э.ғ.д., профессор Сембеков А.К. 2015 жылдың 19-21 мамырында Алматы қаласында өткен Исламдық қаржылық қазметтер кеңесінің XII саммитіне қатысты.
Самитте келесі сұрақтар қарастырылды:
1)«Қазақстан – Ислам қаржылық хабы» - ҚР Ұлттық банк төрағасы орынбасары Нұрлан Құсайынов.
2)«Ислам қаржыларының жаңа нарықтарда қалыптастырылуы. Қазақстан тәжірибесі» - Al-Hilal Ислам банкінің CEO Прасад Абрахам.
3)«Қазақстандағы ИСН аймақтық тәжірибесі» - аймақтық өкіл, ТМД & Еуропа, Самир Тагиев.
4)«Такафул Қазақстанда – келешегі мен қарсылықтар» - Такафул Қазақстан негізін қалаушысы және CEO Құралай Елдісбай.
5)«Қазақстандағы исламдық микроқаржыландырудың даму келешегі» - New Finance негізін қалаушысы және CEO Тимур Алим.
6)«Қазақстанның исламдық қаржылық саласына квалификацияланған мамандарды дайындау» - Исламдық қаржылардың даму ассоциациясмы төрағасы Заратқазы Нұрпейісов.
Бұл саммит жыл сайын қатысу елдердің орталық банкілерінің қолдауымен өтіп отырады. Оның жұмысына 35 елден астам 300 делегаттан көп адам қатысты, солардың ішінде – бақылау және қадағалау органдарының, халықаралық қаржылық институттарының жоғары қызметтегі адамдар, қаржылық нарық қатысушылары, ғылым және білім саласының өкілдері.

19 мамыр күні Сембеков А.К. 2015 жылдың 19-21 мамырында Исламдық қаржылық қазметтер кеңесінің (IFSB) XII саммитіне қатысты

 

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL