• Blog news

Туристер оқу-жаттығу жорығынан оралды

Туристер оқу-жаттығу  жорығынан оралдыСтуденттер «Туризм» мамандығының 1 курс стууденттері 09.06.2015 ж. - 20.06.2015 ж. аралағында Іле Алатау Мемлекеттік Ұлттық табиғи аумағында орналасқан Самал туристік сауықтандыру қалашығында өтті.
Тәжіриби нәтижесінде студенттер туристік жорықты ұйымдастыру әдістері мен өткізу дағдыларын меңгерді. Университтен тәжірибе жетекшісі г.ғ.к., доцент Жетписов С.У. және «Самал» туристік-экскурсиялық орталық жетекшісі, ҚР туризм бойынша еңбек сіңірген инструкторы, Қарағанды қаласындағы ЖЖС қарамағындағы спорт және туризм бөлімінің меңгерушісі Каримова Р.О.

Студенттер университет ректоры Е.Б., Аймагамбетовке және ҚБФ деканы Ф.С. Момышеваға және туризм және мейрамхана ісі кафедра меңгерушісі А.К. Жуспековаға аталмыш тәжірибені өтуге көмек көрсеткендеріне алғыстарын білдіреді.

«Жазғы мектеп» - біз мұндайды күтпеген едік…

«Жазғы мектеп» - біз мұндайды күтпеген едік…2015 жылдың 8-20 маусымы аралығында С.Торайғыров Павлодар мемлекеттік университетінің «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы студенттеріне аға оқытушы, х.ғ.к. Исабекова Г.М. үлкен ықыласпен «Жазғы мектеп» сабақтарын өткізді. Теория мен тәжірибенің сабақтастығы анық байқалды. «Шикізат пен азық-түлік өнімдерінің сапасын бақылау және бағалау» пәні бойынша екі апталық дәрістер шеңберінде студенттер шикізат пен дайын өнімнің сапасы технологиясы және бақылауымен танысу мақсатында «Нәтиже» Қарағанды сүт зауытына, «Қаракөз» Қарағанды ұн тарту фабрикасына экскурсия жасап, сапаның органолептикалық бағалауын жүргізіп, талдаудың физика-химиялық әдістерінен тәжірибе алды. Университетте слайдттар мен бейнежазбалардың қолданысымен өткізілген қызықты лекциялардан басқа, студенттер өздері ұнның, нан, сүт және басқа да өнімдердің әртүрлі әдістерді қолдану арқылы сапасын анықтай алатындай лабороториялық дәрістер де жүргізілді. Студенттер өзіндік тапсырмаларды да орындады: эссе жазды, реферат және таныстырылымдар дай ындады. Студенттер «...біз мұндай жақсы қарсы алуды, қызықты сабақтар мен өндіріске барып тәжірибе алатындай дәрістерді күтпеген едік. Бізге өте ұнады. Мұнда біз көп нәрсені үйрендік, ал ең бастысы, болашақ кәсіби қызметімізге қажет болатын азық-түліктердің сапасын бақылау және бағалауды үйрендік, біз өзіміз, өз қолдарымызбен, өз көзімізбен көріп, жұмыс жасадық, бұл, әрине, біздің есімізде мәңгі-бақи қалмақ. Сіздерге үлкен рахмет» деді.

5 маусым Эколог күні

5 маусым Эколог күні Дүниежүзілік оршаған ортаны қорғау күні БҰҰ Бас Ассамблеясымен 1972 жылы тағайындалып, сол кезден бері жыл сайын әлемдік қоғамдастықпен тойланады.
5 маусым Эколог күні — экологтар және белсенділер – барлық табиғатты қорғаушылар, қоршаған ортаны қорғау мамандары, қоғам қайраткерлері кәсіби мейрамы.
Бас Ассамблея қоршаған ортаны қорғау және жақсартуға деген ынтасын айқын байқату мақсатында мемлекеттерді және БҰҰ ұйымдар жүйесін жыл сайын осы күні іс-шаралар ұйымдастыруға шақырады. Бұл кәсіби мереке күні Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасындағы кәсіби мерекелер туралы» Заңында ресми тағайындалған..
«Экология және бағалау» кафедрасы және «Экология» мамандығының 1-2 курс студенттері (15 адам) Қарағанды қ. Мәдениет және демалыс Орталық саябағында «Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне» арналған Қоғамдық акциясын ұйымдастырды.

«Кеңестен кейінгі кеңістіктегі демографиялық үрдістер» атты VI Орал демографиялық форумының толық мәжілісі

«Кеңестен кейінгі кеңістіктегі демографиялық үрдістер» атты VI Орал демографиялық форумының толық мәжілісі15 маусымда сағат 10.00 Свердлов облысының Заң шығарушы кеңесінің Басты мәжілісінде Экономика институты УРО РҒА қатар (Екатеринбург қ.) «Кеңестен кейінгі кеңістіктегі демографиялық үрдістер» атты VI Орал демографиялық форумының толық мәжілісі өтті. Берілген ғылыми іс-шараның қатынастар жөніндегі келісімшарты негізінде ұйымдастырушыларының бірі болып Қарағанды экономикалық университеті шықты. Конференцияның ұйымдастыру комитетінде біздің Университет ректор, э.ғ.д., профессор Аймагамбетов Е.Б. таныстырылды. Толық мәжіліс шеңберінде біздің университет атынан құттықтау сөзімен ғылым жөніндегі проректор э.ғ.д. Таубаев А.А. шықты. Толық мәжіліс модераторы УРО РҒА Экономика инситуты директоры, РҒА Академигі, э.ғ.д. Татаркин А.И. конференция ұйымдастырушылары атынан ҚҚЭУ ректоры, э.ғ.д., профессор Аймагамбетов Е.Б. жоғары дәрежеде іс-шараны ұйымдастыруға көмектескені үшін алғысынан басқа, осындай іс-шаралар арқылы Ресей мен Қазақстан аудандарының ғылыми және білім жағынан қарым-қатынастары дами берсін деген тілегі жазылған Алғыс хатын сыйлық етті. Ғылым жөніндегі проректор, э.ғ.д. Таубаев А.А. бұл іс-сапары ҚР КҒА ғылым комитетінің «Еуразиялық экономикалық кеңес мемлекеттерінің ұлттық инновациялық жүйелері: даму механизмдері, қарым-қатынас тетіктері мен интеграция келешегі» атты тақырыбы қаражаты есебінен және шеңберінде ұйымдастырылды, мемлекеттік тіркеу № 0115РК01823.

Назар салыңыздар! ҚЭУ Қазақстан-Қарағанды телеарнасында «ҚЭУ-де кездескенше» атты бағдарламалар топтамасын ашты. 2015 жылдың 16 маусымында «Талапкер -2015» тақырыбына тікелей эфир өткізілді.

Назар салыңыздар! ҚЭУ Қазақстан-Қарағанды телеарнасында «ҚЭУ-де кездескенше» атты бағдарламалар топтамасын ашты. 2015 жылдың 16 маусымында «Талапкер -2015» тақырыбына тікелей эфир өткізілді.Тікелей эфирге қатысып, көрермендерге ЖОО жайында, мамандықтар, білім алу мүмкіндіктері, ұтқырлық, магистратура және халықаралық бағдарламалар туралы атқандар:

- стратегиялық және инновациялық даму жөніндегі проректор, п.ғ.д., профессор Ибышев Е.С., - қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы, э.ғ.к., доцент Курманалина А.К.,

-Халықаралық бағдарламалар және жобалар орталығы директоры, з.ғ.к., PhD докторы Горячева Е.В.; - Жоо-дан кейінгі және қосымша білім беру департаменті директоры Легостаева А.А., которые рассказали зрителям о ВУЗе, специальностях, возможностях обучения, мобильности, магистратуре и международных программах.

Анонс:

26 маусым 2015 ж. – ҚЭУ экономика, бизнес және құқық колледжі «Қазіргі білім беру бегісі» 3 шілде 2015ж. – Есеп-қаржы факультеті «Әрқашан қажетті мамандықтар» 10 шілде 2015ж.- Экономика және басқару факультеті «Табыстылық формуласы – бұл экономика және басқару факультеті» 7 тамыз 2015ж. – Бизнес және құқық факультеті «Табыстылық факторы» 14 тамыз 2015ж. – Ақпараттық-техникалық факультет «Болашақ мамандықтары».

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL