• Blog news

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 5 ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМАСЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 5 ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ РЕФОРМАСЫ Біріншісі. Экономикалық бағдарламалардың сапалы жүзеге асырылуы қамтамасыз ететін және мемлекеттік қызметтерді ұсынатын жаңа, кәсіби және автономды мемлекеттік аппарат құру.

Екіншісі. Экономикалық өсудің негізі болатын келісімді міндеттерді қорғау, кәсіпкерлік қызметке жағдай жасау, меншік құқығына кепілдік беру үшін заңның үстемдігін қамтамасыз ету.

Үшіншісі. Диверсификацияға негізделген индустриалдандыру және экономикалық өсім.

Төртіншісі. Біртектілік пен бірлік.

Бесіншісі. Транспарентті және есеп беретін мемлекет.

ҚСС кафедрасының студенттері (Ф-22с тобы) «Startup Ideas Pitches 2015» атты стартап-жобалары байқауының жеңімпаздары болды

ҚСС кафедрасының студенттері (Ф-22с тобы) «Startup Ideas Pitches 2015» атты стартап-жобалары байқауының жеңімпаздары болды2015 жылдың 14 мамырында «Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасының студенттері (Ф-22с тобы) «Startup Ideas Pitches 2015» атты байқауына кафедраның ғылыми жетекшілерімен э.ғ.к., аға оқытушы Лукпанова Ж.О. және магистр, оқытушы Фазлетдинова З.Д., сонымен қатар есеп және аудит факультетінің СҒЗЖ бойынша жауапты магистр, аға оқытушы Танашева А.Б. бірге қатысты. Бұл байқау ЖШС «Технопарк Сары-Арка» өтті, байқау қорытындылары бойынша ҚҚЭУ екі командасы да жүлделі орындар мен II, III дәрежелі дипломдар иелері болды. Бұдан әрі жеңімпаздар бизнес-тренингілерге шақырылады, жобаларды іске асыруға белсенді түрде қатысады. Әрбір қатысушы байқауға қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды, және жобаның «Белый ветер», «Altel», «Сарыарка» спосорларынан бағалы сыйлықтар алды.

ҚР Конституциясына 20 жыл: тиімділік және перспективалық реформалау сұрақтары

ҚР Конституциясына 20 жыл: тиімділік және перспективалық реформалау сұрақтары2015 жылдың 12 мамырында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасымен ҚР Конституциясына 20 жылдығына арналған «ҚР Конституциясына 20 жыл: тиімділік және перспективалық реформалау сұрақтары» атты студенттік жұмыстар байқауы өткізілді. Байқауға ережеге байланысты Қарағандының 4 жоонан 20 студент қатысты (КУ «Болашак»,Е.А.Букетов атындағы ҚарМУ, Б.Бейсенов атындағы КЮА, ҚҚЭУ).

ҚЭУ профессорлық-педагогикалық ұжымы мен қызметкерлерін университет сапаны бақылау жүйесінің «Русский регистр» сертификаттау Ассоциациясының МС ИСО 9001:2008 талаптарына сәйкестік бойынша инспекциялық аудиттен өтуімен құттықтаймыз

ҚЭУ профессорлық-педагогикалық ұжымы мен қызметкерлерін университет сапаны бақылау жүйесінің «Русский регистр» сертификаттау Ассоциациясының МС ИСО 9001:2008 талаптарына сәйкестік бойынша инспекциялық аудиттен өтуімен құттықтаймыз2015 жылдың 13-15 мамыры аралығында ҚЭУ-де «Русский регистр» Ассоциациясының эксперті Пан Людмила Валентиновнамен инспекциялық аудит өткізілді. СБЖ-ны басқару құралы ретінде жетілдіру ҚЭУ қызметінің басым бағыттарының бірі болып саналады.
Пан Л.В. университеттегі СБЖ ұйымдастырудың жоғары дәрежесін, қызметтің әр бір түріне деген процестік тәсілдемені, сонымен қатар білім беру қызметінің тұрақты жақсаруы мен басқаруға деген жүйелік тәсілдемені атап өтті.

Шығармашылық коллоквиум

Шығармашылық коллоквиум2015 жылдың 7 мамырында тауартану мен сертификаттау кафедрасында ең алғаш рет «Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарындағы сервис» атты пәні бойынша шығармашылық коллоквиум алынды. Суретте ТПП-31к тобының студенттері «Кейтеринг – романтикалық кешкі ас, Зияпат – фуршет – Жаңа жыл кеші, Зияпат шәй - 8 наурыз, қазақ дастарханы –Шілдехана тойы, Бала мейрамы – туған күн – жас жұбайлар үшін той дастарханы және т.б.» атты тақырыптар бойынша үстелді әзірлеп жатыр. Студенттер астың ұсынылуының барлық түрлерін , зияпаттың түрлерін көрсете алды, ыдыс-аяқтардың аттарымен таныстырып, мәзірді дайындады. Шығармашылық коллоквиумды кафедраның аға оқытушысы х.ғ.к. Исабаева Г.М. өткізді.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL