• Blog news

«Қонақжай индустриясы кәсіпорындарында қызмет көрсетуді ұйымдастыру» пәні бойынша мекеме базасындағы сабақ

«Қонақжай индустриясы кәсіпорындарында қызмет көрсетуді ұйымдастыру» пәні бойынша мекеме базасындағы сабақ

1-ші және 8-ші қазан 2015 ж. РД-41, РД-24с, РД-33с және РД-32 топтарының студенттерімен мекеме базасында «Қонақжай индустриясы кәсіпорындарында қызмет көрсетуді ұйымдастыру» пәні бойынша «Қонақжай индустриясындағы қызмет көрсетуші персоналдардың сипаттамалары» тақырыбында сабақ өткізілді.
Сабақ «Рестро - тур» түрінде өткізілді. Сабақ барысында студенттері бизнес класс деңгейіндегі асханаларда болды: «Rational», «Sky», «Dolche» кафелері. Бұл кәсіпорындар мен ондағы қызмет көрсетуші персоналдардың жұмыс ерекшеліктері туралы айтып берген:
Стригунов Александр - «Rational» бизнес класс асханалар торларының бас директорының орынбасары;
Судари Виктория - «Dolche»;
Кинаят Тархат - «Sky» кафесінің администраторы
Сабақ Қарағанды облысының кәсіпкерлер Палатасының өкілінің қатысуымен өткізілді. Сабақ нәтижесінде «Қонақжай индустриясы кәсіпорындарында қызмет көрсетуді ұйымдастыру» тақырыбында эссе жазды.

 

Мекеме базасындағы сабақ

«Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасының оқытушылары Б.Т. Матаева және Е.И. Шабанова «Туристік-өлкетану жұмыстары» курсын игеру барысында «Туризм» мамандығының 1,3 курс студенттерімен Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы базасында сабақ ұйымдастырды. Онда студенттер ғалымдардың өлкетанушылық зерттеулерінің нәтижелері және мұражайдың экспозициялық залдарының коллекцияларымен танысу мүмкіндігін алды.

«Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандықтарының студенттері 12-ші Қазақстандық Халықаралық туристік көрмеге барды

 «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандықтарының студенттері 12-ші Қазақстандық Халықаралық туристік көрмеге барды 25 қыркүйек 2015 жылы туризм және мейрамхана ісі кафедрасының оқытушылары Бедельбаева М.В. және Гарипова А.А. кафедра мамандықтарының студенттерімен бірге Астана қаласындағы көрме орталығында өткен туристік көрмеге барды. Аталмыш көрмеге 25 елдің 65 компаниясының өкілдері қатысты. Сапар барысында студенттер Тұңғыш Президенттің мұражайында болды.

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығына экскурсия

Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығына экскурсия22-ші қыркүйек 2015 жылы Дүниежүзілік туризм күнін атап өтуге орай туризм және мейрамхана ісі кафедрасы Теміртау қаласында орналасқан Бірінші Президенттің тарихи-мәдени орталығына экскурсия ұйымдастырду. Экскурсияға «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандықтарының бірінші курс студенттері және академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша біздің университетте оқып жатқан БелМУ және Көкшетау мемлекеттік университеттінің студенттері қатысты.

Қазақ хандығының 550-жылдығына

Қазақ хандығының 550-жылдығына 21 қыркүйек күні Қазақ хандығының 550-жылдығына орай Әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы оқытушылары Тутинова Н.Е., Исина С.С. тарапынан мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараға бірінші курс студенттері қатысты: Ю-11к, СР-11к, ОПЭК-11к, ТД-11к, Лог-11к, МК-11к, УА-11к,Э-11к, ГМУ-11к, Эко-12к. Іс-шара екі кезеңнен өтті: концерттік бөлім және интеллектуалды ойын. Концерттік бөлімінде Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінен арнайы шақырылған қонақтар мен бірінші курс студенттері өлең айтып, домбырада ойнады.
Интеллектуалды ойынға 5 топқа бөлінген топ студенттері қатысты:
1топ. «Тәуке хан»
2топ. «Әбілхайыр хан»
3топ. «Керей мен Жәнібек»
4 топ. «Абылай хан»
5 топ. «Қазақ хандығы»
Интеллектуалды ойын нәтижесі бойынша «Әбілхайыр хан» тобы жеңімпаз атанды. Қалған топтар мақтау қағаздарымен марапатталды.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL