17-ші қыркүйек 2015 жылы БелМУ-дің академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша оқуға келген «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» және «Туризм» мамандықтарының студентері Астана каласына экскурсияға барды. Онда Қазақстан Республикасы астанасының көрікті жерлерімен, қонақжайлылық индустриясы нысандарымен танысты. Студенттерімеен аталмыш экскурсияға барған туризм және мейрамхана ісі кафедрасының доценті Т.Н. Алексеенко. Студенттерге аса қызығушылық тудыртқан ҚР Ұлттық мұражайы. Экскурсия жетекшісі Қазақстан Республикасының мәдени, саяси дамуы туралы айтып берді. Және де олар мұражайдың тарихи залына, этнография залына, заманауи өнер залына, тәуелсіздік залдарын аралады.
2015ж. 18 қырқұйекте ҚҚЭУ Қашықтықтан оқыту орталығы «ЖАОК онлайн-оқыту» тақырыбында ақпараттық-оқытушы семинарын ұйымдастырып, «Жаппай ашық онлайн-курстары» туралы ақпаратты таратуға бағытталған материалдың тұсаукесерін өткізді. Семинардың мақсаты: университетте ЖАОК туралы ақпарат беру, дүние жүзінің қандай университеттері қазіргі уақытта ақысыз оқытып, осы курстар ЖОО оқу процессіне қалай көмек көрсете алады және т.б. Жинақталған тәжірибеге шолу жасалып,осы білім беру ресурсының даму болашақтарының мүмкін үрдістері белгіленді. Семинарға университеттің проректорлары мен декандары, кафедралардың меңгерушілері, Қашыктықтан оқыту орталығының мамандары қатысты. Сөйлегендер: ҚОО директоры – Аманов И.А., ҚОО директорының орынбасары – Дрозд В.Г., «Жоғары математика» кафедрасының меңгерушісі – Емелина Н.К..
Қазақ хандығының 550-жылдығын атап өту шеңберінде 2015 жылдың қыркүйек айының 16 күні кітапхананың ақпараттық-білім беру орталығында «Қазақ хандығынан тәуелсіз Қазақстанға дейін» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің жұмысына университет пен ҚЭБҚ колледжінің оқытушылары мен студенттері, кітапхана қызметкерлері, сонымен қоса академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінен арнайы шақырылған «Тұлғатану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, т.ғ.к., доцент Бейсембекова Нұрсахан Ахметқызы және ф.ғ.к., доцент Жұмағұлов Айтпай Ботпайұлы қатысты. Дөңгелек үстелді өткізу барысында Қазақ хандығының пайда болуы, хандықтың құрылуына зор үлесін қосқан тарихи ұлы тұлғалардың үлесі төңірегінде мәселелер қарастырылып, Қазақстанның мәдениет саласында Қазақ хандығының 550-жылдығына орай жүргізіліп жатқан іс-шаралармен таныстырылды. Аталған шараның соңында қонақтақға құрмет көрсетіліп, университет атынан әдеби кітаптар сыйға тартылды.
15-ші қыркүйек күні 105-ші аудиторияда Дүниежүзілік туризм күніне араналған кафедраның халықаралық ынтымақтастығы туралы прзентациясы өтті. Аталмыш іс-шараға «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандықтарының бірінші курс студенттері және де академиялық мобильдік бағдарламасы бойынша келген Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университеттінің студенттері қатысты. Оларда өз университтері туралы айтып берді. Бірінші болып, іс-шараны бастаған кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент А.К. Жуспекова құттықтау сөз сөйледі. Және де кафедра мамандықтарының өткен оқу жылында халықаралық тәжірибе, ішкі және сыртқы акдемиялық мобильділік, қысқы және жазғы мектеп бағдараламаларына қатысқан студенттері қатысты. Олар өздерінің өткен тәжірибелері мен тағылымдамалары туралы, алған әсерлерімен бөлісті. Бірінші курс студенттері оларлы қызығушылықпен тыңдап, сұрақтарды белсенді койды. Аталмыш іс-шара студенттерге университет пен кафедраның шетелдік ЖОО –мен халықаралық ынтымақтастығы туралы білуге мүмкіндік береді. Талқыланған сұрақтар университеттегі Талқыланған сұрақтар бірінші курс студенттеріне біздің университеттегі жаңа оқу жылына дайындық береді.
Құрметті 1 курс студенттері, сіздерді Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетіне қабылдануларыңызбен құттықтаймыз! 2015 жылдың 01 қыркүйегінде Білім күніне ҚЭУ студенттердің мәдениет сарайына шақырамыз!
1 курс студенттерінің жиыны 01 қыркүйек күні сағат 10.30 университет алдындағы алаңда болады.