• Blog news

«Экономика негіздерінен» интеллектуалды олимпиада

«Экономика негіздерінен» интеллектуалды олимпиада26 қазан 2015 жылы Экономика және басқару факультетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» кафедрасы қазақ және орыс тілдерінде «Экономика негіздерінен» интеллектуалды олимпиада өткізді.
Олимпиадаға қаланың № 97, № 33, № 41, № 48, № 52, № 74 орта мектеп оқушылары қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша жеңімпаз оқушылар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.

Республиканская «Тіл– тұнық ойдың кәусары» республикалық олимпиадасы

Республиканская «Тіл– тұнық ойдың кәусары» республикалық олимпиадасы2015 жылғы қазан айының 22-23 күндері аралығында университет кітапханасының ғылыми-білім беру орталығында «Тіл – тұнық ойдың кәусары» республикалық олимпиадасы өткізілді. Аталмыш олимпиаданы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы Тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығы ұйымдастырды.
Олимпиаданың мақсаты: үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды қолдау, ынталандыру, сонымен қоса, еліміздегі үштілді кеңістікті насихаттау, жастардың көптілді меңгеру үдерісін көпшілікке таныту. Байқауға 16 мен 22 жас аралығындағы жастар қатысты.
Олимпиада жеңімпаздарын анықтау үшін тілші ғалымдардан құралған қазылар алқасы анықтады.
Қазылар алқасының шешіміне сәйкес үш тіл бойынша тіл білгірлері дипломдар, алғысхаттар және де ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

«Әлемдік қонақжай индустриясы» пәні бойынша РД-41 тобымен мекеме базасындағы сабақ

 «Әлемдік қонақжай индустриясы»  пәні бойынша РД-41 тобымен мекеме базасындағы сабақ12-ші қазан 2015 ж. РД-41 тобының студенттерімен мекеме базасында «Әлемдік қонақжай индустриясы» пәні бойынша туризм және мейрамхана ісі кафедрасының доценті Г.К. Замбиновамен сабақ өткізілді.

«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау» КарЛАГ мұражайына экскурсия

«Саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау» КарЛАГ мұражайына экскурсия14-ші 2015 жылы жастарға мәдени-адамгершілік және саяси тәрбие беру мақсатында туризм және мейрамхана ісі кафедрасы «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын есте сақтау» КарЛАГ мұражайына экскурсия ұйымдастырды. Аталмыш экскурсияға мобильділік бағдарламасы бойынша оқып жатқан БелМУ студенттері мен кафедра мамандықтарының 1-ші курс студенттерінен тұратын 50 студент қатысты.

«МОЖНО» РЕСТОБАРДЫҢ ШЕФ АСПАЗШЫСЫ-ЖҰМЫС БЕРУШІМЕН МАСТЕР-КЛАСС

 «МОЖНО» РЕСТОБАРДЫҢ ШЕФ АСПАЗШЫСЫ-ЖҰМЫС БЕРУШІМЕН МАСТЕР-КЛАСС9-шы қазан 2015 жылы КЭУК базасында МОЖНО» Рестобардың шеф-аспазшысы Максим Михеевпен мастер-класс өтті.
Мастер-класс «Қонақжай индустриясы кәсіпорындарында қызмет көрсетуді ұйымдастыру» пәні бойынша теоретикалық білімді бекіту үшін сабақтан тыс уақытта өткізілді.
Максим Михеев «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандығының студенттеріне өзінің кәсіби қызметі жайлы, аталмыш кәсіпорындағы жұмысының ерекшеліктері туралы әңгімеледі.
Студенттер тәжірибе өтеді, РД-41 тобының студенті специальности Ресторанное дело и гостиничный бизнес проходят практику, Коцур Константин жұмысқа шақырылды, ол аталмыш мастер-классты өткізуге көмектесті.
«Можно» рестобарының шеф-аспазшысы Михеев Максим Италиядағы Турин каласында орналасқан аспазшылар шеберлігін аспазшылар мектебінде оқыған. Италиядағы аспазшылар Ассоциация мүшесі болып табылады.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL