• Blog news

Дөңгелек столға

Дөңгелек столға2016 жылдың 19 сәуірінде Экономика және менеджмент кафедрасы Қарағанды облысының кәсіпкерлер Палатасының базасында «Бизнес-қауымдастық пен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің тиімді өзара әрекеттесуіндегі Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатысының ролі» атты дөңгелек стол өткізді. Дөңгелек столға бизнес өкілдері мен қаржы секторының өкілдері - «СП Silk Road City» ЖШС атқарушы директоры, «Аманат Иншуранс» АҚ директоры, «Дельта банк» АҚ директоры, сонымен қатар кәсіпкерлер палатасының өкілдері, кафедраның ПОҚ, ҚҚЭУ студенттер мен магистранттары шақырылды.

БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ «СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМ КҮНІ-2016» ӨТТІ

БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ «СТУДЕНТТІК ҒЫЛЫМ КҮНІ-2016» ӨТТІ14 сәуір 2016 жылы бизнес және құқық факультетінде Қарағанды экономикалық университетінің 50-жылдық мерейтойына арналған «Студенттік ғылым күні-2016» шарасы өтті. Барлығы 10 шара жоспарланып өткізілді.
«Ашылымдар көкжиегі: студенттердің зерттеу және жобалық қызметі» тақырыбында ашық дәріс аға оқытушы Боранбаева А.Е. және Шошаева Л.С. өткізді. Дәріс студенттердің жалпы ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналып, студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттар мен нысандары жайлы айтылды.

Ғылымға қадамдар

Ғылымға қадамдар2016 жылдың 15 сәуірінде бизнес және құқық факультетенің студенттері Қазақ гуманитарлық заң университетінде өткен «Ғылымға қадамдар» атты республикалық ғылыми студенттік конференцияға қатысып келді. Әр бір жыл сайын өтетін бұл конференцияда ғылыми докладтар құқық, экономикалық, психологиялық басқада гуманитарлық ғылыми мәселелер қаралады. Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысады. Республикалық ғылыми студенттік конференция нәтижесі бойынша:
ІІ Дәрежелі Дипломмен марапатталғандар – Сахатаева Назым (ӘЖ-22) және Моткова Екатерина (ТУР-12), ғылыми жетекші п.ғ.к., доцент Кенжебаева С.К.; Абиев Ержан (Ю-41к), ғылыми жетекші аға оқытушы, заңтану магистрі Адильбекова Қ.Қ. ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталған – Сапарғали Айнұр (Ю-11к), ғылыми жетекші аға оқытушы, заңтану магистрі Адильбекова Қ.Қ.
Белсенді қатысушы «Қисынды ойлау» марапаттау қағазына ие болғандар – Қасымова Айсұлу және Қанатбаева Әйгерім (Ю-11к), ғылыми жетекші аға оқытушы, заңтану магистрі Адильбекова Қ.Қ.
Университетіміздің ғылыми қауымдастығын лайықты деңгейде көрсетіп келген студенттерімізді құттықтаймыз және ғылыми-зерттеу бағытында жасаған қадамдарының жемісті болуын тілейміз!

Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті оқытушыларының ҚЭУ-не іс-сапары

Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті оқытушыларының ҚЭУ-не іс-сапары 2016 жылы 24 және 27 наурыз аралығында университетте Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті (Ресей) өкілдері э.ғ.к., доцент Шевченко Наталья Владимировна, экономиканы мемлекеттік реттеу мәселелері жөнінде, сондай-ақ, ф.ғ.к., доцент Гуляев Иван Иванович: "Еуразиялық кеңістік қазіргі заманғы әлеуметтік-саяси жүйесінің бірегей аймағы ретінде" тақырыбында дәріс оқыды.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL