Туризм және мейрамхана ісі кафедрасының А.А. Гарипова 11-15-ші сәуір аралығында Будапешт қаласындағы Яноша Кодолани атындағы қолданбалы ғылымдары университетіндегі 6-шы халықаралық апталық және ERASMUS+international credit mobility конференциясына қатысып, «Туризм» мамандығы бойынша Венгрия және т.б. елдеріндегі студенттерінің қатысумен 8 сағаттық көлеміндегі дәріс оқыды.
«Қазақтұтынуодағы» Қарағанды экономикалық университетінің экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, заң ғылымдарының кандидаты, доцент Болат СЫЗДЫҚПЕН арадағы әңгіме негізінен Ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммит туралы болғанымен, Адам, Әлем және Атом атты ұлы ұғымдар арасындағы шым-шытырық байланыстың ауылына да ат шалдырылған еді. http://egemen.kz/2016/04/14/34548
Қарағанды экономикалық университетінің 50-жылдық мерейтойын тойлау қарсанында бизнес және құқық факультетінің деканатымен және студенттер Конгрессімен, университет жатақханаларының арасында жарыс ұйымдастырылды. Жарыстың ережесі бойынша сайысқа университеттің № 1, 3, 4 жатақханаларында тұратын студенттер ғана қатысты. Сайыс 4 тур бойынша өткізілді. Жарыс барысында студенттер шынығу дәрежесін, төзімділігін, тапқырлығын, шығармашылық қабілеттерін көрсете алды. Ең бастысы, олар алға қойылған тапсырманы бірігіп шешуді және берілген тапсырманы креативті орындауды танытты. 1-тур - ПЕЙНТБОЛ. Әр жатақханадан 10 (жігіттер мен қыздар) студенттен тұратын құрама топ қатысты. 2-тур «MORTAL-KOMBAT» және 3-тур – «ТВИСТЕР» қалада орналасқан «Некафе, тайм-кафе» мекемесінде өткізілді. Әр жатақханадан бір-бір ойыншы қатысты. Сайыстың қорытындысы университетте Студенттердің мәдениет сарайында өтті. 4 тур барысында студенттер шығармашылық қабілеттерін шындай түсіп, өз өнерлерін концерт барысында көрсетті. Әр жатақханадан бір ән, бір би орындалып, студенттер келген қауымды тамсандыра білді. Әділ қазылардың ортақ шешімі бойынша жеңімпаз болып №4 жатақхананың құрама командасы таңдалды.
2016ж. 18 сәуір 11.00-ден 14.00-ге дейін Лог-22 Лог-23c, ТД-11к, MK-31, ТД-12, ТД-21к, ТД-22c, ТД-23, ТД-31к топтарының студенттері «Маркетингтік логистика», «Көтерме-бөлшек сауда», «Кедендік бақылаудың техникалық құралдары» пәндері бойынша, «Маркетинг және логистика» кафедрасының т.ғ.к., доценті Жандильдин T.E., аға оқытушы Валеевa В.З.,. «Жалпы құқық және арнайы пәндер» кафедрасының аға оқытушысы С.А. Сыздықовамен Сары-Арқа әуежайында шығу сабағын өткізді.
«Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасының меңгерушісі А.К.Сембеков 14-15 сәуір аралығында Алматы қаласында (ұйымдастырушы «Евразия» Сақтандыру компаниясы) әлемнің жетекші қайта сақтандырушыларының, ҚР Ұлттық банкінің, Ресей мен ЕурАО басқа елдерінің, ТМД, ҚР Сақтандыру ассоциациясының, халықаралық рейтингтік агенттіктердің, ҚР сақтандыру компанияларының, БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен, ХІІ тәуекел менеджмент бойынша халықаралық конференциясына қатысты. Спикерлер санында Тәуекелдерді бағалау тобының директоры Досым Сатпаев, «Высшая школа экономики» (Мәскеу қаласы) профессоры С. Медведев, Халықаралық теңіз сақтандыру кеңісінің Бас хатшысы Ларс Ланж, Герман Сақтандыру кеңесінің төрағасы Франк Тирольф және басқалар сөз сөйледі.