• Blog news

Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!«Есеп қаржы факульетінің» деканаты , «Маркетинг және логистика» кафедрасы Лог-22 тобының студенттері: Арндт Елена, Игнатова Лидия, Шалухина Ксенияны, Алматы қаласы Алматы менеджмент Университетінде өткен «Болашақтың логистикасы» атты I Халықаралық студенттер олимпиадасында жүлделі 3 орын иелінуімен құттықтайды.

Туған университетіміздің мерейтойына лайықты сыйлық

Туған университетіміздің мерейтойына лайықты сыйлықВолейболдан құрама команданың студент қыздары Қарағанды қаласындағы «Студенттік Лиганың» екі дүркін чемпионы атанып, өз университетінің 50 жылдық мерейтойына, шынында да лайықты сыйлық тарту етті.
Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-нің, ҚарМТУ-нің, «Болашақ» университетінің және Орталық Қазақстан Академиясының құрама командаларын айқын жеңген Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студент қыздары, Қарағанды облысындағы үздік команда болып саналатына және Қазақстан Республикасының үш үздік студенттер командаларының қатарына кіретінін көрсетті.
Дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы Матушкин Геннадий Юрьевич құрама команданы, университеттің мерейтойына лайықты тарту жасау үшін жеңіске жетелей білді.

«Екі жұлдыз» вокалдық сайысы

«Екі жұлдыз» вокалдық сайысы2016 жылдың 26 сәуірінде бизнес және құқық факультетінің ұйымдастыруымен Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің 50 жылдық мерейтойын тойлау шараларының шегінде «Екі жұлдыз» вокалдық сайысы өтті. Шараға үш факультеттен 5 жұп өздерінің екі вокалдық өнерін ұсынды. Сайыс нәтижесінде «Маркетинг и логистика» кафедрасының оқытушысы Мухаметжанова З.Б. және ИС 21к тобының студенті Кабдрашев Казбек жүлделі бірінші орын дипломын иеленді. Көрермендер көңілінен шыққан жұп - ЭҚҚР кафедрасының оқытушысы Сарбасов Б.А. және гр.Ю-31к тобының студенті Исабаева Алима. «Дәлме дәл» номинациясы «Шет тілдері және орыс тілі» кафедрасының оқытушысы С.Т.Абдрахманова және МО-23к тобының студенті Токе Кадыршаға бұйырды. «Ең үйлесімді жұп» номинациясы бойынша «Экономикалық теория және жергілікті мемлекеттік басқару» кафедрасының оқытушысы Аркенова Ж.Р. және МЭ-22с тобының студенті Нугманова Ұлжан үздіктер атанды. «Ең креативті жұп» номинациясының үздіктері - ЭҚҚР кафедрасының оқытушысы Амантай Абдулла және Ю-11к тобының студенті Тусупова Назерке. Барлық қатысушылар бағалы сыйлықтармен, мақтау қағаздарымен және дипломдармен марапатталды.

Карлаг мұражайына саяхат

Карлаг мұражайына саяхат26.04.2016 ж. адамгершілік-патриоттық тәрбие жұмысы шеңберінде «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының магистрлері, аға оқытушылар Мусаева Э.А. мен Назаров Е.Ж. МО-11к, МО-23к, МО-31к, МЭ-31к (46 студент) топтары мен академиялық мобильділік бағдарламасы бойынша Ресей (2 студент) мен Тәжікстаннан (4 студент) келген студенттерге арнап Карлаг мұражайына саяхат ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы іс-шара

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы іс-шараШетел және орыс тілдер кафедрасының ұйымдастырылуымен 27.04.2016 күні сағат 1 курс студенттері арасында жыл сайынғы тілдік олимпиада өткізілді.
2016 жылдың 27 сәуірде шетел және орыс тілдері кафедрасының оқытушылары Лапина И.В. және Нуркеева Б.А. ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін үздік білімдерін іс-шара өтті. Бұл іс-шарада Ю-11к, Ф-11к, MЭ-11 студенттері қатысты.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL