2016 жылдың 28 сәуірінде «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының магистрлері, аға оқытушылар Байгожина Г.М. мен Шукушева Е.В. көптілділік бойынша жоспарланған шараларға байланысты «ҚР сыртқы саясаты» пәнінен орыс және ағылшын тілдерінде «Халықаралық қатынастар» және «Әлемдік экономика» мамандықтарының 2-3 курс студенттеріне бірлескен сабақ өткізді.
Сәуірдің 27 – 29 аралығында Қарағанды экономикалық университетінде «Тауартану және сертификаттау» кафедрасының оқытушылары мен студенттерінің қатысуымен «Техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы оқыту және олардың біліктілігін арттыру» атты семинар өтті.
28.04.16 күні университетіміздің 50 жылдық мерейтойына арналған, бизнес және құқық факультетінің ұйымдастырылуымен өткізілген шаралардың қорытындысы ұлттар жәрмеңкесі және мерекелік концертпен түйінделді. Факультет кафедралары әр түрлі: армян, неміс, өзбек және тағы да басқа ұлт өкілдерінің ұлттық киімдері мен тағамдарын таныстырып, салт-дәстүрлерінен үзінді көрсетті. Сонымен қатар, университет студенттері қаламыздың танымал қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан қайталанбас туындыларды тамашалауға мүмкіндік алды. Жәрмеңкеге келген студенттер әр түрлі ұлт тағамынан ауыз тиіп, ойын ойнап және де көңілдеріне жақын бұйымдарға қол жеткізіп тамаша көңіл-күймен қуаттанып, мерекелік концертке аттанды. Концерт 1 мамыр – Қазақстан халықтарының ынтымақтастық күніне орайластырылып өткізіліп, Қарағанды қаласындағы өзге ұлт диаспоралары, шығармашылық бірлестіктер келіп өз өнерлерін паш етті. Бүгінгі іс-шаралар арқылы студенттер Қазақстандағы ұлттардың достығы мен ынтымақтастықтарына тағы бір мәрте көз жеткізіп, Мәңгілік елдің негізі – ұлттардың бейбітшілігі екендігін ұғына түсті.
30.04.2016 Есеп-қаржы факультеті «Ақпараттық-есептеуіш жүйелері кафедрасы» кәсіби бағыт жұмысы бойынша Қарағанды қаласы және аймағының орта-кәсіби білім беретін оқу орындарының арасында «IT-технологиялар саласындағы үздік инновациялық жоба» атты байқауын өткізді. Байқау қорытындысы бойынша жүлдегерлер келесі орындарға ие болды:
2016 жылдың 26 сәуірінде Бұхар Жырау ауданы бойынша кәсіби бағдарлық жұмысқа жауапты экономика және менеджмент кафедрасының оқытушылары Блялов Б.Е және Зұлхарнай А.Н. 9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне арнап Үштөбе ауылындағы орта мектептің 11 сыныптарына арнап іс-шара өткізді. Аталмыш іс-шараға үш сыныптан 35 оқушы қатысты.