• Blog news

"Үздік ғылыми-зерттеушілік жұмыс-2016" халықаралық байқауының жүлдегерін құттықтаймыз

"Үздік ғылыми-зерттеушілік жұмыс-2016" халықаралық байқауының жүлдегерін құттықтаймыз2016 жылдың 1 мамыры мен 3 маусымы аралығында «Олимп» ғылыми орталығымен (Москва қ.) «2016 жылдың үздік ғылыми-зерттеу жұмысы» атты халықаралық конкурс ұйымдастырылды.
Конкурсқа Ресейдің, Қазақстанның, Қырғызстанның әр аймақтарынан 90 ғылыми-зерттеу жұмыстары қатысты.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінен конкурсқа ИС-22-с тобының студенті Тучина Ю. Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері, т.ғ.к. доцент А.В. Башировтың жетекшілік етуімен орындалған «Криминалистикада кісі өлтіру уақытын анықтауда сандық дифференсациялауды қолдану» атты мақаласын ұсынды. Ғылыми зерттеу жұмысы жүлделі үшінші орынды иеленді.
Мақаланың мәтіні «Заманауи ғылыми зерттеулер мен ізденістер» журналының №3 шығарылымының (3) (маусым 2016) НЦ "Олимп", Москва жарияланды.

Әділет министрі Б. Имашев халықтың алдында есеп берді.

Әділет министрі Б. Имашев халықтың алдында есеп берді.10 маусымда сағат 11:00 Астанадағы «Қазмедиа орталығы» ғимаратында әділет министрі Берік Имашевтің халық алдындағы есебі тыңдалды.
Есептік кездесуде елде жүргізіліп жатқан реформалардың әділет органдарының қызметіне қатысты мәселелері мен стратегиялық жоспардың көрсеткіштеріне қол жеткізу мен Әділет министрлігі алдында тұрған міндеттерді орындау барысы талқыланды.
Есептік кездесу он-лайн режімде Қарағанды облысының әкімдігінде өткізілді. Оған жұмысына ЭҚЗ ҒЗИ аға ғылыми қызметкері, з.ғ.к., доцент Б.Ө. Сейтхожин қатысты.

«Студентке бағдарланған оқыту: заманауи тәсілдемелер мен құралдар »

«Студентке бағдарланған оқыту: заманауи тәсілдемелер мен құралдар »15 маусым 2016 жыл

Оқу-әдістемелік семинар

07.06.2016-10.06.2016 жыл кезеңінде Эрасмус+ Алматы қаласындағы ұлттық офисінде «Студентке бағдарланған оқыту: заманауи тәсілдер мен құралдар» деп аталатын халықаралық семинар өтті. Оның жұмысына біздің университеттің 2 қызметкері – бизнес және құқық факультеті деканының орынбасары мен ОП ЖҰМПД директорының орынбасары С.Б. Глазунова қатысты.

Семинарда «Еуропа Одағындағы» оқытудың студентке бағдарланған ортасы: заманауи үрдістер, тәсілдемелер және пайдалану», «Студентке бағдарланған оқыту ортасын енгізудің қысқамерзімді және ұзақмерзімді жоспары: ЕО болашағы» және тағы басқа мәселелер қарастырылды. Топтардағы жұмыс әсіресе қызықты және жемісті болды.
Алынған тәжірибені тарату мақсатында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде 2016 жылдың 15 маусымында университет оқытушылары үшін сондай семинар өтті.
Оқыту парадигмасын өзгерту, яғни оны жүзеге асыру барысында, академиялық қоғамдастықтың толыққанды мүшесі ретінде нәтиже үшін жауапкершілікті студенттер өзіне алуы тиіс фраза, семинардың негізгі идеясы болды.
Біздің университеттің қызметіне қолдануға болатын, үздік тәжірибе мысалдары біздің университет оқытушылары арасында үлкен қолдауға ие болды.

Түлектермен кәсіби бағдар беру жұмысы

Түлектермен кәсіби бағдар беру жұмысы25.05.2016 жылы қаламыздың орталық саябағында биылғы жылғы мектеп түлетеріне арналған соңғы қоңырауға байланысты қалалық мерекелік шара өткізілген.
Есеп-қаржы факультетінің декан орынбасары Л.К. Мусипова, факультет оқутушылары Ермекова К.А., Аубакирова А.М., Кыдырманова С.К., Омарова М.Т. осы шараға қатысып, мектеп түлектеріне университеттің оқу бағдарламалары жайлы кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында мектеп түлектеріне факультет білім бағдарламалары туралы әзірленген шағын буклеттер табыс етілді.

Конференция «Антикоррупциялық мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін қамтамасыз етудің, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функциясын жүзеге асырудың негіздерінің бірі»

Конференция «Антикоррупциялық мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін қамтамасыз етудің, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функциясын жүзеге асырудың негіздерінің бірі»2016 жылғы 24 мамырда сағат 10:00 Қазақтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетінде «Антикоррупциялық мәдениет – мемлекеттік мүлікті басқарудың тиімділігін қамтамасыз етудің, мемлекеттің әлеуметтік-мәдени функциясын жүзеге асырудың негіздерінің бірі» тақырыбына облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияны ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет жөніндегі министрлігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті және Экономикалық және құқықтық зерттеулер Ғылыми зерттеу институты (ЭҚЗ ҒЗИ).

Конференция жұмысының негізгі бағыттары:
1) Мемлекеттік қызмет саласында, сондай-ақ сот жүйесінде және құқыққорғау органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру әдістері;
2) Үкіметтік емес ұйымдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудағы рөлі;
3) Жастардың антикоррупциялық мәдениетін қалыптастыру – мемлекеттің басым міндеті

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL