• Blog news

ШЕТЕЛ ПРОФЕССОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

ШЕТЕЛ ПРОФЕССОРЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ16.09.2016 ӘЭ мен ХҚ кафедрасы, ЭБФ кафедраларының меңгерушілері және ЭБФ деканы Гимрановамен Г.И. бірлесе отырып, шетел профессорлары Стефания Бандини (Университет Милан-Бикокка, Италия), Марина Колонни (Университет Милан-Бикокка, Италия) және Манино Винсентомен (Университет Рома Тре, Италия) кездесу өткізді.
Кездесуде студенттер мен оқытушылардың академиялық мобильділігі, бірлескен жобаларды әзірлеу мен жүзеге асырудың мүмкіндіктері және оқу бағдарламаларын рецензиялау мәселелері талқыланды.

Ақпараттық-оқытушы семинар «ҚЭУ өкілдіктерінің техникалық қызметкерлер (бағдарламашылар) біліктілігін арттыру»

Ақпараттық-оқытушы семинар «ҚЭУ өкілдіктерінің техникалық қызметкерлер  (бағдарламашылар) біліктілігін арттыру»2016 жылдың 7 қыркүйегінде ҚҚЭУ Қашықтықтан оқыту орталығы «ҚЭУ өкілдіктерінің техникалық қызметкерлер (бағдарламашылар) біліктілігін арттыру» тақырыбында ақпараттық-оқытушы семинар ұйымдастырып, өткізді. Семинардың қажет етушілігі Өкілдіктердің техникалық қызметкерлерінің білімдері мен біліктерін жаңа технологияларға бейімдеу қажеттілігімен, ҚЭУ-де әзірленген жаңа технологиялық оқыту ресурсының бағдарламалық құрылымымен танысуымен, ЖАОК үшін жаңартылған бағдарламалық ортасын игеруімен, ЖАОК форматында қазіргі заманғы техникалық құралдарын пайдалану дағдыларға ие болуымен анықталған.
ҚЭУ Өкілдіктерінің бағдарламашылар біліктілігін арттыруының тағы бір маңызды бағыты – университеттің «Колледжілер түлектері үшін сынама тестілеу» порталдық бағдарламалық ресурстармен жұмыс істеу үшін практикалық дағдыларды алу қажеттілігі.
Техникалық жаңалықтарға қосымша контентті толтыру талаптарға сәйкес 2016 – 2017 оқу жылына оқу контентін даярлауындағы өзгерістер бойынша консультациялар өткізілді.
Семинарға ҚОО директоры И.А.Аманов, ҚОО директорының орынбасары В.Г.Дрозд, ДҚӘ қызметінің жетекшісі Р.У.Аманова, инженер-бағдарламашы С.К.Нұрақашев, бағдарламашы М.М.Түсіпов, тьютор-менеджер Д.Н.Мұстафина, ҚЭУ Өкілдіктерінің бағдарламашылары қатысты.

ҚҚЭУ «Туризм» мамандығының студенттерінің Өзбекстандағы өткен халықаралық тәжірибесі туралы ҚҚЭУ– 2016 жыл

ҚҚЭУ «Туризм» мамандығының студенттерінің Өзбекстандағы өткен халықаралық тәжірибесі туралы ҚҚЭУ– 2016 жылЖыл сайын «Туризм» мамандығының студенттері шетелден халықаралық тәжірибе өтуге мүмкіндіктері бар. 2016 жылы жазда (30-шы маусымннан 9-ші шілдеге дейін) Тур-31к және Тур-32 топтарың студенттері «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасының доценті Г.К. Замбиновамен бірге Самарқанд экономика және сервис институтының «SamISISayyohPlus» туристік компанияның шақыруымен Самарканд және Ташкент қалаларында тәжірибеден өтті.
Тәжірибе мақсаты Өзбекстанның туристік потенциалы мен туристік инфрақұрылымының қызметімен танысу болып табылды. Сонымен қатар, тәжірибе барысында біздің студенттері жыл сайын өтетін үш күндік «Самарқанд – Шығыстың маржаны» атты фестивальға белсенді қатысты.
Фестиваль барысында студенттер халықаралық «Туристік кластердің әдістемелік және әдіснамалық негіздерін жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Және де осындай бағалы тәжірибе өтуге мүмкіндік берген университет ректоры Е.Б. Аймағамбетовға ерекше алғыс білдіреміз.

«New methods and approaches to teaching and learning courses in English» атты БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫ

«New  methods and approaches to teaching and learning courses in English» атты БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСЫКөптілділікті оқытуды іске асыру шеңберінде 15 мен 24 маусым аралығында жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша білім беру департаменті ҚЭУ-дің профессорлық оқытушылар құрамына «New methods and approaches to teaching and learning courses in English» атты біліктілікті арттыру курсын ұйымдастырды.
Курс тыңдаушылардың ағылшынша сөйлеу қызметінің барлық түрлерінің дағдыларын жетілдіруге, оқытушыларға педагогикалық тәжірибелерін кемелдендіру және бағалауға, оқытушының жұмысы мен кәсіби педагогикалық контекстісімен арақатынасында білім беруде және оқытудағы заманауи амалдарды қарастыру және қолдануға бағытталған.
Тыңдаушылар осы курсқа үлкен қызығушылық танытып, Мукушева Г.Р.-ның жоғары кәсібилігін атап өтті. Курс соңында тыңдаушыларға сертификат таратылды.

2016 жылғы 22 маусымда Қарағанды экономикалық университетінде бизнес және құқық факультетінің түлектеріне диплом тапсырудың салтанатты кеші болып өтті.

2016 жылғы 22 маусымда Қарағанды экономикалық университетінде бизнес және құқық факультетінің түлектеріне диплом тапсырудың салтанатты кеші болып өтті.  Бұл жылы түлектерге диплом тапсырудың салтанатты шеруі атаулы болып табылады, өйткені 2016 жыл ҚЭУ үшін 50 жылдығын атап өтетін мерейтойлық жыл болды.
«Мерейтойлық» түлектер кеші университеті ректоры, экономика ғылымдарының докторы, профессоры Аймағамбетов Ерқара Балқараевичтің видеоүндеуінен басталды.
Дипломдарды тапсырудың мерекелік көңіл күйі «Жайна» би ансамблінің концерттік номері, Сапарғали Айнұр мен Идирисова Ұлжанның орындауындағы «Попурри» музыкалық номері, факультеттің бітіруші топтарының кураторларының ерекше видеоқұттықтауларына түлектер орындарынан тұрып қошемет көрсетуі, РД-12 тобының студенті Бокова Айзаның музыкалық сыйлығы мен «Мелоди» вокальды ансамбілінің орындауындағы «Армандастар» әні дәстүрлі аяқтаушы кеші 2016 жылғы түлектердің болашаққа жолдауына өз таңбасын салды.
Үздік дипломдарды академиялық мәселелер және жаңа технологиялар жөніндегі проректор э.ғ.к., профессор Бұғыбаева Роза Олжабайқызы тапсырды.
Факультет деканы академиялық қызметтердегі, ғылыми жетістіктері үшін, белсенді қоғамдық қызметі үшін, спорттағы жоғары жетістіктері үшін марапаттау хаттарын тапсырды.
Диплом алған мамандар 177 түлек болды, соның ішінде 12 үздік диплом алды.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL