• Blog news

Дүниежүзілік туризм күніне арналған туристік-спорттық эстафета

Дүниежүзілік туризм күніне арналған туристік-спорттық эстафета 28.09.2016 ж. туризм және мейрамхана ісі кафедрасы Дүниежүзілік туризм күніне арналған туристік-спорттық эстафета ұйымдастырды. Эсафетаға «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандықтарының студенттері белсенді қатысты.
Туристтік-спорттық эстафета 3 кезеңнен тұрды: команданы таныстыру, эстафетаның спорттық кезеңі, өлкетану бойынща сұрақтарға жауап беру.
Туристік-спорттық эстафета нәтижесі бойынша келесі орындар анықталды:
1-ші орын - «Пума» командасы (Тур-14с тобының студенттері);
2-ші орын –«Сапар тур» командасы (Тур-11к, Тур-13с/к топтарының студенттері);
3-ші орын – «Қар барысы» (Тур-21к тобының студенттері), «Bonifase» командасы (РД-12 тобының студенттері).

Кафедра мамандықтары студенттерінің халықаралық тәжірибе өтуі мен академиялық мобильділік бағдараламаларына қатысуы туралы конференция

Кафедра мамандықтары студенттерінің халықаралық тәжірибе өтуі мен академиялық мобильділік бағдараламаларына қатысуы туралы конференция  27.09.2016 ж. «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасы «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» студенттерінің 1-ші курс студенттеріне арнап «Халықаралық тәжірибе және академиялық мобильділік» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарда Самарақандта халықаралық тәжірибе, Алматыта оқу-жаттықтыру тәжірибесін өткен және де академиялық мобильділік бағдарламасына (Венгрия, Чехия, Латвия, Белгород) қатысқан студенттер дайындаған материалдарына презентация жасады.
Студенттер «Туризм» білім бағдарласы бойынша тәжірибе өту ерекшеліктері туралы, «Туризм» және «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» мамандықтары бойынша академиялық мобильділік бағдарламасы шегіндегі шетелдегі оқу мүмкіндіктері жайлы баяндап берді.
Студенттер университет ректорына Е.Б Аймагамбетовке осындай тәжірибеден өтуге, шетелде оқуға мүмкіндік берген үшін алғыс білдіреді.

"ЭКО Life" ғылыми-интеллектуалдық студенттер ұйымы ағаш отырғызуға қатысты

"ЭКО Life" ғылыми-интеллектуалдық студенттер ұйымы ағаш отырғызуға қатысты25.09.2016 ж. ҚЭУҚ «Экология және бағалау» кафедрасының "ЭКО Life" ғылыми-интеллектуалдық студенттер ұйымы «PosadiDerevo.kz» МҚБ - мен бірлесіп «Березняки» санаториында ағаш отырғызды.

ҚMМУ базасында өткен шет тілдері бойынша көптілді ЖОО аралық олимпиада

ҚMМУ базасында өткен шет тілдері бойынша көптілді ЖОО аралық  олимпиада2016 ж. қыркүйек айының 23 жұлдызында Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті базасында шет тілдері бойынша ЖОО аралық көптілді олимпиада өтті. Біздің университеттің атынан Жапаров Саян (МО-23 тобы), Санаубаев Болат (ТУР- 21к тобы), Кайкенова Томирис (ТУР-14с тобы) қатысты. 3 турдың қорытындысы бойынша біздің студентер 2 орынға ие болды.
Құттықтаймыз !!!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР ЖӘНЕ ДОСТАР!

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР ЖӘНЕ ДОСТАР!Қарағанды экономикалық университеті Туризм және мейрамхана ісі кафедрасы сіздері Дүниежүзілік туризм күнімен құттықтайды!
Дүниежүзілік туризм күні — әлемнің кез келген нүктесіне «есік ашық» күн. Саяхаттау мүмкіндігі сондай тамаша!
Дүниежүзілік туризм күнін 1979 жылы испаниялық Торремолино қаласында Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас Ассамблеясы бекіткен. 1970 жылдың 27 қыркүйегінде Дүниежүзілік туристік ұйым Жарғы қабылдады. Содан бері осы күн дүниежүзілік туризм күні болып белгіленген.
Бұл мейрамды атап өтудегі мақсат – туризмді дамытып, түрлі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Туризмнің маңыздылығы мен оның әлеуметтік, мәдени,экономикалық мәнін халықаралық деңгейге жеткізу. Кей мемлекеттер үшін , туризм маңызды экономикалық фактор және мемлекеттік бюджет кірісінің негізгі көзі болып табылады.
Турист болу сәнді, ең бастысы – денін сау және белсенді болуың!

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL