«Банк ісі» кафедрасының оқытушылары К.А Ермекова., А.С. Исанов және Ф-21с/к тобы студенттерімен бірлесе ҚҚЭУ №3 жатақханасында «ҚР–ның 25 жылдық тәуелсіздігіне» арналған «Менің елім, менің жерім» атты викторинасын ұйымдастырды. Викторинаның мақсаты отанды сүю, патриотизмді дәріптеу, ұлттар арасында бірлікті сақтау және студенттік өмірді белсенді етіп өткізу. Викторина 3 кезеңнен тұрды. Сонымен қатар викторинаға көрермендер белсене қатысты. Викторина соңында белсенді студенттерге бағалы сыйлықтар табысталынды және естелік суреттер жасалынды.
11 қазан - Онкүндіктің ашылуы. Үздік құттықтау-қабырға газеті бойынша конкурс «Ең үздік мамандық...» («Маркетинг» және «Логистика» мамандығының барлық топ студенттері Кафедра ПОҚ )11-50, 289 аудитория 12 қазан - Іскерлік ойын «Логист маршруты 2016», Қарағанды қ. орталық саябағы («Логистика» мамандығының 1-4 курс студенттерінің қатысуымен) 14 қазан -«Мен неге бұл мамандықты таңдадым?» тақырыбында эссе конкурсы, (катысушылар «Маркетинг» және «Логистика» мамандығының 1 курс студенттері) 19 қазан - Конференция «НҰРЛЫ ЖОЛ:ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ» (Есеп-қаржы факультетінің барлық мамандығының студенттері қатыса алады) 14-00, 289 аудитория, 20 қазан - Мамандық бойынша ең үздік жарнамалық ролик конкурсы («Маркетинг» және «Логистика» мамандығының барлық топтары қатысады, көлемі 1-2 минут) 21 қазан- Маркетологтар күніне арналған іскерлік ойын. Онкүндіктің қорытындысын шығару, жеңімпаздарды марапаттау (катысушылар «Маркетинг» және «Логистика» мамандығының барлық топ студенттері). 12-00, 289 аудитория
07.10.2016 ж. «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасының оқытушысы А.А. Гарипова және РД-34с тобының студенті Микадзе Лия және Тур-31к тобының студенті Шәкенова Айша Астана қаласында өткен BARCEF Bolashak Alumni Reunion Conference and Education Fair ірі халықаралық білім беру –жәрмеңке-конференциясына қатысты.
«Есеп және аудит» және КЭБП ҚҚЭУ бейінді мамандық студентеріне «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасы 7 қазан күні 2016 жылы кәсіптік бағдар және тәрбие жұмысы жайлы іс-шара өткізілді. «Бухгалтер күніне» арналған іс-шаралар келесі бағдарламаға сәйкес өтткізілді: 1) Салтанатты ашылуы «Дана үкі бухгалтерлік есеп-2016» (105 ауд.). Кіріспе сөз экономика ғылымдарының кандидаты, профессор «Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының меңгерушісі Мадиева Құралай Сагнаевнаға берілді. 2) «Есеп және аудит» мамандығының 2 курс магистранттары бухгалтер мамандығы жайлы презентация және бейнероликтер көрсетті. 3) ЭБҚК ҚҚЭУ студенттеріне арналған «Эрудит» атты викторина өткізілді. 4) «Дана үкі бухгалтерлік есеп-2016» номинанттары мен лауреаттарын дипломмен марапаттады.
«Бухгалтерлік есеп және аудит» кафедрасының кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша жауапты магистр, аға оқытушы Сабирова М.А.
2016 жылдың 6 қазанында Қарағанды экономикалық университетінде қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасының ұйымдастыруымен Тілдер күніне арналған «Тіл – халықтарды біріктіретін күш» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Мерекелік кештің негізгі мақсаты – тіл мәртебесін көтеру, студенттердің бойында Отанға, мемлекеттік тілге және жалпы тілдерге деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін қалыптастыру, патриоттыққа, Отан алдындағы жауапкершілікке тәрбиелеу.