Біздің студент аймақтық студенттер фестивалінде жеңімпаз атанды
15-17 қараша күні аралығында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Жастар – Қазақстанның болашағы» атты аймақтық студенттер фестивалі аясында өткен «Тәуелсіздік - тұғырым» атты мүшәйрасында үздік деп танылып 2 дәрежелі дипломмен экономикалық теория және мемлекеттік, жергілікті басқару кафедрасы, «ГМУ-32к» тобының студенті Қыдырбай Ернар Мерекеұлы марапатталды. Фестиваль Қарағанды облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының, «Жас Отан» ЖҚ және «Болашақ» академиясының демеуімен өткізілді. Аталмыш аймақтық студенттер фестивалінің қорытындысы «Шалқыма» концерт залында орын алды.
Мерекеұлы Ернарды кафедра ұжымы мен группаластарының атынан құттықтаймыз. Оқу мен шығармашылықта мол табыстарға жете берсін деп тілейміз!


2016 жылғы 17 қарашада Қазтұтынуоолдағы Қарағанды экономикалық университетінде «Қарағанды облысының жас ғалымдарының ЭКСПО-2017-ге үлесі» дәстүрлі көрме-конференциясы өткізілді.


