• Blog news

Аймақтардағы кәсіптік бағдар беру жұмысы

Аймақтардағы кәсіптік бағдар беру жұмысы2016 жылы 18-19 қарашада, кәсіптік-бағдар беру жұмысы шеңберінде «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының оқытушылары Талимова Г.У. мен Назаров Е.Ж. Жезқазған және Сәтбаев қалаларының жалпы білім беру мектептері мен гимназияларына іс сапармен барды.

«Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында» өткен дәріс

«Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайында» өткен дәріс2016 жылы 8 қараша күні «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы, магистр Байгожина Г.М. Қарағанды мұражайларының қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру курсының шеңберінде «Дипломатиялық этикет және протокол» пәні бойынша «Дипломатиялық этикет пен протокол негіздері» тақырыбында дәріс оқыды.

«Әлеуметтік-еңбектік қатынастарды реттеу» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы

2016 жылғы 23 қарашада «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының ғимаратында «Әлеуметтік-еңбектік қатынастарды реттеу» облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Конференцияны облыс әкімдігі «Диалог – жанжалдарды шешу орталығы» ЖМ бірлесіп өткізді. Біздің университеттен конференцияға ПББ директоры Ю.Н. Еремин, п. ғ. Д., профессор Н.А. Мыңжанов, т. ғ. к., доцент Е.Ж. Есенғараев, э. ғ. к., доцент В.И. Березюк, з. ғ. к., доцент ЭҚЗ ҒЗИ аға ғылыми қызметкері Б.К. Сыздық, доцент В.Б. Дуброва, з. ғ. к., аға оқытушы Н.А. Сәулебек, аға оқытушылар С. Хауия, А.С. Орынбеков, PhD Е.Д. Орынбасарова, магистр А.Р. Ибраева және басқалар қатысты.
Доценттер Е.Ж. Есенғараев пен Б.К. Сыздық пленарлық отырыста баяндама жасады. Сонымен қатар доцент Б.К. Сыздық 1-секцияның модераторы болды.

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіз Қазақстанның негізі»

«Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіз Қазақстанның негізі»23 қараша 2016 жылы Бизнес және құқық факультеті ҚММ №59 орта мектебі аясында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерей тойына арналған «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіз Қазақстанның негізі» атты патриоттық науқан өткізді! Жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін насихаттау – мерекелік шараның негізгі мақсаты болды. Бірлескен шараға оқушылар мен осы мектептің түлектері - университет студенттері қатысты. Патриоттық науқанның бағдарламасы бойынша мемлекеттік рәміздердің құрылу тарихы мен маңыздылығы туралы видеофильм көрсетіліп, интерактивті викторина өткізілді, Елтаңба, Әнұран және Туымыз туралы өлеңдер оқылып, Туған жер туралы әндер айтылды. Мерекелік шара Қазақстан Республикасы Әнұранының орындалуымен жабылды.

«1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысының 100-жылдығы»

«1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысының 100-жылдығы»17 қараша 2016 ж. ӘЖ және ӘСП кафедрасының ПОҚ-мы доцент Адамбекова С.М., аға оқытушы Мустафин С.Ш., маг. оқытушы Тусупова Г.Н. ВТ-12, ВТ-14, ИС-14с, Лог-12, Лог-13с, МК-11, МК-13с, УА-12, УА-14с, Ф-12, Ф-13с топтарда «1916 ж. көтерілістің 100-жылдығы» д-ңгелек үстел ұйымдастырып өткізді. Іс-шараның мақсаты: қазақ халқының тағдырында 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың маңызымен мен рөлін анықтау.
Дөңгелек үстел барысында, студенттерге «1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалысының 100-жылдығы» туралы деректі фильм назарға ұсынылды. Ф-12 топтың студенттері: Айтжанова Камилла «Национально-освободительное движение 1916 г.: предпосылки, повод, историческое значение»; Жалиева Аида «Движение казахов под предводительством Амангельды Иманова в свете нового мышления»; Урмаева Карина «Восстание 1916 г. В Семиречье»; Жунусова Асем «Участие национальной интеллигенции в национально-освободительном движении казахского народа 1916 г.» баяндамалары тындалды.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL