• Blog news

«Мансап күні-2017». «Банк ісі» кафедрасы.

Қарағанды экономикалық университетіндегі «Мансап күні-2017». «Банк ісі» кафедрасы.

«Мансап күні-2017». «Банк ісі» кафедрасы.2016 жылдың 18 қарашасында ҚҚЭУ қабырғасында «Мансап күні-2017» шарасы ұйымдастырылды. Аталмыш шараның мақсаты: бітіруші студенттерді жұмысқа орналастыру. Тиісінше шараға коммерциялық жане мемлекеттік мекемелер шақыртылды.

«Банк ісі» кафедрасы іс шараға белсене қатысты. Кафедра оқытушылары және кафедра меңгерушісі э.ғ.д., профессор Талимова Л.А. әрі түлек студенттерді жұмысқа орналастыруына жауапты э.ғ.к., доцент Гусманова Ж.А. оқытушыларын атап өтуге болады. Іс-шараға орай «Банк ісі» кафедрасы «Қаржы» және басқа да мамандығындағы түлектерді жұмысқа орналастыру мақсатында келесі қаржылық ұйымдарды шақырды: «ДельтаБанк» АҚ ҚФ, «Казкомбанк» АҚ ҚФ, «БанкЦентрКредит» АҚ, «Жинақ Банк» АҚ ҚФ, «QazaqBank» АҚ ҚФ және т.б. Іс-шара соңында түлектер ұйымдарға өз түйіндемелерін тапсырды.

«Банк ісі» пәнінен іскерлік ойыны

«Банк ісі» пәнінен іскерлік ойыны

«Банк ісі» пәнінен іскерлік ойыны14.11.16 жылы сағат 14:10 уақыт аралығында Ф-32, Ф-22с топтарымен бірлесе «Банк ісі» пәнінен «Коммерциялық банктердегі несиелеуді ұйымдастыру үрдісі» тақырыбы бойынша «Қаржыгер күніне» арналған іскерлік ойыны ұйымдастырылды. Іскерлік ойынды ұйымдастырушы РhD докторы Омарова А.Т. Іскерлік ойынға ЕҚФ деканы Накипова Г.Е. және «Банк ісі» кафедрасының оқытушылары қатысты. Іскерлік ойыны соңында қорытынды жарияланды және белсенді қатысқан студенттер аталып өтті.

Математика бойынша өткен Олимпиаданың қорытындысы

1Жалпы білім беретін орта мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында математика бойынша өткен Олимпиаданың қорытындысы

2016 жылдың 5 қарашасында жоғары математика кафедрасының оқытушылары жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушыларының арасында математикадан Олимпиада өткізді. Олимпиадаға 30 мектептен 279 оқушы қатысты.

Олимпиада нәтижелері бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздар анықталды:

№86 мектебінде кәсіптік бағдар жұмысы

12016 жылдың 7 қараша күні Қазтұтынодағы Қарағанды экономикалық университетінің Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының доценті Дуброва Н.Б., және оқытушы Сарбасов Б.А., Қарағанды қаласының №86 орта мектебінде кәсіптік бағдар аясында мектеп түлектері арасында ҰБТ тапсыратын оқушылардың 5 - ші пәнді анықтайтын сауалнама, университет өмірі туралы видеофильм және кафедраның Тәуелсіздік күніне арналған конкурс-эссеның жеңімпаздарына және қатысушыларына мадақтама қағаздарын тапсырды.

«Информатика білімпазы» атты квест ойыны

«Информатика білімпазы» атты квест ойыны05.11.2016 Есеп-қаржы факультеті «Ақпараттық-есептеуіш жүйелері кафедрасы» кәсіби бағыт жұмысы бойынша Қарағанды қаласының орта және орта-кәсіби білім беретін оқу орындарының арасында АЕЖ кафедрасының «Мамандықтары күніне» орай «Информатика білімпазы» атты квест ойының өткізді.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL