«Әлеуметтік-еңбек қатынастары»
2016 жылы 23 қарашада Қарағанды облысының Нур-Отан партиясында «Әлеуметтік-еңбек қатынастары» атты конференция өткізілді. Осы конференцияға з.ғ.к., ЖҚжАП кафедрасының аға оқытушысы Н.А.Саулебек болды.
2016 жылы 23 қарашада Қарағанды облысының Нур-Отан партиясында «Әлеуметтік-еңбек қатынастары» атты конференция өткізілді. Осы конференцияға з.ғ.к., ЖҚжАП кафедрасының аға оқытушысы Н.А.Саулебек болды.
25 қарашада 2016 жылы мерекелік ісшараларды өткізу барысында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған, «ТМД 25-жыл: қатысушы елдердің өзара іс-қимыл және ынтымақтастықтың келешегі нәтижелері» Оңтүстік Орал мемлекеттік университеті және «Еуразиялық қоғамдастық» Әлеуметтік-экономикалық дамыту қор серіктестермен онлайн талқылау (дөңгелек үстел) өткізілді.
Іс-шара Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті жанындағы ЖЭЖТ ҒЗИ және ЭҚЗ ҒЗИ ұйымдастыруымен өтті.
Онлайн-талқылау (дөңгелек үстел) жұмысына қатысқандар:
1. Кузменко Юлия Генадьевна, ООрМУ профессоры, «Еуразиялық қоғамдастық» қоры сарапшы, э.ғ.д., профессор (Челябинск қ.)
2. Айнабек Қуандык Салихұлы, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті жанындағы Жаңа экономика және жүйелік талдау ҒЗИ директоры, э.ғ.д., профессор (Қарағанды қ.)
3. Глухарев Дмитрий Сергеевич, «Еуразиялық қоғамдастық» қоры сарапшы, т.ғ.к., доцент (Челябинск қ.)
4. Петренко Елена Степановна, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы адами капиталды дамыту комитетінің төрағасы, э.ғ.д., (Қарағанды қ.)
5. Окольнишникова Ирина Юрьевна, ООрМУ профессоры, «Еуразиялық қоғамдастық» Әлеуметтік-экономикалық дамыту қор вице-президенті, э.ғ.д., профессор (Челябинск қ.)
6. Улыбышев Дмитрий Николаевич, Қазтұтынуодағы ҚЭУ Ғылыми жұмыс, стратегиялық және инновациялық даму жөніндегі проректор, э.ғ.к., доцент (Қарағанды қ.)
7. Борбасова Зияда Назибековна, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті жанындағы Жаңа экономика және жүйелік талдау ҒЗИ директор орынбасары, э.ғ.д., профессор (Қарағанды қ.)
8. Феткулов Аликжан Халелович, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті жанындағы экономика-құқықтық зерттеу ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері, з.ғ.к., доцент (Қарағанды қ.)
Талқылау қорытындысы бойынша, бизнес тарихы мен посткеңестік кеңістіктегі жаңа индустриялық жоспарлардың жүзеге асыруды талқылауға арналған бірлескен ғылыми-зерттеу және форумдар өткізу туралы шешім қабылданды
Қарашаның 22 күні университетіміздің қабырғасында ӘЖ және ӘСП кафедрасының ұйымдастырумен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Мемлекеттік рәміздер - Тәуелсіз Қазақстанның негізі» атты патриоттық акция өткізілді. Бұл салтанатты жиынның басты мақсаттары болып жастарға патриоттық тәрбие беру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің шығу тарихы жайлы білімдерін одан әрі арттыру және де Мемлекеттік Рәміздер туралы түсінікті насихаттау көзделді. Іс-шараның жүргізушілері СР-32 тобының студенті Сахатаева Назым мен ОПЭК -21к тобының студенті Қанатұлы Жанайдар. Жиын барысында Мемлекеттік Рәміздер туралы бейнеролик көрсетіліп, қатысушы көрермендерге тақырыпқа сай викторина ойыны өткізілді. Көрермендер тарапынан белсенділік танытылып, бар білімдері сарапқа салынды. Жиын сонында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалып, жастар жүрегінде патриоттық сезім бір ұялатты.
2016 жылғы 26 қарашада Қазтұтынуодағы ҚЭУ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналып «Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет: түйткілдері мен келешегі» дөңгелек үстелі өтті.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырған Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми зерттеу институты.
Дөңгелек үстелге Қарағанды облысы әділет басқармасының басшысы А.Н. Жүсіпов, Кәсіпкерлердің облыстық палатасының директоры М.Т. Божбанов, Кәсіпкерлердің еуразиялық қауымдастығының төрағасы Ж.Т. Алданғаров, облыс кәсіпкерлері қауымдастығының атқарушы директоры С.М. Санаубаев, «Озарение ҚҚ президенті, «Диалог – Жанжалдарды шешу орталығы» ЖМ директоры Т.И. Савицкая, «МедиаЛайф» ҚҚ президенті О.А. Волкова шақырылды. Дөңгелек үстелге Жаңа эконоимика және жүйелік талдау ҒЗИ директоры, э.ғ.д., профессор Қ.С. Айнабек, «МедиаЛайф» ҚҚ әлеуметанушысы С:П. Фролов, ЭҚЗ ҒЗИ жетекші ғылыми қызметкері, з.ғ.к., доцент М.Т. Кәкімжанов, ЭҚЗ ҒЗИ аға ғылыми қызметкері, з.ғ.к., доцент Б.К. Сыздық және ЭҚЗ ҒЗИ және ЖЭЖЗ ҒЗИ ғылыми қызметкерлері, университет оқытушылары, магистранттар, студенттер қатысты. Дөңгелек үстелде қызу пікірталас орын алды. Жиын соңында белсенді қатысушыларға сертификаттар табысталды.
2016 жылдың 27 қараша күні жоғары математика кафедрасының оқытушылары М.С. Айтенова мен Н.Г. Козлова УА-32, УА-12 кураторлық топтарында Дүниежүзілік кампания «Мен қолдаймын # АИТВ алдын алу» ЖҚТБ –мен күресудің аясында Қарағанды облысы ЖҚТБ – мен күресу және алдын алу бойынша орталығының маманы Д.М. Балгембекованың қатысуымен «АИТВ – біздің заманымыздағы шындық» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс шара барысында бейнеролик көрсетіліп, АИТВ –тің алдын алу мен оның берілу жолдары туралы сұрақтар талқыланды. Студенттер АИТВ –нің таралуы мен күресудің жолдары бойынша талқылауда сұрақтар қойып, белсенділік танытты.