• Blog news

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған интеллектуалды ойын.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған интеллектуалды ойын.2016 жылдың 21 қараша күні Бизнес және құқық факультетінің Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу кафедрасының аға оқытушысы Копбулов Р.А., және оқытушы Сарбасов Б.А., ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Конституциясының 21 жылдығына арналған университеттің 1 курс студенттер арасында интеллектуалды ойын өткізді.
Егемен еліміздің мемлекеттілігін, тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айғақтайтын бірден бір құжат – бұл Конституция. Ата заңымыздың алдында бәріміз де бірдей жауапты, бәріміз де бірдей міндеттіміз. 1995 жылы 30 тамызда республикамызды мекендеген барша ұлт пен ұлыстың атсалысуымен, кең көлемде қолдауымен еліміздің басты құжаты қабылданған. Бүгін сол Ата Заңымызға 21 жыл толып отыр.
Ойынның мақсаты ҚР Конституциясының негізгі нормаларын қарастырып, өз елінің патриоты және азаматы етінде тәрбиелеу, махаббатқа тәрбиелеу, өз еліне құрметпен қарап, мақтанышы болу, заңға бағынған азамат ретінде тәрбиелеу болып табылады
Ойын достық жағдайда өтті, студенттер ерекше ынта көрсетіп, қойылған барлық сұрақтарға дұрыс жауап берді Ең белсенді 5 бірінші курс студенттері ерекше сыйлықтармен және мақтау қағаздармен марапатталды.
Құрметті әріптестер, студенттер!
Сіздерді Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтай отыра, оқуда сәттілік тілейміз!

Қарағанды қаласының орта білім беретін оқу орындарының 10-11 сынып оқушылары арасында информатикадан пәндік олимпиадасын өткізді.

Қарағанды қаласының орта білім беретін оқу орындарының 10-11 сынып оқушылары арасында информатикадан пәндік олимпиадасын өткізді.26.11.2016 Есеп-қаржы факультеті «Ақпараттық-есептеуіш кафедрасы» кәсіби бағыт жұмысы бойынша Қарағанды қаласының орта білім беретін оқу орындарының 10-11 сынып оқушылары арасында информатикадан пәндік олимпиадасын өткізді.
Информатика олимпиадасының қорытындысы бойынша жүлдегерлер келесі орындарға ие болды:

«Экология және бағалау» кафедрасы «бағалау көшбасшысы» интеллектуалдық ойынын өткізді

«Экология және бағалау» кафедрасы «бағалау көшбасшысы» интеллектуалдық ойынын өткізді22 қараша 2016 ж. «Экология және бағалау» кафедрасы «Экология және экономика» апталығына орай «Бағалау көшбасшысы» интеллектуалдық ойынын өткізді. Ойын қорытындысы бойынша 1 орын Қарағанды экономика және статистика колледжі иеленді.

«Экология және бағалау» кафедрасы «мен-эколог» интеллектуалдық ойынын өткізді

«Экология және бағалау» кафедрасы «мен-эколог» интеллектуалдық ойынын өткізді22 қараша 2016 ж. «Экология және бағалау» кафедрасы «Экология және экономика» апталығына орай «Мен - эколог» интеллектуалды ойыны өткізілді. Ойынның қорытындысы бойынша 1-ші орын КМБ ОМ №63 қабылданды.

Республикалық брифинг және блиц-сайысы

Республикалық брифинг және блиц-сайысы2016 жылдың 28 қарашасында “Банк ісі” және «Қаржы,салық және сақтандыру» кафедралары қаржы-банктік секторы өкілдері, оқытушылар мен еліміздегі жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында Республикалық брифингін және блиц-сайысын ұйымдастырды. Іс-шара ҚҚЭУ студенттер мәдениет сарайында өткізілді.
Аталмыш іс-шара Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «Қаржыгерлер» күніне орай ұйымдастырылған. Іс-шара барысында көрермендер арасында арнайы туры өтті. Сайыс соңында қатысушыларға кубок, медальдар, мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтар табыс етілді. Соңында ұйымдастырушылар және сайыс қатысушылары бірлесе естелік суретке түсті.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL