«Политілді оқытушы» сайысының жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!

«Политілді оқытушы» сайысының жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!25.10.2016 ж. шетел және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен университет оқытушыларының арасында «Политілді оқытушы» атты сайыс өтті.
Сайыс еліміздегі политілді білім беру идеясының аясында оқытушылардың тілдерді меңгеру деңгейлерін анықтап, олардың шет тілдеріне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында жүзеге асты.
Сайыста әсіресе «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының оқытушылары ерекше белсенділікпен көзге түсіп, нәтижесінде басты орындарды иеленді:
1 орын – «ПОЛИГЛОТ» тобы: аға оқытушы, магистр Сыздықбеков Е.С., аға оқытушы, магистр Назаров Е.Ж.
2 орын – «NO PASARAN» тобы: аға оқытушы, магистр Байгожина Г.М., оқытушы, магистр Атабаева Д.Т.

Жемқорлық жол жоқ

Жемқорлық жол жоқ2016 жыл 19 қазанда Қарағанды қаласының № 3 гимназиясында 11 сынып оқушылары мен «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттерінің қатысуымен «Жемқорлық жол жоқ» атты танымды ойын өтті.

EkoLife командасы «Тазалығы кубогы студенттік лига» сайысынан екінші жыл қатарынан 1-ШІ ОРЫН АЛДЫ

EkoLife командасы «Тазалығы кубогы студенттік лига» сайысынан екінші жыл қатарынан 1-ШІ ОРЫН АЛДЫ26 қазанда «Жастар» спорт кешенінде жыл сайынғы қалалық турнир «Тазалығы кубогы студенттік лига» сайысы өтті. Екінші жыл қатарынан EkoLife командасы 1-ші орын алды. Турнирға қаланың жоғары оқу орындарынан 9 команда 90 адам қатысты.

Тәжірибелік қызметкер шақыру

Тәжірибелік қызметкер шақыру21.10.2016 жылы сағ 12:10-да 307 б аудиториясында Мн-31, Мн-42, Мн-32с, Ф-32с топтарында «Жобаларды басқару» және «Басқару шешімдерін қабылдау әдістері» пәнінен тәжірбие орынынан қызметкердің қатысуымен тәжірбиелік сабақ жүргізілді. Сабақты «Экономика және менеджмент» кафедрасының PhD., аға оқытушысы Омарова Айнур Тояковна және «МК-Ломбард» ЖШС-нің филиалдары арасында басқару қызметін қадағалау және бақылау бөлімінің маманы Толеубаева Алия Джулдызовна жүргізді.

«Cosmonaut» қонақүй кешеніні базасында өткен тәжірибелік сабақ

«Cosmonaut» қонақүй кешеніні базасында өткен тәжірибелік сабақ 25-ші қазан 2016 ж. «Cosmonaut» қонақүй кешеніні базасында «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» және «Туризм» мамандықтарының 1-2 курс студенттерімен кафедра доценті Г.К.Замбинова жетекшілігімен тәжірибе сабағы өтті.
Кәсіпорынның жұмысы мен қызмет көрсету ерекшеліктері туралы баяндаған:
Осипов Федор Александрович»директоры
Иван Маврояниди - "Жулдыз"мейрамханасының бас-аспазшысы
Кешеннің басшысы студенттерді қарсы алып, сабақ барасында кәсіпорынның барлық қызмет түрлерімен таныстырды, қызметкерлерімен таныстырды, студенттерді қызықтырған сұрақтарын толық жауап берді.
Экскурсия аяқталған сон, Федор Александрович студенттерді Үлкен конференц-залына шақырды, онда студенттер сабақ барысында туындаған сұрақтарын қойып, дәрісті ары қарай тыңдады. Сабақ соңында студенттерге арнап шай-үстелі ұйымдастырылыпты, онда студенттерге мейрамхананың фирмалық тәтті-тоқаштарынының дәмін көрді.
Қонақүйдің басшылығы мен қызметтеркерлеріне осындай танымдық, қызықты сабақ ұйымдастырғандарына үлкен рахмет!

МЖБ Студенттік конференциясы

МЖБ Студенттік конференциясыАғымдағы жылдың 21 қазан күні сағат 14.00-15.00 аралығында 103 дәрісханада ЭТ және МЖБ кафедрасының ұйымдастыруымен Мемлекеттік жергілікті басқару мамандығының 1-4 курс студенттері арасында «ЖАСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚАБІЛЕТТІЛІКТЕРІ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған студенттік конференция өтті.
Студенттік конференция мақсаты мен міндеттері:
- өзекті ғылыми мәселелерді шешуде студенттердің үлесін арттыру;
- конференциядағы ең үздік ғылыми-зерттеу жұмысын анықтап, ынталандыру жұмыстарын жүргізу;
- студенттер бойында ғылыми-зерттеу қабілеттері мен қызығушылықтарын арттыру.
Студенттік конференция жұмысына негізгі 10 үздік мақала іріктелініп қорғауға жіберілді. Жұмыс барысында құрылған әділ қазылар алқасы қорғалған мақалалар арасынан үздік үштікті анықтады. Олар: І орын – Асман Н. ГМУ-42 ғылыми жетекшісі- э.ғ.к., доцент З.Х. Жанбекова , ІІ орын – Қадырбай Е. ГМУ-32к ғылыми жетекшісі- экономика ғылымдарының магистрі Е.Б. Букатов, ІІІ оырн - Құнанбаев С. ГМУ-11к ғылыми жетекшісі- экономика ғылымдарының магистрі Х. Ертай. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды және олардың мақалалары алдағы уақытта университеттік студенттік конфеенция материалдар жинағына ұсынылатын болады.

Маркетинг және логистика кафедрасының «Ашық есік күні»

Маркетинг және логистика кафедрасының «Ашық есік күні»Маркетинг және логистика кафедрасы «Онкүндік» аясында, Қарағанды қаласының №5, № 76 және Шахтинск қаласының №1,5,16 мектеп оқушыларына арнап «Ашық есік күнін» өткізді. Оқушылар университет ішіне экскурсия жасап, «Маркетинг калейдоскопы» атты мерекелік шараға қатысты. Қонақ ретінде келген жұмыс беруші - кәсіпорын басшылары сөз алып, студенттер мен болашақ студенттерге біздің мамандықтардың еңбек нырығандағы сұранысы жоғары екенін, оқу орнын таңдағанда дұрыс таңдау жасау керектігін айтты. Кеш соңы мерекелік фуршетпен аяқталды

«Достар әлемі» Қонақүй кешені базасында өткен сабақ туралы

«Достар әлемі» Қонақүй  кешені базасында өткен сабақ туралы20-шы қараша 2016 жылы туризм және мейрамхана ісі кафедрасының оқытушылары Б.Т. Матаева және Н.Т. Аешова «Достар әлемі» қонақүй кешені базасында «Туризм» және «МІҚБ» мамандықтарының студенттерімен сабақ өткізуді ұйымдастырды.
Сабақ өткізу барысында студенттер қонақүй бизнесін ұйымдастыру ерекшеліктерімен, жеке қызметтердің және мейрамхана қызметі жұмысының жоспарлауыны сипаттарымен таныса алды. Әсіресе студенттерге кешеннің тарту бағдарламалары қызығушылық тудырды. «Бумер» боулинг қызметкерлерінің әңгімелері қонақүй кешені қызметі бағытының клиентердің көңіл-күйлерін көтеруді ұйымдастыру туралы көз-қарастарды толықтырды.
Аешова «Достар әлемі» қонақүй кешені жетекшілігіне Қазақстандағы жоғары білімдегі тәжірибелік-бағдар саясатына қолдау көрсеткеніне алғыс білдіреміз.

«Авалон» ТГҚ және«Nomandic Travel KZ» туркомпания базасындағы сабақ

«Авалон» ТГҚ және«Nomandic Travel KZ» туркомпания базасындағы сабақ19-шы қазан 2016 жылы Туризм және мейрамхана ісі кафедрасының оқытушысы А.А. Маймурунова «Туризм» мамандығының Тур-34с/к, 41к тобының студенттерімен «Туроперейтинг» пәні бойынша «Авалон» ТГҚ-на және ««Nomandic Travel KZ» туристік компаниясы базасында сабақ өткізді.
Аталмыш сабақта студенттердің теоретикалық алған білімдерін тәжірибе барысында бекітілді. Сабақ туркомпанияның қызметі барысымен танысумен басталды. «Авалон» ТГҚ-ң президенті Виталий Шуптар студенттерге шетелдік туристер үшін туристік өнімді қалыптастыру және жылжыту ерекшеліктері туралы толық түсіндіріп берді.
Студенттер аса қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, кешенді жауаптар алды. Сабақ барысында сонымен бірге, туристік нарықтың даму болашағы мен мәселелері туралы сұрақтар қозғалды.

«Ұлы Жібек Жолы» тақырыбына арналған ашық сабақ

«Ұлы Жібек Жолы» тақырыбына арналған ашық сабақ14 қазан күні 2016 ж. 103 ауд. ӘЖ және ӘСП кафедрасының оқытушылары магистр Манасова М.М., магистр Маханова Б.Р., магистр Тусупова Г.Н., магистр Тутинова Н.Е. «Ұлы Жібек Жолы» тақырыбына арналған ойын-саяхат түріндегі ашық сабақ өткізді. Ұсынылған тақырыптың негізгі мақсаты: Ұлы Жібек жолының пайда болуы мен таралу тарихына шолу жасай келе, Ұлы Жібек жолының тармақтары, Жібек жолының Қазақстандағы сілемдері, Жібек жолы арқылы тасылған негізгі тауарлар, керуен жолының мәдениет пен діннің, сауданың, қалалардың дамуына қосқан үлесі мен әлеуметтік-экономикалық маңызын ашу, сонымен қатар қазіргі замандағы Ұлы Жібек Жолы идеясының қайта жаңғыруы.
Ашық-танымдық сабаққа «Керуен» (УА-11к тобы), «Мәдениет» (Лог-11к тобы), «Өркениет» (Ф-11к тобы) атты үш топ қатысты. Интеллектуалдық ойын - үш турдан тұрды: І Тур – «Білгенге маржан», ІІ Тур – «Жүйрік болсаң, шауып көр», ІІІ тур – «Ойлан-тап».
Интеллектуалды ойынның барысын қадағалап, бағалап, қорытынды шығарған арнайы шақырылған әділ қазылар алқасының мүшелері: ӘЖ және ӘСП каф. меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Абдакимова М.К., каф. аға оқытушысы Мустафин С.Ш.
Ойынның нәтижесі бойынша жүлделі орындарды иеленгендер және дипломдармен марапатталғандар:
1 орын – «Өркениет» (Ф-11к тобы);
2 орын – «Керуен» (УА-11к тобы);
3 орын – «Мәдениет» (Лог-11к тобы).

Erasmus+ бағдарламасының CACTLE жобасының презентациясы.

Erasmus+ бағдарламасының CACTLE жобасының презентациясы.2016 жылдың 13 қазанында сағат 15.10 103 аудиторияда университет ұжымының алдына Erasmus+ бағдарламасының шеңберінде CACTLE (Central Asian Centre of Teaching, Learning and Entrepreneurship) жобасы таныстырылды. Вена экономикалық университетінің (Австрия) қадағалауымен жүретін жобаға Өзбекстан мен Қырғызстанның жоғары оқу орындарынан басқа Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университеті де қатысып отыр. ҚҚЭУ жағынан 5 оқытушы, оның ішінде «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының магистрі, аға оқытушы Сыздыкбеков Е.С. бар. ҚҚЭУ ұжымы алдында Сыздыкбеков Е.С. алда ашылатын оқытудың, білім берудің және кәсіпкерліктің Орталығында пайдаланатын Веналық білім беру моделі (еуропалық ғалымдар қолданып жатқан Блум Таксономиясы инновациялық оқытудың әдістерінің жаңа нұсқасы) туралы баяндады.

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL