«Ізгілікті қолдайық» «Үміт сәулесі»қоғамдық қорының төрайымы Кравченко Т.И. кездесу.

«Ізгілікті  қолдайық» «Үміт сәулесі»қоғамдық қорының төрайымы Кравченко Т.И. кездесу.Қарағанды Экономикалық Университетінде студенттердің «Үміт сәулесі»қоғамдық қорының төрайымы, сондай-ақ Қарағанды Қалалық маслихатының депутаты Кравченко Татьяна Ивановна мен кездесуі өтті.Татьяна Ивановна 18 жылдан астам уақыт ерекше қажеттілікті талап ететін балалармен жұмыс атқарып жүр.Осындай балаларды емдеу және әлеуметтік бейімделуі үшін қордың көмегімен құрылған орталықта барлық жағдайлар жасалған;бассейн,қытай массажистері,еңбекпен емдеуге,ертегімен емдеуге,жануарлардың көмегімен емдеуге көп назар аударылады.Жазда балалар ат спорты мектебіне барып,атқа мініп қыдыра алады. «Үміт сәулесі» өзінің көптеген тәрбиеленушілеріне мамандық алуға көмек көрсетті.
Кездесу ешкімді де немқұрайлы қалдырмады.Көптеген студенттер біздің университеттің волонтерлік қозғалысына қатысып,барлық мұқтаждық көргендерге көмек көрсетуге дайын екендігі туралы ниет білдірді.

«Вдохновение» театры көрермендерге М.Ю. Лермонтовтың «Маскарад»шығармасы бойынша қойылым көрсетті.

«Вдохновение» театры көрермендерге М.Ю. Лермонтовтың «Маскарад»шығармасы бойынша қойылым көрсетті.Қарағанды Экономикалық Университетінде «Вдохновение» театры 2008 жылдан бастап жұмыс жасайды.Дарынды студенттер жетекшісі Е.Г.Пономаренко мен бірге репертуарын таңдап,қойылымдарға қатысады.Таяуда студенттер М.Ю.Лермонтовтың«Маскарад»драмасын студенттер сарайында көрсетті.
Қойылымды студенттер екі ай дайындады.Олар драманың мәнісін соншалықты түсініп,сезіне білді.рөлдерін нағыз кәсіби артистер сияқты ойнап,махаббат,адалдық,кең пейіл сияқты құндылықтар қай заманда болсын өзекті болып қалатындығын көрсетті.

«Дипломатиялық этикет ерекшеліктері» ойыны

«Дипломатиялық этикет ерекшеліктері» ойыны2016 жылы 8 желтоқсан күні әлемдік экономика мен халықаралық қатынастар кафедрасы "Халықаралық қатынастар" мамандығының 4 курс студенттерімен «Дипломатиялық этикет ерекшеліктері» ойынын өткізді. Ойын қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өтті.

«Polylingual generation» интеллектуалды ойыны

«Polylingual generation» интеллектуалды ойыны2016 жылғы 9 желтоқсан күні «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасы Қарағанды қаласы жалпы білім беретін мектеп оқушылары, колледж және ЖОО студенттері арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «Polylingual generation» интеллектуалды ойынын ұйымдастырды. Іс-шара қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізілді.

Кәсіби-бағдар беру жұмысын жүзеге асырамыз!!!

Кәсіби-бағдар беру жұмысын жүзеге асырамыз!!!2016 жылдың 8 желтоқсанында Қазтұтутынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Дене тәрбиесі» кафедрасының оқытушылары Қарағанды қаласының орта-білім беретін мектеп түлектерінің арасында Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Көңілді старт» ойындарын өткізді.
«Көңілді старт» бағдарламасы ешкімді жалықтырмайтындай етіп ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары өздерінің барлық спорттық шеберліктерін, ептіліктерін, жылдамдықтарын, физикалық дайындықтарын көрсетті.
Ойын қорытындысы бойынша І орынды - № 81 ОБМ, ІІ орынды - № 54 ОБМ, ІІІ орынды - № 83 ОБМ, № 66 ОБМ (аралас командалар) алды.
Ойынның салтанатты жабылуында барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және мадақтамалармен марапатталды, ал жеңімпаз команда № 81 ОБМ-не ректор Кубогы тапсырылды.

Implement prof-orientational work!!!

Implement prof-orientational work!!!December 8, 2016 the teachers of physical training department of Karaganda economic university of Kazpotrebsoyuz performed «Funny start» games among the 11-th grade of secondary schools of Karaganda city. Funny start were dedicated to the 25-th of anniversary of independence the Republic of Kazakhstan.
The pupils showed their sport skills, flexibility, speed abilities, physical preparation.
According to the results the first place was given to school 81, secont place to school 54, third place to school 83 and 66 (mixed teams).
All the winners were handed diplomas, different certificates of awardance and the winners were awarded with the rector 's Cup.

Жақсы өнімдер - жақсы өмір сүру үшін

Жақсы өнімдер - жақсы өмір сүру үшін06.12.2016 ж. «Тауартану және сертификаттау» кафедрасында 5В073200 «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша 1 және 2 студенттеріне арналған «Сапалы өнім - жарқын өмір үшін»
атты ашық тәрбиелік іс- шара өткізді.
«Сапалы өнім - жарқын өмір үшін» атты ашық тәрбиелік іс- шара мамандық презентациясы үлгісінде өткізілді. Іс-шараның мақсаты «Стандарттау және сертификаттау» мамандығы туралы көрсетілімді үлгілендіру.

«БҰҰ Бас Ассамблеясының моделі» рөлдік ойыны

«БҰҰ Бас Ассамблеясының моделі» рөлдік ойыны2016 жылдың 8 желтоқсанында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде «Қазіргі Орталық Азия елдеріндегі әйелдердің жағдайын жақсарту» тақырыбында «БҰҰ Бас Ассамблеясының моделі» рөлдік ойыны өткізілді. Ойын нәтижесінде 15 делегация ішінен Қарағанды экономикалық университетінің «Халықаралық қатынастар» мамандығының студенттері Горная М. и Евсюкова Ю. «Үздік делегация» номинациясын жеңіп алды.

«Бүкіләлем тарихы мен халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

«Бүкіләлем тарихы мен халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция2016 жылы 7 желтоқсан күні ҚҚЭУ «Халықаралық қатынастар» мамандығының ІІ курс студенті Есен Гүлдәурен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және бүкіләлем тарихы мен халықаралық қатынастар кафедрасының 50 жылдығына арналған «Бүкіләлем тарихы мен халықаралық қатынастардың өзекті мәселелері» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда үздік баяндамасы үшін І орынды иеленді.
Есен Гүлдәуренді жеңісімен құттықтаймыз.

December 7, 2016 the student of the 2nd course of the specialty "International relations" of Karaganda economic university EsenGuldauren won the 1st place at the Republican scientific-practical conference "Actual problems of the world history and internat

December 7, 2016 the student of the 2nd course of the specialty "International relations" of Karaganda economic university EsenGuldauren won the 1st place at the Republican scientific-practical conference "Actual problems of the world history and internatDecember 7, 2016 the student of the 2nd course of the specialty "International relations" of Karaganda economic university EsenGuldauren won the 1st place at the Republican scientific-practical conference "Actual problems of the world history and international relations" which was held in Karaganda State University named after E.A. Buketov. The conference dedicated to the 25th anniversary of the Independence of Kazakhstan and the 50th anniversary of the department of the world history and international relations of KSU.

«Нұрлы болашақ» тақырыбындағы пікір-сайыс ойыны өтті

«Нұрлы болашақ» тақырыбындағы пікір-сайыс ойыны өтті   Қазақстан Республикасы Тәуеліздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылдың 08 желтоқсан күні экономикалық теория және мемлекеттік, жергілікті басқару кафедрасының ұйымдастыруымен «Нұрлы болашақ» тақырыбы аясында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл кезеңінде жеткен ең маңызды жетістігі» резолюциясы бойынша интеллектуалды пікір-сайыс ойыны өткізілді. Интеллектуалды пікір-сайыс ойыны АПФ (Америкалық парламенттік формат) бойынша өтті. Қатысушы студенттер өзара пікір алмасып, Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік саласындағы өзгерістер бойынша маңызды және құнды ақпараттарға ие болды. Ойынға қатысушыларға алғыс хаттар табыс етілді.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL