Гонконг – сіздің Азия-тынық мұхиты аймағындағы корпоративті платформаңыз» семинары

Гонконг – сіздің Азия-тынық мұхиты аймағындағы корпоративті платформаңыз» семинары2017 жылы 29 наурызда ӘЭ мен ХҚ кафедрасының оқытушылары Арыстан М.И., Талимова Г.У., Шукушева Е.В., «Әлемдік экономика» мен «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының студенттерімен бірге Қарағанды облысының кәсіпкерлер Палатасы және Гонконгтың ресми сыртқы сауда органы – Сауданы дамыту бойынша Кеңесімен бірлескен «Гонконг – сіздің Азия-тынық мұхиты аймағындағы корпоративті платформаңыз» атты семинарына қатысты.
Семинарда бүгінгі Қытай экономикасының даму ерекшеліктері, ҚХР өнеркәсіп өндірісі мен тұтыну нарығы, Отандық кәсіпорындардың қытайлық компаниялармен бірлескен бизнес жүргізу ерекшеліктері, Гонконгтағы салық жүйесінің артықшылықтары қаралды.

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

7 сәуір 2017 ж. сағат 10.00 Қазақтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің экономика және менеджмент кафедрасы мектеп, гимназия және лицейлердің 9-11 сынып оқушылары және колледж студенттері арасында «Экономика» пәні бойынша Облыстык олимпиада өткізеді.
Ұйымдастырушы комитет қызығушылық танытқан оқу орындарының директорларына 5 сәуір 2017 жылға дейін олимпиадаға қатысушы-оқушылардың тізімін жолдауды өтінеді.
Экономика бойынша олимпиаданы өткізу тәртібі мен қатысу парағын www.keu.kz сайтынан жазып алуға болады.

Анықтама телефоны: 44-16-34, 44-16-24 (ішкі. 185), моб.87024669986
Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Жауапты: Зулхарнай Азиз Нурланулы

«Оказание социальной помощи силами неправительственных организаций» тақырыбындағы платиналы дәріс

 «Оказание социальной помощи силами неправительственных организаций» тақырыбындағы платиналы дәріс15.03.2017 ж. оқу-телевидение орталығында «Кредо» ҚҚ-ның директоры, м.ғ.д., профессор Козаченко Н.В. қатысуымен «Оказание социальной помощи силами неправительственных организаций» тақырыбында платиналы дәріс оқылды. Аталған дәріс әлеуметтік жұмыс және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы мамандықтарының ПОҚ және студенттеріне оқылды.

«Ел экономикасын дамытудағы сыртқы сауда факторының рөлі» атты мектеп және колледж бітіруші түлектерінің ғылыми жұмыстарының аймақтық конкурсы

«Ел экономикасын дамытудағы сыртқы сауда факторының рөлі» атты мектеп және колледж бітіруші түлектерінің ғылыми жұмыстарының аймақтық конкурсыӘлемдік экономика және халықаралық қатынастар кафедрасы «Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі сыртқы сауда саясаты» кафедралық тақырыбы шеңберінде «Ел экономикасын дамытудағы сыртқы сауда факторының рөлі» атты мектеп және колледж бітіруші түлектерінің ғылыми жұмыстарының аймақтық конкурсын өткізді.
Аталған конкурстың мақсаты – мектеп пен колледж түлектерінің шығармашылық қабілеттерін дамытып, ғылыми жұмыстарын белсенді жүргізуге үйретіп, орта және ортакәсіптік оқу орындары мен Қарағанды экономикалық университеті арасындағы өзара қатынастарды дамыту.

Интерактивті дәріс «Діни экстремизмнің алдын алудың инновациялық әдістері»

Интерактивті дәріс «Діни экстремизмнің алдын алудың инновациялық әдістері»

15.03.17 ж. «Экология және бағалау» кафедрасы Мемлекет басшысының жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы - жахандық бәсекеге қабілеттілік» арналған «Экология» және «бағалау» мамандықтарының студенттері мен қызметкерлеріне өзін-өзі реттеу маманы, психолог Смағұлов Төлеген Мұратұлы «Діни экстремизмнің алдын алудың инновациялық әдістері» тақырыбында интерактивті дәріс өткізді. Қазіргі заманғы ойды қалыптастырып, «нөлдік» төзімділік діни экстремизмнің өзекті мәселелеріне пікірталас өтті.

«Адам капиталының сапасын арттыру: проблемалары мен перспективалары» дебат турнирі

«Адам капиталының сапасын арттыру: проблемалары мен перспективалары» дебат турнирі15.03.2017ж Қазтұтынуодағы Қарағанды эконимикалық университетінде тауартану және сертификаттау кафедрасының ұйымдастыруымен Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы аясында «Адам капиталының сапасын арттыру: проблемалары мен перспективалары» тақырыбында дебат турнирін өткізді. Дебатқа университеттің 1және 2 курс студенттері қатысты. Қатысушылар «Үздік спикер», «Үздік төреші», «Үздік талпыныс», І, ІІ, ІІІ орындарға ие болды.

Дөңгелек үстел: «Кәмелет жасқа толмаған балаларға қатысты ата-аналардың алименттік міндеттемелерді орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі»

Дөңгелек үстел: «Кәмелет жасқа толмаған балаларға қатысты ата-аналардың алименттік міндеттемелерді орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі»2017 жылдың 14 наурызында Жалпықұқықтық және арнайы пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Кәмелет жасқа толмаған балаларға қатысты ата-аналардың алименттік міндеттемелерді орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оның жұмысына Қарағанды қаласы Қазыбек би атыдағы аудан прокурорының көмекшісі Назарбеков С.Т., Қазақстан мұсылман діни басқармасы Республикалық діни бірлестігі филиалының имамы Абильдаев Б.Қ., «Приход Введенского Кафедрального Собора» жергілікті православті діни бірлестік протоиерейі Михаил Патрикеев, Қарағанды қаласы Оңтүстік-шығыс аумақтық сот актілерін орындау бөлімінің аға сот орындаушысы Саттыбаева Г.Г. және ҚҚЭУ «Құқықтану» мамандығының студенттері қатысты. Дөңгелек стол барысында тәжірибелік қызметкерлерге сұрақтар қойылып, аталған мәселе төңірегінде қызу пікірталас жүргізілді.

Джиу-джитсу бойынша халықаралық турнирдегі студенттеріміздің жеңісімен құттықтаймыз!

Джиу-джитсу бойынша халықаралық турнирдегі студенттеріміздің жеңісімен құттықтаймыз!

2017 жылдың 26 мен 28 ақпаны аралығында Ресей Федерациясының Томск қаласының Мемлекеттік университетінде джиу-джитсудан «Оныншы Халықаралық ашық жарысы» өтті. Есеп-қаржы факультетінің УА-21қ тобының студенті Тұрдыбеков Бауыржан мен Ф-21с/қ тобының студенті Омар Ислам біздің университеттің намысын қорғап, Бауыржан 1 жүлдеге, ал Ислам 4 жүлдеге ие болып, жеңіспен оралды.

«Наурыз мейрамы»

«Наурыз мейрамы» 18 наурыз 2017 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің барлық ұстаздарын, қызметкерлері мен студенттерін «Наурыз мейрамы» мерекесін тойлауға шақырамыз. Мерекені тойлау университет алаңында сағат 10:00 де басталады, ол жерде іші толық қамтылған қазақ халқының киіз үйі құрылатын болады. Ұйымдастырушылар «Наурыз келді көңілді ...» атты әсерлі әрі көркем бағдарламасын құрды. Бағдарлама барысында ұлттық өнер мен салт дәстүрдің барлық түрлері көрсетіледі. Қазақ халқының дәстүріндегі бүркітпен және тазы иттерімен аңға шығу мәдениетімен танысасыздар.

Білім беру жүйесінде реформалар туралы толқылау есеп-қаржы факультеттің Кеңесі

Білім беру жүйесінде реформалар  туралы толқылау есеп-қаржы факультеттің Кеңесі2017 жылдың 10 наурызында есеп-қаржы факультетінде жоғары білім саласындағы реформаларды қолдауға арналған кезектен тыс факультет Кеңесі өтті. Кеңес жұмысына факультеттің оқытушылары, қызметкерлері және студенттері қатысты. Келесі адамдар баяндама жасады: факультет деканы, экономика ғылымдарының докторы, профессор Накипова Г.Е., «ҚСС» кафедрасының доценті Улаков Н.С., ҚҚЭУ ҰБТӨП директоры, «АЕЖ» кафедрасының доценті Аяжанов Қ.С., кураторлар Кеңесінің төрайымы, «БІ» кафедрасының доценті Сайфуллина Ю. М., Лог-31к тобының студенті Бекежан Алдияр. Дискуссиялық форматта отандық білім жүйесінің дамуы және модернизациялануының қазіргі заманға сай трендтері талқыланды.

Білім беру жүйесіндегі қайта құруға қатысты мәселелері бойынша Ғылыми Кеңес

Білім беру жүйесіндегі қайта құруға қатысты мәселелері бойынша  Ғылыми Кеңес2017 жылдың 7 наурызында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Ғылыми Кеңесі отырысы өткізілді. Отырыс барысында әлеуметтік желілердегі қатаң сынға ұшыраған білім беру жүйесіндегі қайта құруға қатысты мәселелері қарастырылды.
Қазақстандағы өзекті реформалардың бірі болып әлемді жаһандандырудың заманауи жағдайында көптілді тұрғындарды қалыптастыру және көптілді білім беруді дамыту табылады.
Қазіргі Қазақстандағы тілдік жағдаяттың ахуалы мен келешегінің мәселелері Елбасымыздың "Үштұғырлы тіл" атты тілдік стратегиясында көрініс алған. Мемлекет басшысының ойынша үштілділіктің дамуындағы позитивтілік бірыңғай саяси, идеологиялық және мәдени тұғырнамасы болғанда ғана мүмкін болады.
Ендігі ретте бүгінгі күні ЖОО оқытушыларының алдында басты міндет тұр - кәсіби бағыттағы көптілді тұлғаны қалыптастыру мақсатында пәндерді ағылшын тілінде оқытудың заманауи әдістемелерін әлемнің жетекші жоғары оқу орындарынан үйреніп, оларды оқу үрдісіне енгізу.
Университетте 2016 жылдың қараша айынан бастап Көптілді білім беру орталығы өз қызметін бастады, көптілді білім беруді енгізу үрдісі жүзеге аса бастады, ағылшын тілінде оқытылатын пәндер әзірленді, тіл үйренушілердің біліміне мониторинг жасалып, олардың саны анықталды, тіл үйренушілерге пәнді оқитын білікті кадрлар жұмылдырылды.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL