22-ші ақпан 2017 жылы сағат 13-00-15.00 аралағында «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасы «Туризм» мамандығының Тур-24с, Тур-31к, Тур-21к, Тур-22 тобы студенттері Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайына «Мұражайтану» пәні бойынша кәсіпорын базасына шығу сабағын ұйымдастырды. Бағдарлама тақырыбы 2017 жылы Астана қаласында өтетін ЭКСПО-2017 көрмесінің ашылуына арналды.
Қарағанды облыстық мұражайы ұйымдастырған іс-шарада мұражай өкілдері «Мұражай туризмдегі әлеуметтік-медени кеңістік феномені ретінде» тақырыбында жоба-презентацияларын, Қарағанды облысы бойынша туристік-маршруттарын көрсетті. Аталмыш іс-шарада Қарағанды облысының мәдениет-мұрағат және құжаттама басқармасының жетекшісі Е.Ж. Агимбаев, және де ҚҚЭК «Туризм» мамандығының түлегі, Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқарамасы туризм және сыртқыэкономикалық байланыс бөлімінің жетекшісі Д.Б Альжанов қатысты. Сонымен қатар, іс-шарада қаланың және облыстың туристік фирмаларының өкілдері де болды.
Жалпы, іс-шараға қатысу барысында, студенттері жаңа дағдылар мен білімдерді игеріп, қажетті тәжірибе алды. Турфирма және мұражай өкілдері біздің «Туризм» мамандығы студенттеріне қызығушылық танытты, келешекте базаларында тәжірибе өтіп, ынтымақтастықты жалғастырамыз деп үміттенеміз.
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінде «Орыс және шет тілдері» мен «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедралары 25 ақпан 2017 ж. Қарағанды қ. жалпы білім беретін оқу орындарының 11 сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысының шеңберінде «ТІЛ БІЛГІРЛЕРІ» зияткерлік ойынын өткізді.
23.02.2017 «Туризм» мамандығының Тур 12 және Тур 14с, студенттері «Туризм және мейрамхана ісі» кафедрасының оқытушысы А.А. Гариповамен «Белсенді туризм түрлерінің техникасы мен тактикасы» пәні бойынша «Белсенді туристік қызметке физикалық дайындық» тақырыбы бойынша кәсіпорын базасында сабақ ұйымдастырылды.
Сабақ мақсаты студенттерді туристердің белсенді туристік саяхаттарға физикалық дайындықтар қағидалары және әдістерімен таныстыру. Студенттерге сынақ интруктаж жасалынып, қабырғаға өрмелеу техника қауіпсіздігімен, қажетті құрал-жабдықтармен таныстырылды. Студенттер өздерінің физикалық дайындықтарын айқындап, өрмелеу қабырғасының шыңын бағындырды.
23.02.2017 ж. ӘЭ мен ХҚ кафедрасы «Әлемдік экономика» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының студенттеріне платиналық дәріс өткізді. «Іскер ортадағы кроссмәдени менеджмент» тақырыбындағы дәрісті Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының жобалар басқармасының бастығы Кульмагамбетова Ж.Ж. оқыды.
Кроссмәдени менеджмент шетел компаниялары, фирмалары және кәсіпорындарымен іскерлік байланыс орнатуда өте жоғары маңыздылыққа ие.
11 ақпанда Қарағанды экономикалық университетінің «Экология және бағалау» кафедрасы биология пәні бойынша «Биология білгірі - 2017» атты олимпиада өткізілді. Олимпиадаға Қарағанды қаласының 125-ке жуық мектеп оқушылары қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған жеңімпаздар:
1 орын – Алпысбаева Илана 11 кл – КГУ ОШ №1 Сарань
2 орын – Карпушина Алина 10 кл – СОШ №48
2 орын – Рахман Әлішер 11 кл – ОКШДС №77
3 орын – Олжабаев Аслан 11кл – ОКШИДС №68
3 орын – Токина Сабина 11 кл – ОКШИДС №77
10 наурызда «Экология және бағалау» кафедрасы жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттайды.
2017 жылдың 21 қаңтарында Есеп-қаржы факультетінің деканаты «Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасымен бірлесе отырып университеттің студенттеріне Қазақстан Республикасының Салық Кодексіндегі өзгерістер мен толықтырулар туралы семинар өткізілді.Семинарды Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Таханов А.Б. Елбасының биылғы Жолдауының кәсіпкерлер үшін жасалынған салықтық жеңілдіктер және өзгерістер туралы атап өтті.
2017 жылдың ақпан айының 15 күні экономика және басқару факультетінің шетел және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен қытай күнтізбесі бойынша болатын Жаңа жыл мерекесі атап өтілді. Мерекеге «Халықаралық қатынастар» мен «Халықаралық экономика» мамандықтарының оқытушылары мен студенттері шақырылды. Мерекелік бағдарлама екпінді және қызықты өтті. МО-21к, МО-22, МО-23, МО-32 және МО-33к топтарының студенттері көрермендерді қытай тілінде салынған әнмен тамсандырды, қонақтар қытай халық билерін тамашалады, жаңа жылдық қытай тағамдарымен танысты. Сонымен қатар келген қонақтармен қытай халқының Жаңа жылдық әдеп-ғұрыптары жайлы білімдерін тексеретін сұрақ-жауап ойыны өткізілді.
2017 жылдың ақпан айының 10 күні шетел және орыс тілдері кафедрасы мен Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасы Қарағанды қаласы гимназияларының, мектептерінің, лицейлерінің оқушылары және колледж түлектері үшін экономика және басқару факультетінің мамандықтарының Ашық есік кунін өткізді. Аталған шараға № 77 және № 68 орта мектеп оқушылары мен «Лингва» колледжінің түлектері қатысты. Шақырылған қонақтарға ЖОО түсудің жаңа ережелері жайлы, АКТ өткізілуі және факультет мамандықтары туралы толық акарат берілді. Университет бойынша жасалған экскурсия барысында қонақтар ҚҚЭУ-нің барлық жетістіктерімен танысты.
Бизнес және құқық факультеті 18.02. 2017 жылы «Ашық есік күні» өтткізді. Іс шараға Қарағанды қаласының мектептерінің бітіруші түлектері шақырылды. Факультет кафедралары өз мамандықтарын таныстырып, келген қонақтарға практикалық тапсырмалар дайындалып, берілді. Қонақтар барлық сайыстар мен ойындарға бар қызығушылығымен қатысты. Экскурсия уақытында мектеп оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Мектеп оқушыларына іс шараның аяқталу сәтінде әр түрлі қызықты шоу бағдарламадар өткізілді.
Есеп-Қаржы факультеті 2017 жылдың 10 ақпанында Ресурстық орталық Аdobe connect бағдарламасының мүмкіндігімен Бұхар-Жырау ауданының Ростовка Жалпы білім беретін мектебінің 10 және 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдарлық жұмысты онлайын кездесу арқылы өткізді. Кездесуге факультет деканы, декан орынбасары, кафедра меңгерушілері, профессорлық оқытушылық құрам және белсенді студенттер қатысты. Кездесу барысында университет мамандықтары айтылып, жоғарғы оқу орнын бітірген соң жұмысқа орналасу мүмкіндіг туралы айтылып өтті. Оқушылырды білім жүйесіне қандай өзгерістер енгізілгені, қандай таңдау пәнін таңдау керектігі, грант алу немесе оқу ақысын төлеу кезінде қалай жеңілдіктер алуға болатыны туралы сұрақтар қызықтырды. Осындай кездесулер болашақта жоспарлануда.