Ақпарат Университеттің Қауіпсіздік қызметі туралы
Жұмыстың, оқудың қауіпсіздік тәртібін, университеттің материалдық қымбаттылықтарын сақтау мақсатымен, университет ректорының бұйрығымен 2014 жылдың 1 шілдесінде Қауіпсіздік қызметі құрылды.
Қауіпсіздік қызметінің мақсаттары: 1.1Университет аумағында қоғамдық тәртіпті ұйымдастыру және сақтау. 1.2Университет қызметкерлерінің, оқытушылардың, студенттердің құқықтарын қорғау, қауіпсіздікті ұйымдастыру және қамтамасыз ету. 1.3Университет нысанының материалдық қымбаттылықтарын және қаржысының қауіпсіздігін ұйымдастыру және қамтамасыз ету. 1.4Университеттің шаруашылық қызметінің және экономикалық қауіпсіздігін қорғау. 1.5Университет студенттерінің арасында құқық бұзушылықтың алдын алу.
Бөлімшенің негізгі функциялары:
1)Университет ғимаратына және территориясына қызметкерлердің, студенттердің және басқа тұлғалармен, автокөліктердің келу тәртібін және университет территориясында немесе территориядан тыс жерден университет меншігінің қозғалыс тәртібін қадағалау. 2)Университет нысандарын ұрлықтан, өрт салудан басқа да қылмыстық істерден және қоғамдық тәртіп бұзудан сақтау. 3)Университет нысандарының қауіпсіздік шараларын әзірлеу. 4)Қорғау дабылының дұрыс жұмыс істеууін қамтамасыз ету, оның жағдайын қадағалау және істен шыққан кезде жөндеу жұмыстарын жасау. 5)Қызметкерлер, студенттер және басқа тұлғалардың қатынасты басқару жүйесін қамтамасыз ету. Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлерінің қатынасты басқару тәртібін қадағалауы, университет ректорының 27 тамыз 2014 жылдың №58-п бұйрығымен орындалады. 6)Университет құрылымына қатысты қылмыстық бұзушылықтың, қоғамдық тәртіп бұзушылықтың алдын алу, болдырмау, анықтау бойынша шараларды әзірлеу және орындау. 7)Университетке немесе оның қызметкерлеріне қарсы жасалған қылмыстардың, құқық бұзушылықтың фактісі бойынша ақпаратты құқық сақтау бөлімдеріне беруге әзірлеу.
Қауіпсіздік қызметінің негізгі құжаттары: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі; Қазақстан Республикасының Заңдары; Қазақстан Республикасының Үкіметінің білім беру жүйесіндегі қаулылары; Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің нормативті актілері; Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарының ИСО 9000 халықаралық стандарттарына сай әзірленген қағидалар; Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Жарғысы; Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің оқытушылар және қызметкерлердің кәсіби этика Кодексі; Университет ректоратының, Ғылыми кеңес шешімдерімен, ректордың қаулылары және бұйрықтарымен; Білім беру саласындағы қызметтік және қауіпсіздікті қамтамасыз ету актілерімен;
Университет ректоры бекіткен қауіпсіздік қызметінің шартымен.
Қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері университет қамтамасыз ететін кәсіптік киімде қызмет етеді. Қауіпсіздік қызметі жұмыстың барлық салалары бойынша құжат жүргізеді, оқу жылының қорытындысы бойынша есеп жасайды. Ай сайын анықталған құқық бұзушылық және қызметкерлердің ішкі тәртіпті бұзулары туралы есеп әзірлеп, университет ректорына ұсынады.
|