Халықаралық бағдарламалар және жобалар
Улаков Назар Сайранович
Орталық директоры
Халықаралық бағдарламалар және жобалар орталығы университеттің халықаралық ынтымақтастығын ұйымдастыруды қамтамасыз ете отырып, халықаралық байланыстарды дамытуға ықпал етеді, ғылыми және білім беру қызметі саласында шетелдік әріптестерді іздестіреді, бірлескен жобалар мен академиялық ұтқырлық бағдарламаларын үйлестірумен айналысады.
Орталық университеттің ПОҚ мен білім алушыларының халықаралық және ішкі алмасулар бойынша, форумдарға, конференцияларға, кездесулерге қатысуын ұйымдастыруға көмек көрсетеді, халықаралық ынтымақтастық саласындағы нақты бірлескен бағдарламаларды үйлестірумен айналысады (біліктілікті арттыру, магистрлік бағдарламалар, докторантурада оқу және т.б.), университетте шетелдік мамандардың болу бағдарламаларын жасайды, іскерлік кездесулерді ұйымдастыру мәселелері бойынша шетелдік мамандармен кеңеседі.
Байланыс деректері: 100009 Қарағанды, Академическая көшесі, 9 (268 кабинет)
Тел.: +7 (7212) 44-16-12
E-mail: