Университетіміздің шығарушы курстар студенттері мен еңбек нарығының өкілдерімен кездесулері ҚЭУ бірнеше жылдар бойы жақсы дәстүрге айналып кетті. Осы кездесулерде түлектеріміз Қарағанды облысындағы кәсіпорындармен, фирмалармен, ұйымдармен танысып, болашағы бар, жақсы жұмыс табуға мүмкіндіктері бар.
Соңғы «Мансап күнінде» қараша айында Дүниежүзілік экономика және халықаралық қатынастар кафедрасынан 4 түлек жұмысқа алынды. Олар ағылшын тілін жетік меңгерген мамандар.
ҚЭУ республика экономикасының бүкіл салалары үшін құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандар даярлайды. Біздің түлектер ретінде үздік экономистер, қаржыгерлер, басқарушылар, мамандар, кеден, туризм, мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі, әлеуметтік қызметкерлері, экологтар, маркетологтар, логистер және басқа да көптеген сұранысқа ие және өзекті еңбек нарығында кәсіптер бітіреді. Олардың көпшілігі мемлекеттік басқару мен бизнескеге қабілетті мамандар даярлайды. Олардың көпшілігі мемлекеттік басқару мен бизнесте жетекші орын алады. Біздің түлектер әрқашан сұраныста және біздің елімізде ғана емес, шет елдерде де жұмыс жасайды.
Біздің университеттің айрықша ерекшеліктері – күшті академиялық энергия, сапалы және қолжетімді білім беру.
Университеттің бүкіл білім беру бағдарламалары БСҚА бас рейтингінің версиялары бойынша үздік мамандықтардың ондығына кіреді.
Жарты ғасыр ішінде университетқа бырғасынан 100 мыңнан астам маман өмірге қанат қағып, Қазақстан мен шетелдік елдерінің әр түрлі экономика саласында табысты еңбек етіп жүр.
Университет түлектері ҚР Президенті Әкімішлігінде, саяси лауазымдарда, министрліктер мен ведомстволарда, Парламенттің Мәжілісі мен Сенатында сайланбалы органдарда, тұтыну қоғамының республикалық және облыстық басқармаларының төрағасы, жергілікті атқару органдарының (әкімдіктердің), әр түрлі кәсіпорындар мен фирмалардың басшылары.
Бүгінгі күні ҚЭУ-дің дипломы – терең және негізді білімнің, оған қоса құзыреттіліктің куәлігі, оның түлектерінің үлкен өмірге деген сенімді жолдамасы.
«Мансап күні» жыл сайынғы күзгі жәрмеңкеде әлеуетті жұмыс берушілермен кездесу алдында түлектерге көмек ретінде шеберлік сабақтар өткізіледі. Онда түлектер пайдалы ақпарат алады: резюмені (түйінді) қалай дұрыс құрастыру, жұмыс берушімен қалай сөйлесу, өзінің жақсы сипаттарын қалай көрсету және көптеген басқа тренингтер туралы.
Шығарушы курстардың студенттері «Менің тамаша әңгімелесуім» тақырыбында шеберлік сабағы өткізілді.
Бұл шараға біздің ЖОО барлық факультеттерінің болашақ түлектері қатысты.
Шеберлік сабағында жұмыс берушіге өзін қалай көрсету керек тренингі және 2 қызықты HR-тестілеу өткізілді:
- Люшердің психологиялық тесті;
- сабырлылыққа 12 қисынды есептер.
Жұмыс беруші қызметкерлер құрамын жұмысқа алу барысында осындай тестілерді ұсынуы мүмкін.
HR-тестілеуден түлектердің барлығы өтті, бұл Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенттері қисынды ойлап, дұрыс шешімдерді таба алатын білгір екендігінің айғағы
Диплом алған мамандардың бәріне бірдей университетті аяқтағаннан кейін бірден жұмысқа орналасудың сәті түсе бермейді. Жұмыс берушілер ең алдымен жұмыс тәжірибесі бар қызметкерді жұмысқа жалдауға мүдделі. Бұл жағдайда, күні кеше университет бітірген түлектерге «Дипломмен – ауылға», «Жастар тәжірибесі» және «Жастардың кадрлық резерві» бағдарламаларын жүзеге асыра отырып, мемлекет көмекке келеді.
ЖОО-лар түлектері үшін «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы
Оқу орнын аяқтағаннан кейін жұмыс тәжірибесін алу үшін мемлекет түлектерге алты айлық жастар тәжірибесін ұсынады.
Бұл үшін диплом алған түлек (29 жасқа дейін) өз қаласының (ауданының) әкімдігі жанындағы жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіреді. Содан кейін жұмыспен қамту орталығы түлек туралы деректі мамандар деректерінің бірыңғай қорына енгізеді және жұмыс беруші компаниялар арасында диплом бағыттары бойынша бөледі.
Жұмыспен қамту орталығы түлектермен алты айға еңбек шартын жасайды. Жұмыс күні ҚР Заңнамасы бойынша еңбек шартына сәйкес анықталады.
Жастар тәжірибесіне (практикасына) бағытталған бағдарламаға қатысушылардың айлық еңбекақысы – 18 айлық есептік көрсеткіші (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысының өтемақыларын және банктік қызмет көрсетулерді шегерусіз) құрайды.
Егер жұмыс беруші тәжірибе (практика) уақытында сізді өзінің компаниясына жұмыс жасауға қабілетті және сай келеді деп есептейтін болса – ол сізді тұрақты жұмыс жасауға қабылдауға құқы бар. Жас маман үшін бұл нұсқа жұмыс тәжірибесінсіз неғұрлым қолайлы болып саналады, бұл орайда сіз, тәжірибеден өту кезінде өзіңіздің және өзіңіздің кәсіби дағдыларыңызды көрсету мүмкіндіктерін назардан шығарып алмаңыз.
Бағдарлама түлектердің алған кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуға арналған.
Түлектің бағдарламаға қатысуы үшін мыналар қажет:
1. Өз қаласының немесе ауданының әкімдігі жанындағы Жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіру.
2. Жұмыссыз ретінде тіркелу (жас мөлшері 29-дан аспауы тиіс).
3. Төмендегідей құжаттар тапсыру:
• жеке бас куәлігі;
• диплом;
• үй кітабы немесе мекенжай анықтамасы;
• зейнетақы қорымен жасалған шарт;
• Халық банкінен ағымдағы есепшот;
• 086-У үлгідегі денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Бұдан өзге «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберлерінде кәсіби білім беру оқу орны базасы құрылады және бірыңғай ақпараттық «Жастардың еңбек биржасы» порталы, «Жұмыс» ақпараттық порталы ашылады.
«Дипломмен – ауылға»
Төмендегі мамандықтар:
• білім беру;
• денсаулық сақтау;
• әлеуметтік қамтамасыз ету;
• мәдениет және спорт;
• ветеринария бойынша ЖОО-ны аяқтаған студенттер үшін.
Мемлекет тиісті әлеуметтік қолдаумен ауылдық жерлерде жұмыстар ұсынады. Жас мамандарды әлеуметтік қолдауға мыналар кіреді:
• 70 АЕК мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы беру;
• 1500 АЕК мөлшерінде 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен, 15 жылға арналған мерзімге тұрғынүй сатып алу және салу үшін бюджеттік несие беру;
• ауылдық елді мекендерде орналасқан әлеуметтік салалар мекемелерінің мамандарына (қалалық елді мекендерде) тарифтік мөлшерлемелерден 25%-ға кем емес мөлшерде лауазымдық еңбекақыны көтеру.
Бағдарламаға қатысу үшін мыналар қажет:
• сіз таңдаған елді мекенде (ауыл мектебі, аурухана, Мәдениет үйі, спорт кешені және т.б.) өз бетімен жұмыс табу;
• жұмысқа қабылдау кезінде үміткер бағдарламаға қатысуға аудандық комиссияға өтініш береді;
• өз бетіңізбен жұмыс іздеу мүмкіндігі болмаған кезде, сіз ҚР Ауылшаруашылық министрлігіне немесе өңірлердегі жауапты қызметкерлерге өтініш білдіре аласыз;
• өңірлердегі кадрларға деген қажеттілік туралы деректер облыстық әкімдіктер басқармаларының сайттарында орналастырылған.
Жобаға қатысу үшін құжаттар тізбесі:
• үлгі бойынша өтініш;
• жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;
• тиісті елді мекенде тұратындығын растайтын, азаматтарды тіркеу кітабының (үй кітабының) көшірмесі немесе мекенжай анықтамасы;
• білімі туралы дипломның көшірмесі;
• Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тұрғын үй сатып алу-сату туралы алдын ала шарт;
• жылжымайтын мүлікті бағалау актісі (бюджеттік несие алу үшін);
• тұрғын үй салу үшін берілген жер телімдерін пайдалану құқығына акті.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасының шеңберлерінде үш жылдың ішінде республиканың ауылдық елді мекендеріне 24 577 мамандар барғандығын атап көрсетеміз.
«Жастар кадрлық резерві»
ҚР Білім және ғылым министрлігінің және «Нұр Отан» ХДП-ның қолдауы жағдайында, жас талантты, белсенді қазақстандықтардың арасынан елдің басқару кадрларын анықтауға, іріктеуге, даярлауға және тәрбиелеуге бағытталған «Жастар кадрлық резерві» жобасы жүзеге асырылды.
2009-2016 жылдары «Жастар кадрлық резерві» жобасына қатысуға 13 000-нан аса жастар өтініш берді, солардың 404 адамы әртүрлі ұйымдарда ашық конкурстық іріктеуден, тестілеуден, оқытушы модульдерден, кәсіби біліктілікті бағалаудан, тағылымдамалардан өтті. Конкурстық іріктеуден өткен қатысушылар мемлекеттік басқару, бизнес, ғылым, білім беру, қоғамдық бұйымдар, БАҚ өкілдерімен кездесті.
2016 жылы жобаны жүзеге асыру, сондай-ақ жас мамандар арасынан елдің басқару кадрларын анықтауды, іріктеуді, даярлауды және тәрбиелеуді және төмендегі үш бағыт:
1. Мемлекеттік қызмет
2. Бизнес-қоғамдастық
3. Қоғамдық саяси қызмет бойынша әлеуметтік маңызы бар қызметке енгізуді болжайды.
Іріктеу туры бірнеше кезеңдерден өтеді:
• Жобаның ресми сайтында сауалнама толтыру, формалды өлшемдер (жас мөлшері, білімі, жұмыс орны, кәсіби дағдылары, интеллектуалдық әлеуетті, эмоционалдық интеллекті бағалау, эссе жазу және т.б.) бойынша сауалнамаларды бағалау. Бастапқы іріктеу нәтижелері бойынша 300 конкурсқа қатысушылар келесі кезеңге жіберілетін болады.
• Логика бойынша тестілеу, мемлекеттік тілді білу және жобаға қатысушының психологиялық картасын анықтау (тестілеудің кестесі мен өтетін орыны, іріктеудің 2-ші кезеңіне өткен 300 конкурсқа қатысушылардың нәтижелері жарияланғаннан кейін анықталатын болады).
• Құзыреттерін бағалауға әңгімелесуден өту, жобаның 32 үздік қатысушыларын (әрбір өңірден 2 конкурсқа қатысушы бойынша) анықтайды. Сұхбаттасуды республика өңірлерінде «Болашақ» Қауымдастығының сарапшылары, өңірлік үйлестірушілері, Дирекцияларының мүшелері мен «Нұр Отан» ХДП өкілдері жүргізеді.
Одан ары конкурсқа қатысушылар жетекші отандық және шетелдік мамандарды шақыртумен лекциялар, семинарлар, шеберлік сыныптары, асессмент (кәсіби құзыреттілікті бағалау) кіретін, оқытушы модульдерден, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарда тағылымдамадан өтеді.
Жобаның қорытындылары бойынша ең жоғары рейтинг алған 32 конкурсқа қатысушылар сертификат алады және кадрлық резервке қабылданатын болады, сондай-ақ бұл мемлекеттік қызметке, бизнес аясына және қоғамдық қызметке тұруға неғұрлым жоғары лауазымды иелену үшін резервте тұрғандарды ұсыну үшін қарауға кепілдеме болып саналады.
2016 жылы жобаны жүзеге асыру, сондай-ақ конкурсқа қатысушы 16 үміткерді анықтауды, іріктеуді, даярлауды және «Жастар кадрлық резервіне» енгізуді болжайды.