• Blog news

«ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША САУАЛНАМА ЖӘНЕ СҰРАУ ПАРАҚТАРЫН ДАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ» ТАҚЫРЫБЫНА ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

«ЗЕРТТЕУ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША САУАЛНАМА ЖӘНЕ СҰРАУ ПАРАҚТАРЫН ДАЙЫНДАУ ТӘРТІБІ» ТАҚЫРЫБЫНА ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

2020 жылдың 14 қазанында ЭҚЗ ҒЗИ қызметкерлері екінші оқу жылының магистранттары үшін ғылыми-зерттеу тәжірибесін өту шеңберінде "Зерттеу тақырыбы бойынша сауалнама және сұрау парақтарын дайындау тәртібі" тақырыбында онлайн-семинар өткізді.
Семинар барысында бірқатар келесідей сұрақтар қарастырылды: сауалнамалар мен сұрау парақтарын жасау түрлері мен тәртібі; респонденттерді таңдау; іріктеме көлемін есептеу; респонденттерге сауалнама және сұрау жүргізу кезінде туындайтын мәселелерді шешу; сауалнама нәтижелерін өңдеу; эмпирикалық зерттеулер нәтижелерін тиімді қолдану. Сауалнамалар мен сұрау парақтарының шамалық үлгілері көрсетілді.
Магистранттарға осындай ақпарат өздерінің ғылыми-зерттеу қызметінде пайдалану үшін қажет.

ҚҚЭУ МАГИСТРАНТТАРЫ МЕН ДОКТОРАНТТАРЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР

ҚҚЭУ МАГИСТРАНТТАРЫ МЕН ДОКТОРАНТТАРЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР08.10.2020 ж.сағат 11-00-де экономика ғылымдарының докторы, профессор Сихимбаева Динара Рахмангазиевна ҚҚЭУ магистранттары мен докторанттарына арналған "ZOOM" платформасында "ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру"тақырыбында он-лайн ғылыми семинар өткізді. Ғылыми семинар жұмысына ҚҚЭУ магистранттары, докторанттары және ғылыми қызметкерлері қатысты.
Семинарды өткізу барысында ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, ғылыми жұмыстардың құрылымы, оның ішінде диссертациялар, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жазудың практикалық мәселелері қаралды.
Талқылау барысында ғылыми жұмыстардың құрылымы, ғылыми еңбектің міндетті құрамдас бөлігі және ғылыми және статистикалық ақпарат көздерін іздеу бойынша сұрақтар қойылды.

Ішкі сапа кепілдігі бойынша вебинар

Ішкі сапа кепілдігі бойынша вебинар

2020 жылдың қазан айында Стратегиялық даму бөлімінің бас маманы Л.Т. Балмағамбетова «ҚҚЭУ - нің ішкі сапа кепілдігінің жүйесі» тақырыбында семинар өткізді. Оқу жылының басында жұмысқа орналасқан университет оқытушылары мен қызметкерлері СҚКЖ құрамдас бөліктерімен таныстырылды: миссия, сапаны қамтамасыз ету саясаты, ҚҚЭУ даму бағдарламасы, ESG стандарттары, сапаны қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық. Сапаны қамтамасыз етудің ішкі жүйесінің жұмысы туралы алынған ақпарат олардың жаңа орынға сәтті бейімделуіне және белгіленген жұмыс ережелерінің сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Қашықтықтан оқыту технологиялары» біліктілікті арттыру курстары

«Қашықтықтан оқыту технологиялары» біліктілікті арттыру курстары

2020 жылдың 3 қыркүйегінен бастап 17 қыркүйегіне дейін профессорлық-оқытушылық құрам үшін «Қашықтықтан оқыту технологиялары» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өтті. Оқытуды э.ғ.к., "Цифрлық инженерия және IT-Аналитика" кафедрасының доценті
Н. М. Тәжбаев онлайн форматта жүргізді. Тыңдаушылар бұл курсты жоғары бағалады. Олар classroom.google.com-дағы дәрістер мен практикалық тапсырмаларды сабақтарды сапалы деңгейде өткізуге мүмкіндік беретінің атап өтті.

Студенттер мен Ресурстық орталық - жаңа кездесулер, жаңа жоспарлар

Студенттер мен Ресурстық орталық - жаңа кездесулер, жаңа жоспарлар2020 жылдың 8 қазанында сағат 15:10-да және сағат 16:10-да ZOOM алаңында ЭБКФ және БҚТФ бітіруші курс студенттерімен онлайн кездесу өтті. Ресурстық орталықтың тұсаукесері өткізілді, орталық қызметінің бағыттары: тағылымдамаларды ұйымдастыру, жұмысқа орналастыру, бос жұмыс орындарын іздеу, түйіндемелерді жасау және т.б. сұрақтар баяндалды, әсіресе "жастар практикасы" мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасу және мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алған түлектерді бөлу мәселелері қызықтырды.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL