• УНИВЕРСИТЕТ ТУРАЛЫ
  • Жаңалықтар мұрағаты
  • Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультетінің студенттері мен оқытушылары Қарағанды облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау Агенттігінің Департаменті ұйымдастырған "Open Space"форматындағы кездесуге қатысты

Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультетінің студенттері мен оқытушылары Қарағанды облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау Агенттігінің Департаменті ұйымдастырған "Open Space"форматындағы кездесуге қатысты

Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультетінің студенттері мен оқытушылары Қарағанды облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау Агенттігінің Департаменті ұйымдастырған "Open Space"форматындағы кездесуге қатыстыМемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер, қоғам санасының өзгеруі бизнес, мемлекеттік органдар, білім беру өкілдері кездесетін алаңдарға қатты қызығушылық тудырады. Мұндай кездесулерде өңірдің, елдің өткір экономикалық мәселелеріне қатысты пікірлер айтылып, талқыланады. 2020 жылдың 2 қазанында Қарағанды облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау Агенттігінің Департаменті ұйымдастырған "Open space" алаңына экономика, басқару және кәсіпкерлік факультетінің әлемдік экономика және халықаралық қатынастар, экономикалық теория және МЖБ, Менеджмент және инновациялар, экономика және кәсіпкерлік кафедралары қатысты. Кездесуге бәсекелестікті қорғау Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Р. А. Кенжебеков, Кәсіпкерлер палатасының директоры Е. Д. Күлпеисов, Қарағанды өңірінің көмір саласындағы фирмалар мен компаниялардың өкілдері қатысты. Аймақтық көмір нарығындағы баға белгілеудің өткір тақырыбындағы пікірталас үлкен қызығушылық тудырды. Студенттер кәсіпкерлер мен мемлекет арасында қарым-қатынас орнату тәжірибесі мен дағдыларына ие болды, кәсіпкерлердің өздерінің бәсекелестік құқықтарын қорғау мүмкіндіктері туралы ақпарат алды. Ұлттық экономика министрлігі монополияға қарсы реттеу Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, бәсекелестікті қорғау Агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті, Қарағанды облысының Кәсіпкерлер Палатасы білім беру бағдарламаларын талқылауға қатыса отырып, Қарағанды Экономикалық университетімен белсенді ынтымақтасады, біздің түлектеріміз үшін жұмыс берушілер болып табылады.

 

Электронный университет
3D тур КЭУ
Антиплагиат
Темпус
Erasmus
TIL