• Blog news

«Қазақстандағы зайырлы және діни рухани мәселелері мен қазіргі жағдайдағы рухани қарама-қайшылықтың алдын алу»

«Қазақстандағы зайырлы және діни рухани мәселелері мен қазіргі жағдайдағы рухани қарама-қайшылықтың алдын алу»

Қазанның 12 ҚҚЭУ қабырғасында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында ӘЖ және ҚХА кафедрасының ұйымдастыруымен «Қазіргі Қазақстандағы студент жастардың құндылықтық қалауы және радикализм мен экстремизм идеяларының әсерін еңсеру» атты online түрде жиын өткен болатын. Жиынға белсене қатысқан ҚҚЭУ 1 және 2 курс студенттері. Конференция "Заманауи білім беру теориясы мен практикасының философиялық талдауы" бастамашыл тақырыбы аясында қарастырылды.
Зерттеу қызметі аясында, ойлау мәдениетінің дүниетанымын қалыптастыру, және студент жастардың қоғамдық санасын жаңғырту аясында маңызды баяндамалар тыңдалды:
«Таным және шығармашылық» Шабусова Д. Ю-19-4, "Шығармашылық және ерекшелік : ұқсастықтар мен айырмашылықтар"- Мусина О., МО-19-2, «Менталитет діни менталитетті қалыптастырудың негізі ретінде»- Когтева А.СПД-20-2, «Қоғамдық сананы жаңғырту мәселелері» Герда Н. Ю-19-4, «Құндылық бағдарлары қазіргі жастардың құндылық бағдарлары және қазіргі әлемдегі рухани қарама-қайшылықтың алдын-алу мәселелері» Жуманова М. Ю-19-3, «Отбасында рухани құндылықтардың қалыптасуы» Жукенова Л..Ю-19-3, «Құндылық бағдарының компоненттері» Пак.М. «Зайырлы және діни руханият» Бабич Ю.Ю, «Діни руханият» Бислингер А. МО-20-2, «Қазіргі Қазақстандағы зайырлы және діни руханият мәселелері және «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «қазіргі жағдайдағы рухани қарама-қайшылықтың алдын алу мәселелері» Искалиев Т.Жуматаева Р.МО-20-2, «Зайырлы мемлекеттегі діннің мәні» Балташева Таңшолпан МО-19-1к, «Отбастындағы рухани құндылықтардың қалыптасуы» Ахатаева Н. МО-19-1к.
ӘЖ және ҚХА кафедрасының меңгерушісі Абдакимова М. К. құттықтау сөз сөйлеп, талқыланған мәселелердің өзектілігін атап өтті. Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары фил.ғ.к, профессор Клишина М.В., фил ғ.к, доцент Сейфуллина Г. Р., PhD доктор Тутинова Н. Е. болды.

«МЕН - ЭКОЛОГ» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ

«МЕН - ЭКОЛОГ» ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ2020 жылдың 23 қазанында Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Экология және бағалау» кафедрасы Қарағанды облысының жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында онлайн режимде «Мен – эколог» аймақтық зияткерлік ойынын өткізді.
Ойынға 19 командадан 63 оқушы қатысты. Оның ішінде 12 команда қазақ тобында және 7 команда орыс тобында сайысқа түсті.
Жүлделі орындарға ие болғандар - қазақ бөлімі:
I орын-«Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты КММ;
II орын – «Мұрагер» мамандандырылған мектеп – интернаты»;
III орын - № 57 мектеп-лицейі. Саттарова, А.;
Ең креативті команда - М.П. Русаков ат. № 2 мектеп - интернат. Балқаш қаласы.
Жүлделі орындарға ие болғандар - орыс бөлімі:
I орын-«Ақпараттық технологиялар» мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты КММ;
II орын – «№ 1 Гимназия» КММ;
III орын – «№ 86 ЖОББМ» КММ;
Ең креативті команда – «Мұрагер» мамандандырылған мектеп-интернаты».
Командаларға қатысқаны үшін алғыс білдіреміз және жеңімпаздарды жүлделі орындармен құттықтаймыз!

«Жоғары оқу орындары мен бизнес-қауымдастық арасындағы серіктестікте білікті кадрлар даярлаудың заманауи мәселелері» туралы дөңгелек үстел өткізілді.

«Жоғары оқу орындары мен бизнес-қауымдастық арасындағы серіктестікте білікті кадрлар даярлаудың заманауи мәселелері» туралы дөңгелек үстел өткізілді.

" Маркетинг және логистика " кафедрасы "Логистика"ББ 4 курс студенттеріне практикалық жұмысшыны тарта отырып, дөңгелек үстел өткізді. Кездесу барысында жұмысқа орналасу перспективалары және еңбек нарығындағы қажеттілік, жұмыс берушінің оқу орындары түлектерінің кәсіби және коммуникативтік қасиеттеріне қойылатын талаптар туралы өзекті мәселелер талқыланды.
Кездесуге қатысқандар:
- Қуанышбаев Әділжан Болатұлы - "Мақсұт" тау-кен байыту комбинатының инженері»;
- Мажитова Сауле Калиевна - "Маркетинг және логистика" кафедрасының меңгерушісі»
- "Маркетинг және логистика" кафедрасының ПОҚ»

Жалпы тәжірибе дәрігерімен сұхбат!

Жалпы тәжірибе дәрігерімен сұхбат!

22 қазанда жалпы тәжірибе дәрігері Терешкина Людмила Николаевнамен кездесу өтті. Кездесу барысында Людмила Николаевна пайдалы және қажетті мәліметтермен бөлісті. Іс-шараның ұйымдастырушысы - Маркетинг және логистика кафедрасының оқытушысы - Кошмағанбетова Айжан Сергазиевна. ФФЛЦТ студенттер кеңесі және №3 жатақханада тұратын студенттер қатысты.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ: "АҚПАРАТТЫҚ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ҮРДІСТЕРІ"

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ: "АҚПАРАТТЫҚ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ҮРДІСТЕРІ"

2020 жылғы 16 қазанда Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу Институты ҒЗИ құрылуының 10 жылдық мерейтойына арналған "Ақпараттық жаһандану жағдайында ғылым мен білім беруді дамытудың заманауи үрдістері" атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізді. Конференция ZOOM алаңында министрліктер мен ведомстволардың, ғылыми мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары мен қызметкерлерінің, ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің, ғылыми қызметкерлердің, докторанттардың, аспиранттардың, магистранттар мен студенттердің қатысуымен өтті.
Пленарлық мәжілісте сөз сөйлегендер: ҚҚЭУ ғылыми жұмыс, стратегиялық және инновациялық даму жөніндегі проректоры, э.ғ.д., профессор Накипова Г.Е.; Экономикалық және құқықтық зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры, з.ғ.д., профессор Ханов Т.А.
Жалпы отырыста Ресей Федерациясы жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, з.ғ.д., профессор Волчецкая Т. С. (И. Кант атындағы Балтық федералды университеті, Калининград қ., РФ) «Сот сараптамасы саласындағы ғылыми зерттеулердің заманауи тенденциялары» тақырыбында; ҚҚЭУ ҒЗЖ МДО директоры, э.ғ.д., профессор Таубаев А.А. «ЕАЭО елдерінің ғылыми-инновациялық өзара іс-қимылының мәселелері мен болашағы» тақырыбында; э.ғ.д., доцент Коваль Л.Н. (Хмельницкий кооперативтік сауда-экономикалық институты, Хмельницкий қаласы, Украина) «Виртуалды музей платформаларының заманауи дидактикалық мүмкіндіктері: қонақ үй мен мейрамхана бизнесіндегі бакалаврларды даярлау мысалында» тақырыбында; э.ғ.к., доцент Капелюк С.Д. (Сібір тұтынушылар кооперациясы университеті, Новосибирск қ., РФ) «Ауыл тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылықтардағы жұмыспен қамтылуын статистикалық талдау» тақырыбында; э.ғ.к., доцент Фатхлисламова Г.Ф. (РФ Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясы, Мәскеу қаласы) «Зейнетақы жүйесінің қаржыландырылатын құрамдас бөлігінің жұмыс істеуіндегі ресейлік тәжірибе» тақырыбында.
Үзілістен кейін 7 секциялық отырыс бойынша жұмыс жалғастырылды. Конференция қорытындысы бойынша материалдар жинағы шығарылды.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL