• Blog news

Жарнама

Бизнес, құқық және технология факультеті В076 - Стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша) жоғары білім беру бағдарламалары тобына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бос білім грантын тағайындауға конкурс жариялайды, университетке қабылдау жылы - 2019 жыл, оқыту тілі - орыс тілінде.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бос білім грантын алуға үміткер студенттер келесі құжаттарды 2020 жылдың 29 желтоқсанына дейін деканатқа тапсыруы керек:
1) конкурсқа қатысуға өтінім (20 желтоқсанға дейін)
2) жеке куәліктің көшірмесі
3) транскрипт
4) сипаттамалық
5) деканның ұсыным хаты

БҚжТ деканаты

 

1 курс магистранттарына арналған кітапхана қорымен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық кіріспе дәріс

1 курс магистранттарына арналған кітапхана қорымен жұмыс жасау бойынша нұсқаулық кіріспе дәріс28 қыркүйекте кітапхана директоры Сатемирова К.К. ҚЭУҚ кітапханасының мәліметтер базасымен жұмыс жасау туралы кіріспе дәріс оқылды, магистранттарды әлемдік кітапханалық ресурстармен және олардың мәліметтер базасымен таныстыру мәселелері атап өтілді. Осыған байланысты коронавирустық инфекция аясында әр магистрант отандық және шетелдік әдебиеттерді қашықтықтан пайдалануға мүмкіндік алады.

3 курс докторанттарымен Семинар-кеңес

3 курс докторанттарымен Семинар-кеңес

25 қыркүйек күні сағат 11: 15-те ғылыми жұмыс, стратегиялық және инновациялық даму жөніндегі проректоры Г.Е. Накиповамен бірге "Мемлекеттік және жергілікті басқару", "Менеджмент", "Экономика" б3л3м беру бағдарламасы 3 курс докторанттарымен семинар өткізілді, оның барысында ДҒЗЖ мәселелері, дәрежесін беру ережелеріне сәйкес 7 жарияланым шығару, Скопус шетелдік мақаласын жариялауға дайындық мәселелері талқыланды, сонымен қатар, докторлық зерттеулердің соңғы нұсқаларының нәтижелері талқыланды.

1 курс докторанттарымен кіріспе дәріс

1 курс докторанттарымен кіріспе дәріс

11 қыркүйек күні сағат 11:00-де ғылыми жұмыстар жөніндегі, стратегиялық және инновациондық даму проректоры, Г.Е. Накиповамен 1 курс докторанттары білім беру бағдарламасы "Мемлекеттік және жергілікті басқару" және "Экономика" бойынша бірге ғылыми бағыттар мен ғылыми жетекшілерді бекіту мәселелері талқыланып, кіріспе дәріс өткізілді.

«Өзің сен...» дебат турнирінің жеңімпаздарын құттықтаймыз!

«Өзің сен...» дебат турнирінің жеңімпаздарын құттықтаймыз!

2020 жылдың 25 қыркүйегінде "Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы" ММ "ZOOM" платформасында қашықтық форматта Қарағанды облысы ЖОО-лары арасында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы және Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Өзіңе сен..." дебат турнирін өткізді. Турнирге ҚҚЭУ "Бірлік" дебат клубынан МЭ-18-1к тобының студенті Шадет Нұрсұлтан және Ю-18-1к тобының студенті Кусаинова Индира қатысты.
Турнир қорытындысы бойынша 1 орын "Үздік команда" дипломымен және ақшалай сыйлықпен марапатталды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL