• Blog news

«Тұңғыш Президент: Тұлға. Тарих. Тағылым»

«Тұңғыш Президент: Тұлға. Тарих. Тағылым»Тұңғыш Президент күні қарсаңында университетімізде «Тұңғыш Президент: Тұлға. Тарих. Тағылым» деген атпен 26.11.2020 күні ӘЖ және ҚХА кафедрасының оқытушылары М.М.Базарбаева мен Н.Е.Тутинованың ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді. Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің өмірбаяны мен өмір жолы, әлемге танытқан салиқалы саясаты мен әлем мойындаған Қазақстанның жеткен жетісікері туралы мол ақпарат берілді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі. Бірқатар шет мемлекеттер мен еліміздің жетекші университеттерінің құрметті профессоры және докторы. Көптеген кітаптар мен ғылыми мақалалардың авторы екені тілге тиек етілді. Сонымен қатар өздерінің елбасына деген ыстық ықыласын эссе ретінде жазған студенттер де болды. Атап айтқанда ТПП-20-2 тобының студенттер: Қадыри Ш., Мусаева М., Оразалиева О., Сағынтаева А., өздерінің жүрек жарды сөздерімен іс-шараның өтуіне үлес қосса, ГМУ-20-1к тобының студенті Д.Аманжолова елбасының шығармашылығы мен қаламынан туған туындылары туралы айтып өтті. Сонымен қосы ой-ширату сәті ретінде Ю-20-2 тобының студенті Д.Еркінова көрермен студенттерге тұңғыш елбасының ерен еңбек жолы аясында сұрақ қойып, іс-шараның маңыздылығын көркемдей отырды.
Қорыта келе Қазақстанның бүгінгі жеткен жетістігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен екендігі сөзсіз. Сондықтан да Қазақстан Тұңғыш Президенті күні мерекесін кеңінен атап өтпек. Айта кетерлігі, таңдау бұл күнге тегіннен-тегін түсіп отырған жоқ. Есте болса, 1991 жылдың 1 желтоқсан күні тәуелсіз Қазақ елінде алғашқы президенттік сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев халықтың зор сенімімен, яғни сайлаушылардың 98,78 пайыз дауысымен жеңіске жеткен еді. Әлем көшбасшыларымен тығыз қарым-қатынас орната білген, саяси салиқалы саясатымен Қазақстанды әлемге әйгілі ете білген тұңғыш елбасымыздың елеулі еңбегі зор.

" Бастапқы құжаттама»

" Бастапқы құжаттама»30 Қарашада "Қазстандарт" РМК маманы Зейнуллина Диананың қатысуымен мастер-класс өтті. Шеберлік сабағына УА-41К және Ф-18-3ск топтарының студенттері қатысты. "Бастауыш бухгалтерия" шеберлік сабағының тақырыбы дәл осылай аталды. Бастапқы құжат бухгалтерлік есеп учаскелерінде ақпаратты жинау мен өзгертуді" іске қосады", яғни.бухгалтерлік шоттардың жағдайын өзгертеді. Зейнуллина Диана пайдалы және қажетті ақпаратпен бөлісті.

«Стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, эксперименттік деректерді өңдеу» тақырыбына семинар

«Стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, эксперименттік деректерді өңдеу» тақырыбына семинар

2020 жылғы 2 желтоқсанда «Стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып, эксперименттік деректерді өңдеу” тақырыбында ON LINE семинар ұйымдастырылды.
Семинар ғылыми-зерттеу практикасынан өту кезеңінде ғылыми және педагогикалық бағыттағы екінші оқу жылының магистранттары үшін ЭҚЗ ҒЗИ ғылыми семинарларын өткізу кестесіне сәйкес жүргізілді. Семинарды ЭҚЗ ҒЗИ "Инновациялық және ғылыми-білім беру технологиялары" зертханасының жетекшісі Баширов А.В. ұйымдастырды.
Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының негізгі динамикалық көрсеткіштері бойынша статистикалық деректерді өңдеу үлгісінде стандартты бағдарламалық қамтамасыз етудің кеңейтілген мүмкіндіктері көрсетілді.

«Зайырлылық конституциялық құрылыстың негізі ретінде»

«Зайырлылық конституциялық құрылыстың негізі ретінде»

02.12.2020 жылы сағат 15.10 -де ҚҚЭУ-нің, Бизнес, құқық және технология факультетінің, «Әлеуметтік жұмыс және ҚХА» кафедрасының ұйымдастыруымен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің әкімшілік департаментінің директоры, «Заңгер», «Дінтанушы» Сапаров Бахытжан Жолдыбайұлының қатысуымен университет студенттері үшін «Зайырлылық конституциялық құрылыстың негізі ретінде» атты арнайы дәрісі оқылды.
Дәрісте Бахытжан Жолдыбайұлы студенттерге:
- Діни қызмет аясындағы нормативтік-құқықтық актілер туралы;
- Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік органдар туралы;
- Елдегі және әлемдегі діни ахуалдың жай-күйін және даму серпінін жүйелі түрде мониторингтеудегі жүзеге асыратын құзыретті органдар туралы;
ҚР аумағындағы діни бірлестіктер туралы толық мағлұмат беріп өтті. Студенттер белсенділік танытып, сұрақтарын қойып, толық, қанағаттанарлық жауаптарын алды.
Іс-шараның модераторы аға оқытушы, PhD доктор Тутинова Нұргүл Ерқанатқызы болды.

“Желтоқсан көтерілісі– Қазақстан жастарының тәуелсіздік үшін күресі”

“Желтоқсан көтерілісі– Қазақстан жастарының тәуелсіздік үшін күресі”Тағы да Желтоқсан … Тағы да қаһармандарымызды бір еске алып қоятын сəт. Тек қана еске алып қана қоймай жалындаған жастарымыздың, жанашыр қандастарымыздың қанымен келген тәуелсіздігіміздің қадірін біліп, елімізді көркейту жастардың қолында екенін дәріптеуді мақсат тұтқан университетіміздің ӘЖ және ҚХА кафедрасының оқытшылары М.М.Базарбаева, Н.Е.Тутинова, Н.Т.Кызыловтардың ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді. Арнайы шақырылған дәріскер Е.А.Бөкетов атындағы ҚМУ Тарих факультеті деканының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, PhD доктор Н.Б.Смагулов мырза оқиғаны нақышына келтіріп түсіндіріп берді. Сонымен қоса студенттерге қазақша, орысша тілдерде бейнероликтер көрсетіліп, тарихқа үңілдіріп түсіндіру арқылы тақырыптың маңыздылығын ашып берді.
1986 жылдың желтоқсанында алаңға шығып, Кеңес билігіне наразылық көрсеткен жастарды да қаһарлы империядан сескендірмеген күш те осы Азаттыққа деген аңсау екені сөзсіз. Шынында да Желтоқсан көтерілісі азаттық таңы ататын күннің жақындап қалғанын сездірген оқиға еді. Желтоқсаннан кейін барып Кеңес елінің түпкір-түпкірінде сан түрлі толқулардың болғаны, ақыры араға 5 жыл салып Қызыл империяның күйрегені баршаға белгілі. Тарихи әділдік пе әлде, кездейсоқтық па?
Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болғаны сөзсіз.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL