Қазақстан ЖОО арасындағы «Қаржы" ББ бойынша Республикалық пәндік боолимпиадасы
2020 жылдың 27 қарашасында Қазақстан жоғары оқу орындары арасында (Нархоз Алматы, ЕҰУ) «Банк менеджменті және қаржы нарықтары» және «Қаржы» кафедраларымен өткізілетін «Қаржыгерлер» күніне арналған апталық аясында «Қаржы» ББ Республикалық пәндік олимпиадасы өтті (қатысқан ЖОО: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Тұран Алматы, Нұрсұлтан қ. Агротехникалық университеті, Тұран Нұрсұлтан қ., Қарағанды қ. ҚҚЭУ).
Республикалық пәндік олимпиада 2 турда өткізілді:
1-тур – «Блиц – турнир» - командалар «Қаржы» ББ пәндері бойынша құрастырылған құны 10-50 балға дейін ұяшықтарда жасырылған табло экранында орналасқан сұрақтарға жауап берді;
2-тур - инновациялық жобаларды қорғау.
Жалпы 2 тур бойынша қорытынды жасалынды:
1-орынды Нархоз және Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ бөлісіті;
2-орын: Тұран Алматы және Агаротехникалық университеті;
3-орын Тұран Астана және ҚҚЭУ.
ЕДБ мен қаржы ұйымдарының топ-менеджерлері құрамында болған көп мәртебелі және кәсіби қазылар алқасы сұрақтар мен жобаларға жауаптарды бағалады:
1. Дюсенов Р. К. – «АТФ банк» АҚ ҚФ директоры;
2. Мұқажанов А. М. – «Нұрбанк» АҚ ҚФ директоры;
3. Туякова А.Д. – «БанкЦентрКредит» АҚ ҚФ Директорының орынбасары;
4. Фишер Ю. М. – «Сбербанк» АҚ ҚФ Директорының орынбасары;
5. Садықов Е. – «Freedom Finance» ФК директоры;
6. Антонов С.А. – «Gexabyte» ЖШС директоры.