• Blog news

Брифинг «Студент жастар – Тәуелсіз Қазақстанның маңызды ресурсы»

Брифинг «Студент жастар – Тәуелсіз Қазақстанның маңызды ресурсы»2020 жылғы 30 қарашада ҚҚЭУ – де «Студент жастар-Тәуелсіз Қазақстанның маңызды ресурсы» тақырыбында брифинг өтті. Тұңғыш Президент күніне, волонтер жылына және алдағы парламенттік сайлауға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру және радикализм мен наразылық қозғалысы идеяларының ықпалының алдын алу мәселелері шеңберінде волонтер жылын қорытындылау.
Брифингке қатысушылар әлемдегі және Қазақстандағы волонтерлік дәстүр мен наразылық қозғалыстарының тарихына саяси және әлеуметтік талдау жасады. Брифингтің арқауы азаматтық қоғамды қалыптастырудың бірінші кезектегі міндеттері болды: әрбір азаматқа өз әлеуетін іске асыру үшін тең мүмкіндіктер беру және азаматтық бейбітшілікті, этносаралық және конфессияаралық келісімді бірінші орынға қоятын салауатты интеллектуалды ұлт қалыптастыру.
Брифинг жеке тұлға құндылықтарының идеялық, адамгершілік және азаматтық жүйесін қалыптастыру шарты ретінде өз елінің болашағы үшін жауапкершілікті сезінуді көздейтін студент жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мәселесін талқылауға мүмкіндік берді.
Брифингте Қазақстанның студент жастарының азаматтық ұстанымының ерекшеліктері атап өтілді: еріктілер қозғалысының конструктивті жасампаздық рөлі және көшедегі тәртіпсіздіктерге ұласатын наразылық қозғалысына сыни көзқарас.
Брифингті ӘЖ және ҚХА және кафедрасының ПОҚ ұйымдастырды және өткізді: Клишина М. В., Сейфуллина Г. Р., Пунтус Е. А., Исина С. С., жастар бастамалары орталығының директоры Идирисова А. Т., тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары Жоломанова М. К. волонтер-еріктілерді шақырып: Ермек А., Узахова Б., Кабидоллова М., Мусабекова Д., Гиса Д. олардың қатысуымен өткізілді.

Күндізгі бөлім студенттері үшін маңызды ақпарат!

Құрметті студенттер! 2020 жылдың 2 және 3 желтоқсанында университеттің барлық факультеттерінде қысқы емтихан сессиясын қашықтықта және аралас форматта өткізу мәселелері бойынша онлайн-ақпараттық веб-семинарлар өтеді. Вебинарларға сілтемелер:

Факультет

Кездесу сілтемесі

Басталу күні мен уақыты

Қаржы, логистика және сандық технологиялар факультеті

https://meetingsemea31.webex.com/meetingsemea31-ru/j.php?MTID=m03134b20fbc1c7c65ea4d66c35d41f53

пароль: Stud123

2.12.2020ж.

17.00

Бизнес, құқық және технология факультеті

https://keu.webex.com/keu/j.php?MTID=m001b5ca7260288ac7da7d98d8cff0dd5

Пароль: session

2.12.2020ж.

17.00

https://keu.webex.com/keu/j.php?MTID=md6392953bae8444617a67115a7f4b6d3

Пароль: session2

3.12.2020ж.

16.10

Экономика, басқару және кәсіпкерлік факультеті

https://keu.webex.com/keu/j.php?MTID=me71e4c0ce22c2241303266d637b27581

Пароль: zQU9nYeTZ72

2.12.2020ж.

16.00

https://keu.webex.com/keu/j.php?MTID=m28dd1ae3e5f587f4cdd095a00c331495

Пароль: wAb3MupXQ29

2.12.2020ж.

17.00

«Мемлекет және құқық негіздері»-атты олимпиада

«Мемлекет және құқық негіздері»-атты олимпиада 2020 жылдың 27 қарашасында "Жалпықұқықтық және арнайы пәндер" кафедрасы Қарағанды қаласы мен Қарағанды облыс мектептерінің 11 сынып оқушылары арасында "Мемлекет және құқық негіздері"-атты олимпиада өткізді. Олимпиаданың мақсаты мемлекет және құқықтың өзекті мәселелеріне қызығушылық танытқан талантты жастарды тарту және қолдау болып табылады. Олимпиадаға келесідей мектеп өкілдері қатысты: «ЖББ №63»КММ,
«Гимназия 9» КММ, «Гимназия 38» КММ, «Гимназия 45» КММ, «Мамандандырылған музыка мектеп-интернаты», сондай-ақ Жезқазған қаласындагы мектептер, Қ.Шыңғысов атындағы «ЖББ №5» КММ және «ЖББ №11» КММ. Олимпиадаға қатысушылар өздерінің терең білімдерін қолдана отырып, Google Meet платформасы арқылы жеке тест тапсырмаларын орындады. Олимпиада қорытындысы бойынша "9 Гимназия" КММ оқушысы Зиганшина Милана I дәрежелі дипломмен, "38 Гимназия" КММ оқушысы Павлов Никита II дәрежелі дипломмен, "38 Гимназия" КММ оқушысы Давлетшина Арина III дәрежелі дипломмен марапатталды. Барлық қатысушылар алғыс хаттармен, ал олимпиада жүлдегерлері I, II, III дәрежелі дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Вложения:
Скачать этот файл (ЕНТ_рус на январь 2021.pdf) Дипломы.pdf

 

Қазіргі Қазақстан:Елбасының көшбасшылық сабақтары

Қазіргі Қазақстан:Елбасының көшбасшылық сабақтары

30 Қарашада ҚҚЭУ Әлеуметтік жұмыс және ҚХА кафедрасы барлық мамандық студенттерінің қатысуымен Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге арналған "Қазіргі Қазақстан:Елбасының көшбасшылық сабақтары" тақырыбында жалпы университеттік дөңгелек үстел мен викторина ұйымдастырылып өткізілді. Дөңгелек үстелге Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ ғылыми – сараптамалық сүйемелдеу және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Д. Б. Малаев, облыстық "Индустриальная Караганда"газетінің корреспонденті Н.Фомина қатысты.
Дөңгелек үстелде "Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы Тұңғыш Президенттің рөлі", "Н.Назарбаев – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы", "Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Халықаралық интеграциялық бастамалардың авторы" тақырыптарында баяндамалар талқыланды.
Викторина барысында қазіргі Қазақстан дамуының өзекті мәселелері және қазіргі кезеңдегі Тәуелсіздікті нығайтудағы Ұлт Көшбасшысының рөлі талқыланды.

ҰБТ-ге өтініш қабылдау (қаңтар 2021 жыл)

ҰБТ-ге өтініш қабылдау (қаңтар 2021 жыл)Ағымдағы жылдың 1-15 желтоқсанынан бастап Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы онлайн режимде келесі тұлғалар үшін Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) өтініштер қабылданады:
- орта білім беру ұйымдарының 11 (12-сынып) оқушылары;
- ҰБТ нәтижелері жойылған, ҰБТ нәтижелері бойынша шекті балл жинамаған, бейіндік пәндер комбинациясы ҰБТ нәтижелеріне сәйкес келмеген және ағымдағы жылы ақылы негізде күндізгі оқу нысанына жоғары оқу орындарына қабылданғандар;
- ақылы негізде шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламаларының топтары бойынша ЖОО-ларда білім алушылар және білім беру бағдарламаларының басқа топтарына ауысуға ниет білдірген тұлғалар

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL