«Тұңғыш Президент: Тұлға. Тарих. Тағылым»
Тұңғыш Президент күні қарсаңында университетімізде «Тұңғыш Президент: Тұлға. Тарих. Тағылым» деген атпен 26.11.2020 күні ӘЖ және ҚХА кафедрасының оқытушылары М.М.Базарбаева мен Н.Е.Тутинованың ұйымдастыруымен іс-шара өткізілді. Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің өмірбаяны мен өмір жолы, әлемге танытқан салиқалы саясаты мен әлем мойындаған Қазақстанның жеткен жетісікері туралы мол ақпарат берілді. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев экономика ғылымдарының докторы. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі. Бірқатар шет мемлекеттер мен еліміздің жетекші университеттерінің құрметті профессоры және докторы. Көптеген кітаптар мен ғылыми мақалалардың авторы екені тілге тиек етілді. Сонымен қатар өздерінің елбасына деген ыстық ықыласын эссе ретінде жазған студенттер де болды. Атап айтқанда ТПП-20-2 тобының студенттер: Қадыри Ш., Мусаева М., Оразалиева О., Сағынтаева А., өздерінің жүрек жарды сөздерімен іс-шараның өтуіне үлес қосса, ГМУ-20-1к тобының студенті Д.Аманжолова елбасының шығармашылығы мен қаламынан туған туындылары туралы айтып өтті. Сонымен қосы ой-ширату сәті ретінде Ю-20-2 тобының студенті Д.Еркінова көрермен студенттерге тұңғыш елбасының ерен еңбек жолы аясында сұрақ қойып, іс-шараның маңыздылығын көркемдей отырды.
Қорыта келе Қазақстанның бүгінгі жеткен жетістігі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі ерен екендігі сөзсіз. Сондықтан да Қазақстан Тұңғыш Президенті күні мерекесін кеңінен атап өтпек. Айта кетерлігі, таңдау бұл күнге тегіннен-тегін түсіп отырған жоқ. Есте болса, 1991 жылдың 1 желтоқсан күні тәуелсіз Қазақ елінде алғашқы президенттік сайлау өтіп, онда Нұрсұлтан Назарбаев халықтың зор сенімімен, яғни сайлаушылардың 98,78 пайыз дауысымен жеңіске жеткен еді. Әлем көшбасшыларымен тығыз қарым-қатынас орната білген, саяси салиқалы саясатымен Қазақстанды әлемге әйгілі ете білген тұңғыш елбасымыздың елеулі еңбегі зор.