• Blog news

EkoLife командасы «Тазалығы кубогы студенттік лига» сайысынан екінші жыл қатарынан 1-ШІ ОРЫН АЛДЫ

EkoLife командасы «Тазалығы кубогы студенттік лига» сайысынан екінші жыл қатарынан 1-ШІ ОРЫН АЛДЫ26 қазанда «Жастар» спорт кешенінде жыл сайынғы қалалық турнир «Тазалығы кубогы студенттік лига» сайысы өтті. Екінші жыл қатарынан EkoLife командасы 1-ші орын алды. Турнирға қаланың жоғары оқу орындарынан 9 команда 90 адам қатысты.

Тәжірибелік қызметкер шақыру

Тәжірибелік қызметкер шақыру21.10.2016 жылы сағ 12:10-да 307 б аудиториясында Мн-31, Мн-42, Мн-32с, Ф-32с топтарында «Жобаларды басқару» және «Басқару шешімдерін қабылдау әдістері» пәнінен тәжірбие орынынан қызметкердің қатысуымен тәжірбиелік сабақ жүргізілді. Сабақты «Экономика және менеджмент» кафедрасының PhD., аға оқытушысы Омарова Айнур Тояковна және «МК-Ломбард» ЖШС-нің филиалдары арасында басқару қызметін қадағалау және бақылау бөлімінің маманы Толеубаева Алия Джулдызовна жүргізді.

«Cosmonaut» қонақүй кешеніні базасында өткен тәжірибелік сабақ

«Cosmonaut» қонақүй кешеніні базасында өткен тәжірибелік сабақ 25-ші қазан 2016 ж. «Cosmonaut» қонақүй кешеніні базасында «Мейрамхана ісі және қонақүй бизнесі» және «Туризм» мамандықтарының 1-2 курс студенттерімен кафедра доценті Г.К.Замбинова жетекшілігімен тәжірибе сабағы өтті.
Кәсіпорынның жұмысы мен қызмет көрсету ерекшеліктері туралы баяндаған:
Осипов Федор Александрович»директоры
Иван Маврояниди - "Жулдыз"мейрамханасының бас-аспазшысы
Кешеннің басшысы студенттерді қарсы алып, сабақ барасында кәсіпорынның барлық қызмет түрлерімен таныстырды, қызметкерлерімен таныстырды, студенттерді қызықтырған сұрақтарын толық жауап берді.
Экскурсия аяқталған сон, Федор Александрович студенттерді Үлкен конференц-залына шақырды, онда студенттер сабақ барысында туындаған сұрақтарын қойып, дәрісті ары қарай тыңдады. Сабақ соңында студенттерге арнап шай-үстелі ұйымдастырылыпты, онда студенттерге мейрамхананың фирмалық тәтті-тоқаштарынының дәмін көрді.
Қонақүйдің басшылығы мен қызметтеркерлеріне осындай танымдық, қызықты сабақ ұйымдастырғандарына үлкен рахмет!

МЖБ Студенттік конференциясы

МЖБ Студенттік конференциясыАғымдағы жылдың 21 қазан күні сағат 14.00-15.00 аралығында 103 дәрісханада ЭТ және МЖБ кафедрасының ұйымдастыруымен Мемлекеттік жергілікті басқару мамандығының 1-4 курс студенттері арасында «ЖАСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚАБІЛЕТТІЛІКТЕРІ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ БОЛАШАҒЫ» атты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған студенттік конференция өтті.
Студенттік конференция мақсаты мен міндеттері:
- өзекті ғылыми мәселелерді шешуде студенттердің үлесін арттыру;
- конференциядағы ең үздік ғылыми-зерттеу жұмысын анықтап, ынталандыру жұмыстарын жүргізу;
- студенттер бойында ғылыми-зерттеу қабілеттері мен қызығушылықтарын арттыру.
Студенттік конференция жұмысына негізгі 10 үздік мақала іріктелініп қорғауға жіберілді. Жұмыс барысында құрылған әділ қазылар алқасы қорғалған мақалалар арасынан үздік үштікті анықтады. Олар: І орын – Асман Н. ГМУ-42 ғылыми жетекшісі- э.ғ.к., доцент З.Х. Жанбекова , ІІ орын – Қадырбай Е. ГМУ-32к ғылыми жетекшісі- экономика ғылымдарының магистрі Е.Б. Букатов, ІІІ оырн - Құнанбаев С. ГМУ-11к ғылыми жетекшісі- экономика ғылымдарының магистрі Х. Ертай. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды және олардың мақалалары алдағы уақытта университеттік студенттік конфеенция материалдар жинағына ұсынылатын болады.

Маркетинг және логистика кафедрасының «Ашық есік күні»

Маркетинг және логистика кафедрасының «Ашық есік күні»Маркетинг және логистика кафедрасы «Онкүндік» аясында, Қарағанды қаласының №5, № 76 және Шахтинск қаласының №1,5,16 мектеп оқушыларына арнап «Ашық есік күнін» өткізді. Оқушылар университет ішіне экскурсия жасап, «Маркетинг калейдоскопы» атты мерекелік шараға қатысты. Қонақ ретінде келген жұмыс беруші - кәсіпорын басшылары сөз алып, студенттер мен болашақ студенттерге біздің мамандықтардың еңбек нырығандағы сұранысы жоғары екенін, оқу орнын таңдағанда дұрыс таңдау жасау керектігін айтты. Кеш соңы мерекелік фуршетпен аяқталды

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL