• Blog news

Мемлекеттік билік тармақтары арасында билікті қайта бөлу мәселелері бойынша жас ғалымдар сайысы

Мемлекеттік билік тармақтары арасында билікті қайта бөлу мәселелері бойынша жас  ғалымдар сайысы Қазақстан Республикасы заңнама институты 2017 жылдың 6 және 17 ақпан аралығында мемлекеттік билік тармақтары арасында билікті қайта бөлу мәселелері бойынша жас ғалымдар сайысын өткізді.
Сайысқа Қазақ гуманитарлы-заң университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, сонымен қатар Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің студенттері қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің «Құқықтану» мамандығының 2 курс студенті Кузьменко Е. «На пороге конституционно-правовых преобразовании» (Ғылыми жетекші, з.ғ.к. Ау Т.И.) баяндамасымен 2 орынды иеленді.
1 место - Ильина Виктория Олеговна, Қазақ гуманитарлы-заң университетінің 1 курс магистранты;
3 место - Абдулла Арайлым Бехбергенқызы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің 3 курс студенті.

«Жастар діни экстремизмге қарсы»

«Жастар діни экстремизмге қарсы»2017 жылдың 1 наурызында «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы Е.Ж. Назаровтың жетекшілігімен МО-21к тобы «Маманданған елдің сыртқы саясаты мен дипломатиясы (Таяу Шығыс)» пәнінің және ҚР Президентінің халыққа жолдауының шеңберінде, «Жастар діни экстремизмге қарсы» студенттік-ғылыми жобаны іске асыру мақсатында дінтанушы, Қарағанды облысы әкімінің дін бойынша кеңесшісі, «Нұрлы білім» деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету Орталығы төрағасының орынбасары Сыздықов Рүстем Мәлікұлының дәрісіне қатысты.
Студенттер қазіргі таңдағы діни экстремизм мен терроризм туралы елдегі және әлемдегі жағдай жөнінде жан-жақты ақпарат алып, жобаға қатысты қажетті кеңестерде алды.

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні1 наурыз 2017 жылы есеп-қаржы факультетінің тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары мен студенттер Кеңесінің белсенді студенттері қаламыздың №2 қарттар мен мүгедектердің медициналық-әлеуметтік мекемесіне Алғыс айту күнімен құттықтау мақсатында кездесуге барды. Кездесу барысында асыл қазынамыз үлкендерге деген игі тілектер мен жылы лебіздер айтылып, ұйымдастырылған мерекелік дастархан жайылды.
Мекеме әкімшілігі университет басшылығына үлкен ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

«Палермо» мейрамхана базасында өткен тәжірибе сабағы

«Палермо»  мейрамхана базасында өткен тәжірибе сабағы28-ші ақпанда 2017 ж. РД-21.к, РД-23с\к, РД-13с\к және Тур-31к топтарының студенттерімен «Палермо» мейрамханасы базасында «Туризм инфрақұрылымы» пәнінен «Тамақтану базасы» тақырыбында және «Мейрамхана-қонақүй сервисі мәдениеті» пәнінен «Мейрамхана және қонақүй бизнесіндегі қызмет көрсету негіздері» тақырыбы бойынша тәжірибе сабағы өтті. Бұл кәсіпорындар мен ондағы қызмет көрсетуші персоналдардың жұмыс ерекшеліктері туралы мейрамхана басқарушысы Жибак Зарина айтып берді.

«Экологиялық білім экологиялық мәдениет негізі ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

«Экологиялық білім экологиялық мәдениет негізі ретінде» тақырыбында дөңгелек үстел өтті28 ақпанда «Экология және бағалау» кафедрасы «Экологиялық білім экологиялық мәдениет негізі ретінде» мемлекет басшысының жолдауына арналған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы- жахандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында дөңгелек үстел өткізіліп келесі қонақтар шақырылды: РМБ «Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Қарағанды облысы бойынша экология департаменті» - Ибраева Маруа Базилкаримовна; КМҚК «жас натуралистер станциясы»-Мусатаева Айсұлу Болатбекқызы; КМҚК «жас натуралистер станциясы»-Олишевец Надежда Константиновна; Қоғамдық бірлестік «Экомұражай» - Сәдыбек Нұрболат Талғатұлы; Қоғамдық бірлестік «Экообраз» - Плискачева Елена Михайловна

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL