• Blog news

«Іскер ортадағы кроссмәдени менеджмент» платиналық дәріс

«Іскер ортадағы кроссмәдени менеджмент» платиналық дәріс23.02.2017 ж. ӘЭ мен ХҚ кафедрасы «Әлемдік экономика» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының студенттеріне платиналық дәріс өткізді. «Іскер ортадағы кроссмәдени менеджмент» тақырыбындағы дәрісті Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасының жобалар басқармасының бастығы Кульмагамбетова Ж.Ж. оқыды.
Кроссмәдени менеджмент шетел компаниялары, фирмалары және кәсіпорындарымен іскерлік байланыс орнатуда өте жоғары маңыздылыққа ие.

«Биология білгірі-2017»

111 ақпанда Қарағанды экономикалық университетінің «Экология және бағалау» кафедрасы биология пәні бойынша «Биология білгірі - 2017» атты олимпиада өткізілді. Олимпиадаға Қарағанды қаласының 125-ке жуық мектеп оқушылары қатысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған жеңімпаздар:
1 орын – Алпысбаева Илана 11 кл – КГУ ОШ №1 Сарань
2 орын – Карпушина Алина 10 кл – СОШ №48
2 орын – Рахман Әлішер 11 кл – ОКШДС №77
3 орын – Олжабаев Аслан 11кл – ОКШИДС №68
3 орын – Токина Сабина 11 кл – ОКШИДС №77
10 наурызда «Экология және бағалау» кафедрасы жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттайды.

Салық кодексіндегі өзгерістерті түсіндіру туралы кездесу

Салық кодексіндегі өзгерістерті түсіндіру туралы кездесу2017 жылдың 21 қаңтарында Есеп-қаржы факультетінің деканаты «Қаржы, салық салу және сақтандыру» кафедрасымен бірлесе отырып университеттің студенттеріне Қазақстан Республикасының Салық Кодексіндегі өзгерістер мен толықтырулар туралы семинар өткізілді.Семинарды Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Таханов А.Б. Елбасының биылғы Жолдауының кәсіпкерлер үшін жасалынған салықтық жеңілдіктер және өзгерістер туралы атап өтті.

Қытай жаңа жылы

Қытай жаңа жылы2017 жылдың ақпан айының 15 күні экономика және басқару факультетінің шетел және орыс тілдері кафедрасының ұйымдастыруымен қытай күнтізбесі бойынша болатын Жаңа жыл мерекесі атап өтілді. Мерекеге «Халықаралық қатынастар» мен «Халықаралық экономика» мамандықтарының оқытушылары мен студенттері шақырылды. Мерекелік бағдарлама екпінді және қызықты өтті. МО-21к, МО-22, МО-23, МО-32 және МО-33к топтарының студенттері көрермендерді қытай тілінде салынған әнмен тамсандырды, қонақтар қытай халық билерін тамашалады, жаңа жылдық қытай тағамдарымен танысты. Сонымен қатар келген қонақтармен қытай халқының Жаңа жылдық әдеп-ғұрыптары жайлы білімдерін тексеретін сұрақ-жауап ойыны өткізілді.

Ашық есік куні

Ашық есік куні2017 жылдың ақпан айының 10 күні шетел және орыс тілдері кафедрасы мен Қазақ тілі және Қазақстан мәдениеті кафедрасы Қарағанды қаласы гимназияларының, мектептерінің, лицейлерінің оқушылары және колледж түлектері үшін экономика және басқару факультетінің мамандықтарының Ашық есік кунін өткізді. Аталған шараға № 77 және № 68 орта мектеп оқушылары мен «Лингва» колледжінің түлектері қатысты. Шақырылған қонақтарға ЖОО түсудің жаңа ережелері жайлы, АКТ өткізілуі және факультет мамандықтары туралы толық акарат берілді. Университет бойынша жасалған экскурсия барысында қонақтар ҚҚЭУ-нің барлық жетістіктерімен танысты.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL