• Blog news

Интерактивті дәріс «Діни экстремизмнің алдын алудың инновациялық әдістері»

Интерактивті дәріс «Діни экстремизмнің алдын алудың инновациялық әдістері»

15.03.17 ж. «Экология және бағалау» кафедрасы Мемлекет басшысының жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы - жахандық бәсекеге қабілеттілік» арналған «Экология» және «бағалау» мамандықтарының студенттері мен қызметкерлеріне өзін-өзі реттеу маманы, психолог Смағұлов Төлеген Мұратұлы «Діни экстремизмнің алдын алудың инновациялық әдістері» тақырыбында интерактивті дәріс өткізді. Қазіргі заманғы ойды қалыптастырып, «нөлдік» төзімділік діни экстремизмнің өзекті мәселелеріне пікірталас өтті.

«Адам капиталының сапасын арттыру: проблемалары мен перспективалары» дебат турнирі

«Адам капиталының сапасын арттыру: проблемалары мен перспективалары» дебат турнирі15.03.2017ж Қазтұтынуодағы Қарағанды эконимикалық университетінде тауартану және сертификаттау кафедрасының ұйымдастыруымен Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауы аясында «Адам капиталының сапасын арттыру: проблемалары мен перспективалары» тақырыбында дебат турнирін өткізді. Дебатқа университеттің 1және 2 курс студенттері қатысты. Қатысушылар «Үздік спикер», «Үздік төреші», «Үздік талпыныс», І, ІІ, ІІІ орындарға ие болды.

Дөңгелек үстел: «Кәмелет жасқа толмаған балаларға қатысты ата-аналардың алименттік міндеттемелерді орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі»

Дөңгелек үстел: «Кәмелет жасқа толмаған балаларға қатысты ата-аналардың алименттік міндеттемелерді орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі»2017 жылдың 14 наурызында Жалпықұқықтық және арнайы пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Кәмелет жасқа толмаған балаларға қатысты ата-аналардың алименттік міндеттемелерді орындамағаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Оның жұмысына Қарағанды қаласы Қазыбек би атыдағы аудан прокурорының көмекшісі Назарбеков С.Т., Қазақстан мұсылман діни басқармасы Республикалық діни бірлестігі филиалының имамы Абильдаев Б.Қ., «Приход Введенского Кафедрального Собора» жергілікті православті діни бірлестік протоиерейі Михаил Патрикеев, Қарағанды қаласы Оңтүстік-шығыс аумақтық сот актілерін орындау бөлімінің аға сот орындаушысы Саттыбаева Г.Г. және ҚҚЭУ «Құқықтану» мамандығының студенттері қатысты. Дөңгелек стол барысында тәжірибелік қызметкерлерге сұрақтар қойылып, аталған мәселе төңірегінде қызу пікірталас жүргізілді.

Джиу-джитсу бойынша халықаралық турнирдегі студенттеріміздің жеңісімен құттықтаймыз!

Джиу-джитсу бойынша халықаралық турнирдегі студенттеріміздің жеңісімен құттықтаймыз!

2017 жылдың 26 мен 28 ақпаны аралығында Ресей Федерациясының Томск қаласының Мемлекеттік университетінде джиу-джитсудан «Оныншы Халықаралық ашық жарысы» өтті. Есеп-қаржы факультетінің УА-21қ тобының студенті Тұрдыбеков Бауыржан мен Ф-21с/қ тобының студенті Омар Ислам біздің университеттің намысын қорғап, Бауыржан 1 жүлдеге, ал Ислам 4 жүлдеге ие болып, жеңіспен оралды.

«Наурыз мейрамы»

«Наурыз мейрамы» 18 наурыз 2017 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің барлық ұстаздарын, қызметкерлері мен студенттерін «Наурыз мейрамы» мерекесін тойлауға шақырамыз. Мерекені тойлау университет алаңында сағат 10:00 де басталады, ол жерде іші толық қамтылған қазақ халқының киіз үйі құрылатын болады. Ұйымдастырушылар «Наурыз келді көңілді ...» атты әсерлі әрі көркем бағдарламасын құрды. Бағдарлама барысында ұлттық өнер мен салт дәстүрдің барлық түрлері көрсетіледі. Қазақ халқының дәстүріндегі бүркітпен және тазы иттерімен аңға шығу мәдениетімен танысасыздар.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL