Бизнес және құқық факультеті 18.02. 2017 жылы «Ашық есік күні» өтткізді. Іс шараға Қарағанды қаласының мектептерінің бітіруші түлектері шақырылды. Факультет кафедралары өз мамандықтарын таныстырып, келген қонақтарға практикалық тапсырмалар дайындалып, берілді. Қонақтар барлық сайыстар мен ойындарға бар қызығушылығымен қатысты. Экскурсия уақытында мектеп оқушылары өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Мектеп оқушыларына іс шараның аяқталу сәтінде әр түрлі қызықты шоу бағдарламадар өткізілді.
Есеп-Қаржы факультеті 2017 жылдың 10 ақпанында Ресурстық орталық Аdobe connect бағдарламасының мүмкіндігімен Бұхар-Жырау ауданының Ростовка Жалпы білім беретін мектебінің 10 және 11 сынып оқушыларымен кәсіптік бағдарлық жұмысты онлайын кездесу арқылы өткізді. Кездесуге факультет деканы, декан орынбасары, кафедра меңгерушілері, профессорлық оқытушылық құрам және белсенді студенттер қатысты. Кездесу барысында университет мамандықтары айтылып, жоғарғы оқу орнын бітірген соң жұмысқа орналасу мүмкіндіг туралы айтылып өтті. Оқушылырды білім жүйесіне қандай өзгерістер енгізілгені, қандай таңдау пәнін таңдау керектігі, грант алу немесе оқу ақысын төлеу кезінде қалай жеңілдіктер алуға болатыны туралы сұрақтар қызықтырды. Осындай кездесулер болашақта жоспарлануда.
Бизнес және құқық факультеті 2017 жылдың 18 ақпан айында қала мектептерінің түлектеріне «Ашық есік күнін» өткізеді. Іс-шара қатысушылары үшін рөлдік ойындар мен тапсырмалар, факультет мамандықтармен таныстыруы, кафедраларға экскурсия жоспарланған
08.02.2017ж. есеп-қаржы факультетінің тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары Л.К. Мусипова Стратегиялық даму департаментінің маманы Г.С. Отыншинамен бірлесе отырып кураторларға топтағы студенттердің психологиялық жағдайын сақтап, нығайтудағы жұмысы туралы «Развитие рефлексивного сознания кураторов с целью сохранения и укрепления психологического здоровья студентов» тақырыбына семинар-тренингы өткізілді. Семинар-тренинг кураторларға ойын түрінде өткізіліп, әртүрлі тапсырмаларды орындап, нәтижесін қорытындылаумен ерекшеленді. Кураторлар өткізілген тренингтен алдағы уақытта студенттерімен тәрбие жұмысына қажетті дүниелермен танысып, сапалы кеңестерге ие болды.
2017 жылдың қаңтарында ҚҚЭУ Көптілді білім беру орталығында академиялық ұтқырлық шеңберінде МАРА университетінен (Малайзия) келген студенттер үшін «Қазақ тілі және қазақ мәдениеті» курсы ұйымдастырылды. Курстың мақсаты: мемлекеттік тілді дамыту және қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрімен таныстыру. Курс соңында студенттерге сертификат берілді.