• Blog news

Маркетологтар клубының ІІІ-ші кездесуі аясындағы «IT-технологиясы арқылы тұтынушылардың бейілділігі»

Маркетологтар клубының ІІІ-ші кездесуі аясындағы «IT-технологиясы арқылы тұтынушылардың бейілділігі»2017 жылдың 21-ші қырқүйегінде Қарағанды облысының кәсіпкерлер палатасында маркетологтар Клубының ІІІ кездесуі аясында «IT-технологиясы арқылы тұтынушылардың бейілділігі» тақырыбында семинар өтті. Семинар жұмысына «Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар» кафедрасының э.ғ.к., доценті М.И. Арыстан қатысты.
Онда келесідей мәселелер қарастырылды: маркетингтің қазіргі кездегі үрдісі, тұтынушылық базамен байланыс және өзара әрекеттесуді орнатудың негіздері, тұтынушыларды келтірудің шығындарын оңтайландыру, қазіргі тұтынушының «бейнесі», бизнестегі бейілділік жүйесінің рөлі және оның тиімділігін қамтамасыз ету, Қарағанды қаласының кәсіпкерлерінің тәжірибесі, бизнестің нақты түріне шығармашылық маркетингтік шешімдер.
Қарағанды қ. білікті кәсіпкерлері IT-технологияның кәсіби мамандарының бизнестегі бейімділігі мен маркетингттік инновацияның құралдардың пайдаланудағы тәжирибелерімен алмасты.
Бұл семинар іскерлік құрылымдардың өкілдері үшін де, Қарағанды қаласының ЖОО-ның ғылыми және педагогикалық қызметкерлері үшін де үлкен танымдық қызығушылықты көрсетті.

ECOLIFE КОМАНДАСЫ «ТАЗАЛЫҚ КУБОГІ: СТУДЕНТТІК ЛИГА» ҚАЛАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ҮШІНШІ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН АЛҒАНЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

ECOLIFE КОМАНДАСЫ  «ТАЗАЛЫҚ КУБОГІ: СТУДЕНТТІК ЛИГА» ҚАЛАЛЫҚ ТУРНИРДЕ ҮШІНШІ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН ЖҮЛДЕЛІ ОРЫН АЛҒАНЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! 22 қыркүйекте Қарағанды қаласының Орталық мәдениет және демалыс саябағында жыл сайынғы «Таза тазалық кубогы: студенттік лига» атты қалалық турнир өтті, онда «Эколайф» командасы екінші орынды иеленді. Турнирге университеттің 12 командасы 90 адам қатысты.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»ӘЖ және ӘСП кафедрасының оқытушылары: т.ғ.д., профессор К.Ж. Абилов, п.ғ.к., доцент М.К. Абдакимова, доцент С.М. Адамбекова, PhD доктор, оқытушы М.М. Манасова, магистр., оқытушы Б.Р. Бекмухамбетова, оқытушы Г.Н. Тусупова 2017 жылдың қыркүйек айының 11 мен 19 аралығында ҚР Елбасы Н.А. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Бағдарламалық мақаласынның талаптарын талқылау мен түсіндіру бойынша университеттің барлық мамандықтарының студенттерімен дөңгелек үстелдермен кездесулер өткізді.
Кездесулер барысында іс-шараға қатысушылар тарапынан ҚР Елбасы ұсынған әлеуметтік жобалармен қоғамдық сананы модернизациялаудың негізгі бағыттары мен талаптары талқыланды:
- «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру»
- «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»
- «Туған жер»
- «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары»
- «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет»
- «Қазақстандағы 100 жаңа есім»

ҚЭУ-дегі «Денсаулық фестивалі - 2017»

ҚЭУ-дегі «Денсаулық фестивалі - 2017»2017 жылғы 9 қыркүйекте Қазтұтынуодағы Қарағанды экономиқалық университетінің спорттық-сауықтыру кешенінде «Денсаулық фестивалі» өтті және фестиваль өткен уақытта әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Университет пен колледждің студенттері теннистен, футболдан, волейболдан, баскетболдан жарыстарға белсене қатысты, жаңартылған спорт залда жаттығулар жасады. Осы фестиваль кезінде оларға «Дене тәрбиесі» кафедрасының тәжірибелі оқытушылары көмектесті.

Білім күнін

Білім күнінҚұрметті бірінші курс студенттері!
Біз сіздерді 2017 жылдың 2 қыркүйегінде сағат 10.00-де Студенттер мәдениет сарайында өтетін «Білім күнін» мерекелеуге арналған салтанатты жиналыста күтеміз.
Сіздерді ҚЭУ студенттік ұйымдарының мүшелері - факультеттердің белсенділері қарсы алады.

3D тур КЭУ
Антиплагиат
Erasmus
TIL