Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чезар Маноле Армян мырза бастаған румын делегациясының іс-сапары
2017 жылы 24 тамызда Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чезар Маноле Армяну мырза басшылығымен ықтимал ынтымақтастық жобаларын талқылау мақсатында румыниялық делегацияның іс-сапары өтті. Делегация құрамында Румынияның Қазақстандағы Елшілігінің сауда және экономикалық мәселелер жөніндегі бірінші хатшысы Николае Павалука, «Спиру Харет» университетінің зерттеу және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Рамона Михайла-Штефанеску, Ush Pro Business кластерінің өкілдері Костина Лиана және Кристина Илие, Хевеко компания өкілдері Костин мен Габриела Трандафир және ЭКСПО-2017 көрмесіндегі румындық павильонның директоры Кристиан Куташ болды. Кездесу қорытындысы бойынша одан әрі ынтымақтастық бағыттары мен тәжірибе алмасуды жылғастыру туралы келісімдерге қол жеткізілді және Қарағанды экономикалық университеті мен «Спиру Харет» университеті арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.


2017 ж. 19 мен 30 маусым аралығында Қарағанды экономикалық университетіне «Еуропалық интеграция процесінің контексінде аймақтық басқару, аймақтық саясат және Чех Республикасында әлеуметтік-экономикалық қайта құру» атты лекциясын Прага экономикалық университетінің қауымдастырылған профессоры Мартин Пелуха жүргізеді.
Сент Иштван университеті (Венгрия) профессоры, докторы Ласло Вас 2017 жылдың 29 маусым мен 1 шілде аралығында Қарағанды экономикалық университетінде «АӨК әлеуметтік инфрақұрылым: теориясы, практикасы және келешегі» атты дәріс оқиды.


